Қарттар үйінің 6 тұрғыны тіс протезін сыйға алды

    Ақтөбедегі медициналық колледж ұжымы қарттар мен мүгедектер интернатының 6 тұрғынына тіс салып берді. Қарттар күні қарсаңында жасалған бұл сыйға интернат тұрғындары дән риза.

    Протез салып бермес бұрын Ақтөбе медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қарттардың тістерін емдеп, ауыз қуысындағы өзге де проблемаларды жойған.

    Медициналық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Тәжібаеваның айтуынша, бір протездің құны 20 мың теңгеден астам. Алты адамға тіс протезін салып беру үшін колледж ұжымы 120 мың теңге жұмсаған.

    -Өз ықтиярларымен көмек қолын созып, тіс салып берді. Қамкөңіл адамдар үшін ең алдымен ықылас қымбат. Мені қуантқаны сол болды. Оның үстіне тісім бүтінделіп, жасара түскендеймін,-дейді қарттар үйінің тұрғыны Ерболат Тұрсынбаев.

    Өздеріне жасалған қамқорлыққа риза болған қариялар ақ баталарын жаудырып жатты. Одан бөлек қарттар үйінің сахнасына шығып, ән де шырқады.
    “Аспанға қараймын” деп әндеткен интернат тұрғыны Болат Мұхановтың жасы 65-те. Интернатқа осыдан үш жыл бұрын түскен қария репертуарында 20-ға жуық ән бар екендігін айтады.

    -Асхат Тарғынов, Заттыбек Көпбосынұлының әндерін сүйіп тыңдаймын. Айтып та жүрмін. Ән салғаннан бөлек спортты да ұнатамын. Көзім нашар көреді. Соған қарамастан түрлі жаттығуларды жасаймын. Интернаттың күтімі жақсы. Бес мезгіл тамағымызды беріп, күн сайын денсаулығымызды тексеріп отырады,-дейді әнші ақсақал.

    Қариялар өздерін мерекелерімен құттықтай келген Ақтөбе медициналық колледжінің ұжымымен бұрыннан етене таныс екендерін айтады. Колледж бұған дейін жүйке ауруына шалдыққан қарттар үйінің
    5 тұрғынына невропсихологиялық денсаулық орталығында қамқорлық көрсеткен. Алдағы уақытта болашақ медбикелерді қарттарға күтім жасау үшін интернатқа жіберіп тұруға дайын.

    Колледж директорының орынбасары Самал Тәжібаеваның айтуынша, соңғы екі жылдан бері мүгедектермен жұмыс жақсы жолға қойылған. Зағип жандар аталмыш колледж қабырғасында арнайы білім алып, кәсіби массажшы болып шығады. Яғни, қосымша табыс тауып, материалдық жағдайларын жақсартуға мүмкіндіктері мол.
    Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер интернатында қазір 275 адам тұрып жатыр. Оларды мерекелерімен құттықтау үшін түрлі оқу орындары мен мекеме-кәсіпорын өкілдері 23 қыркүйектен ағылып келе бастаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Батагөй қарттар назарына!
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге