kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
13/4/2017

Мұғалжарда 450 адам теріс ағымды ұстанады

Мұғалжар ауданында 450 адам жат ағымның жетегінде жүр. Олардың арасында отбасымен адасып жүргендер де бар. Бұл жөнінде аудан әкімі Ербол Данағұлов “Ақтөбе-ақпарат” орталығында өткен баспасөз конференциясы кезінде айтты.

13/4/2017

Ақтөбелік сәби тышқан улайтын дәрі жеп қойған

Ақтөбеде бір жастағы бала уланды. Бала тышқан улайтын дәріні жеп қойған. Бұл туралы жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева хабарлады.

13/4/2017

Әйтеке би ауданының бұрынғы бас имамы жоғалып кетті

Аудандық мешіттің 42 жастағы бұрынғы қызметкері 4 сәуір күні сағат күндізгі 12-00де үйінен шығып кеткен. Содан бері шаңырағына оралмаған. Бұрынғы діни қызметкердің әйелі күйеуінің іс-түзсіз кеткені туралы полицияға шағым түсірді.

13/4/2017

Ақтөбелік кәсіпкерлерді негізсіз тексеру жиілеп кетті

Өзге өңірлерден гөрі Ақтөбе облысында кәсіпкерлер тексеріске жиі ұшырайды. Заңсыз тексеріс жүргізген мемлекеттік органдар жауапқа тартылды. Осындай тексерістер кезінде ақтөбелік алты кәсіпкер 340 миллион теңгесінен қағылды.

13/4/2017

“Газға қатысты тергеу әділетсіз жүрді”

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы газға қатысты тергеуді әділетсіз деп санайды. Сондай-ақ, “Рамазан” мен "Ақтөбе-Нанның" жауапқа тартылуын орынсыз деп есептейді.

13/4/2017

Ақтөбеде су етіктің саудасы қызып тұр

Ақтөбенің базарларында су етіктің саудасы жүріп тұр. Әсіресе оқушыларға арналған су етіктердің қазір тіпті өлшемдері де қалмапты. Су етіктердің бағалары да күрт өсіп кеткен.

13/4/2017

Облыстық ақындар айтысы өтеді

Ақтөбе облысының Алға ауданында облыстық ақындар айтысы өтеді. Дәстүрлі шара 21 сәуірге жоспарланған.

13/4/2017

Ақтөбеде интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Ақтөбелік полицейлер облыс тұрғындарына интернет –алаяқтардан сақ болуды ескертеді. Өйткені қазір жеке тұлғалардың карточкалық шоттарынан қаржы ұрлаушылар көбейген.



^ Үстіге