Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

    17 қыркүйек күні Ақтөбеде “Тілдарын” атты полиглоттар форумы өтті. Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңындағы шараға көп тілді меңгерген жас-тар қатысты.

    Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында облыс аумағында мемлекеттік тілді ұлықтап, өзге тілдерді үйренуді насихаттайтын іс-шаралар көп өтті. Ал “Тілдарын” атты полиглоттар форумы сол шаралардың қорытындысы іспеттес әрі ең ауқымдысы болды.
    Шара барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге ат салысып келе жатқан азаматтарды Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

    Форумда сахнаға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын “Нұрсәт” балабақшасының тәрбиеленушісі бес жастағы Алдияр Оспанов шықты. Балақай жас ерекшелігіне қарамастан үш тілді жетік меңгерген екен: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еш қиналмастан сайрап тұр. Алдиярға тіл жанашырлары қуана қол соқты.
    Сонымен қатар форумда кемінде үш тілді жетік меңгерген қала тұрғындары да сөз алып, жастарды қазақ тілімен қоса өзге халықтың да тілдерін меңгеруге шақырды. Олардың арасында қазақ тілін үйренуге ынта білдіріп жүрген шетелдік азаматтар да болды. Соның бірі - Назарбаев мектебіндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары Нэйтон Лоулер:
    - Мен Америка Құрама Штаттарынан бес жыл бұрын көшіп келдім. Біріншіден, мен Қазақстанды жақсы көремін. Неге десеңіз, қазақ елінде көп ұлт бейбіт өмір сүріп жатыр. Біздер қара, ақ немесе сары болсақ та араздығымыз жоқ, тату тәтті тұрамыз. Назарбаев зияткерлік мектебіне келгендегі мақсатымыз – білім беру. Біз білімді үш тілде береміз. Алайда мен қазақ тілі туралы айтқым келеді. Мен шетелдік болғандықтан қазақша сөйлегеніме адамдар таңғалады. Бірақ мемлекеттік тілді естігенде адам таңғалмауы тиіс. Қазақстанда тұратын барлық адам қазақ тілін білуге міндетті! Мен мүмкіндік болғанда қазақша сөйлегім кеп тұрады. Қазақ тілі маған көп мүмкіндік берді. Мысалы, осы тіл арқылы қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін үйрендім. Адамдармен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым. Менің аңғаруымша, қазақ халқы өте қонақжай. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, болашағымыз қазақ тілінде. Бұл сөздермен келіспеу мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік тілді әрі қарай оқып, меңгеруді жалғастыра беремін.

    Нэйтон Лоулердің әзір қазақ елінен қоныс аудармақ ойы жоқ. Жұбайы да қазақ қызы. “Қазақтың қызына үйленемін дегенде ата-атамның қуанышында шек болған жоқ. Өйткені, әкем Айзек афро-американдық, ал анам Мэриэм Ирландиядан шыққан. Сондықтан мұндай полиэтникалық отбасы құруыма олар бөгет болған жоқ”, - дейді Нэйтон Лоулер “Керек.info” тілшісіне берген сұқбатында.

    Сахнаға шыққан тағы бір азамат оңтүстік кореялық Симон Шон да Нэйтон секілді қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін білдірді. Қазақ еліне осыдан жеті жыл бұрын келген ол қазір Ақтөбе қаласының тұрғыны.
    - Алғашында қазақ халқы туралы ештеңе білмеген едім. Бірақ қазір емін-еркін сөйлеп, сіздермен қарым-қатынас жасауға қол жеткізіп отырмын. Мен қазір С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде қазақ балаларына корей тілін оқытып жүрмін. Қазақстанға алғаш рет келгенде қатты таңғалдым. Бұл жердің кей азаматтары мемлекеттік тілді түсінбейді екен. Ыңғайы келсе, орысша сөйлегісі кеп тұрады. Сол себепті қай тілді үйрену керектігі туралы әрі ойландым, бері ойландым. Алайда, Оңтүстік Африканың президенті Нельсон Мандело былай деген: «Егер сіз сөйлесіп тұрған адамның түсінікті тілінде онымен сөйлессеңіз, онда сіз оның санасымен тілдесесіз. Егер сіз сөйлесіп тұрған адамның ана тілінде онымен сөйлессеңіз, онда оның жүрегімен тілдесесіз». Сондықтан, мен қазақ тілін үйренуге бел будым.

    Нэйтон де, Симон Шон да шетелдіктерге қазақ тілін үйренудің түк қиындығы жоқтығын айтты. «Ең бастысы – бұл ынта мен еңбек қажет», - дейді шетел азаматтары.
    Қазіргі таңда көп тілді білу қоғам мүшесінің бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір көрінісі. Осы түсінік қоғамда кеңінен тарап, оң нәтиже де бере бастады. Ақтөбеде де жылдан-жылға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренушілер қатары көбеюде.
    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне келгенде бірінші кезекте қазақ тіліне үлкен мән береді. Алайда, Президенттің айтуынша, қазіргі бәсекелестік жоғары кезеңде қазақстандықтар бір тіл білумен шектелмеуі қажет. «Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі – көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек... Әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз»,-деп
    Н.Ә.Назарбаев үш тілді меңгеруге шақырған болатын.

    Бүгінгі күні облысымызда мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің үлесі 92,5 пайызды құраса, орыс тілін меңгергендердің үлесі 94 пайызға, ағылшын тілін меңгергендердің үлесі 25 пайызға жуық. Ал үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерін меңгергендердің үлесі 6 пайызды, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері 33 пайызды құрап отыр.

    Ақтөбе облысында қазақ тілін үйренемін деген азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Тіл үйрету курстары облыс орталығында және алты ауданда қолға алынған. Тілдерді оқыту орталығы құрылғалы бері 11 мыңнан астам адам мемлекеттік тілді, 864 адам ағылшын тілін, 95 адам орыс тілін оқыту курстарымен қамтылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақ тілін үйрететін мультфильмдер жинағы жарыққа шықты
  • Жастар қате жарнама иелерін ұялтпақ
  • Отан отбасынан басталады
  • Ассамблеяның XIX сессиясы өтті
  • БІЗ – БІРЛІКТІ САҚТАҒАН ЕЛМІЗ...
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге