kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
23/6/2017

Әдепсіз суреттері үшін ақтөбелік шенеуніктер сөгіс алды

Ақтөбе облысында әлеуметтік желіге әдепсіз суреттерін жариялаған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жазаға тартылды. Олар қызметтеріне лайықсыз, той–томалақ пен демалыста түскен өрескел суреттері үшін сөгіс алды.

23/6/2017

Ақтөбеде мемлекеттік айып тұрақ жоқ

Ақтөбеде әкімшілік құқық бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын коммуналдық автотұрақ жоқ. Борышкерлердің көлігі жекеменшік тұраққа қойылып жатыр. Тиісінше, түскен қаражат мемлекеттің қазынасына емес, жекенің қалтасына құйылуда.

23/6/2017

Түрмеде таяқ жеген сотталушы оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбедегі 168/3 түзету мекемесіне қатысты дау шықты. Түрме қызметкерлері сотталушының басын қабырғаға ұрып, оның қолдарын камераның есіктеріне байлап қойған.

23/6/2017

Ақтөбеде мүгедек жан 10 жылдан бері үйін заңдастыра алмай жүр

Ақтөбе облысының Комсомол селосында тұратын 2 топ мүгедегі 10 жылдан бері баспанасын заңдастыра алмай жүр. Өтеген Ибраев қолында үйінің заңды құжаты болмағандықтан, ауылға кіріп тұрған газды да кіргізе алмай отыр. Жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырып шаршаған ол “Керек info”газетіне хат жолдап, мұңын шақты.

23/6/2017

Жергілікті полицияның жаңа бастығы тағайындалды

Ақтөбенің жергілікті полиция қызметіне жаңа бастық тағайындалды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 10-шы сессиясында мәлім болды.

23/6/2017

Ақтөбе облысында шегіртке шабуылы басталды

Байғанин мен Ойыл аудандарында шегіртке шектен тыс көбейіп кеткен. Бір емес, бірнеше рет уласа да, дала жебірінің саны азаяр емес.

23/6/2017

Полицейлер қан тапсырды

Қазақстан тәртіп сақшыларына биыл 25 жыл толады. Осыған орай, ақтөбелік полицейлер қан орталығына 25 литр қан тапсырды. Топ болып келген тәртіп сақшыларының әрқайсысынан 450 грамнан қан алынды.



^ Үстіге