«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» оқушыларға сабақ өткізді

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе облыстық филиалының мамандары Мәртөк ауданының мектеп оқушылары арасында ойын түріндегі Жинақтау сабағын өткізді. №4 мектебінің орта буын оқушылары қатысқан шара «Жинақтау сабағы» деп аталды.
    Ойын ережесіне сай, балалар «Тұтынуш» және «Жинақтау» атты 2 топқа бөлінді. Әр топқа 1 000 000 теңге сертификаты беріліп, сол қаражатқа той жасау міндеті қойылды. «Тұтынушы» тобы өз қаражатының үстіне екінші деңгейлі банктен 2 000 000 теңге несие алып, 3 жыл бойы 75 000 теңгеден қарызын қайтаратын болды, ал «Жинақтаушы» тобы тойын 1 000 000 теңгеге өткізіп, алдағы 3 жыл бойы ай сайын 75 000 теңгеден Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтады.

    Нәтижесінде «Тұтынушы» тобы артық төлем жасап, қарыздан 3 жылдан соң құтылды, ал «Жинақтаушы» тобы 3 жылда қомақты қаражат жинап, «Нұрлы жер» бағдарламасымен баспаналы болды.
     «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» оқушыларға сабақ өткізді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» оқушыларға сабақ өткізді
    Екі топ шыққан шығындарын есептеп, ақшаны үнемдеу керек екенін және депозит ашып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақша жинақтаған тиімді деген шешімге келді.

    Сабақ барысында ұлттық валюта және банк туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар мектеп ішінде «идеялар қобдишасы» қойылды. Бір апта көлемінде мектеп оқушылары ақшаны қалай тиімді жинақтауға болатыны туралы өз ойларын сол қобдишаға салулары керек. Ең қызықты жазылған 3 ұсынысқа банк тарапынан естелік сыйлық тағайындалған. Бұл шара Дүниежүзілік жинақ күніне орай ұйымдастырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Пәтер алу үшін 3000 ақтөбелік несие алған
  • Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі – baspana.kz
  • “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” депозит ашу тегін
  • "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша ақтөбеліктер баспаналы болады
  • Ақтөбеде “Өз үйім” бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй салынып жатыр
  • Ақтөбеде 32 мың салымшы өтемақы алады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге