Екі бірдей ауданнан шаруа қожалықтарын ашқан Сәкен Нұртайұлы еңбекті бағалайтындардың қатарынан. Ол Ырғыз ауданында мал өсірумен айналысса, Алға ауданында жылқы бордақылап, нарыққа шығарады. Тіпті қол астындағы жұмысшыларының еңбегі көңілінен шықса, оларға үй алып беруді әдетке айналдырған.
Ақтөбеде мерекелік флешмоб өтті
Ақтөбеде оқушылар арасында мерекелік флешмоб өткізілді. Ауқымды шара қаланың 150 жылдық мерейтойына арналған.
Ақтөбеде «перғауындар» шайқасты
Ақтөбеде алғаш рет Владимир Дворкович атындағы кубок өтті. Еуропа, Америка, Азия мен Африкадан келген жасөспірімдердің үздік командалары Кубок пен $16 000 жүлде қоры үшін таласты. Жарысқа Армения, Үндістан, Қытай, Беларусь, Иран, Канада, Алжир, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінің 17 жасқа дейінгі қырық шахматшысы бақ сынады.
"Керек.info" газеті аудандардағы 5-11 класс оқушылары арасында жас тілшілерге кастинг жариялайды. Сіздің ауданның, алыс ауылдардың оқушыларын кастингке қатысуға шақырамыз.
Пошта қызметкері алимент төлеушілердің ақшасын ұрлаған
Ақтөбедегі “Қазпошта” операторы ақша аудару кезінде 6 бірдей алимент төлеушінің 400 мың теңгеден астам қаражатын жымқырған. Пошта қызметкерінің жымысқы әрекетін Алматы аудандық прокуратурасы әшкереледі.
Хромтауда заңсыз намазхана ашқан
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында вокзал басшысы рұқсатсыз намазхана ашқан. Бұл жөнінде облыстық дін істер басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев айтты.
Ақтөбеліктерді митинке шақырған адам қамауға алынды
Ақтөбеде қала тұрғындарын заңсыз митингке шақырған ер адам ұсталды. Сот 42 жастағы белсенді Дулат Ағаділді 15 тәулікке қамауға қаулы шығарды.
Облыс әкімі мен қала басшысы ақтөбеліктерді алаңдатқан бірқатар мәселелерді шешуге тырысты. Екі әкім журналистер мінген көлікке жайғасып, халықтың наразылығын тудырған қоқыс орындарын аралады. Оңдасын Оразалиннің айтуынша, барлық мәселенің шешімі болады.
Ақтөбеде ашынған үлескерлер шу шығарды
Ақтөбеде 70-тен астам адам “West hоuse” тұтынушылар кооперативіне алданып қалды. Несие алып, пәтер алмақ болған үлескерлер 27 жастағы келіншекке сеніп, бар жиған-тергендерінен айырылып қалған.
Қызметтер ым-ишарат тілінде көрсетіледі
Бұдан былай есту қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтер ым тілінде көрсетіледі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.