Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті

    Саяжайдағы үйшікке орнатылған АГВ жылыту жүйесін тексеруге келген маман күйіп қалды. Жарылыс кезінде одан бөлек тағы екі адам зардап шеккен.

    Төтенше оқиға 2 қазан күні “Кривое озеро” ауданына қарасты “АЗФ-6” бау–бақша ұжымында болған. 49 жастағы әйел саяжайына орнатқан газ құрылғыны іске қоспақ болады. Сол кезде газ бен ауа қоспасы жарылып, ас бөлменің қабырғасы мен төбесі құлап қалған.Жарылыс салдарынан үй иесі мен оның 38 жастағы көршісі зардап шекті. Денесін күйік шалғандардың қатарында “КазТрансГазАймақ” Ақтөбе өндірістік филиалының слесары да бар.

    - Төтенше оқиға жөніндегі қоңырау 13 сағат 18 минутта түсті. Жарылыс 10 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт өз күштерімен сөндірілген,-дейді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Атыраубаева.

    Қазір науқастар облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Травматология бөлімінің дәрігері Нұрлан Әбішевтің айтуынша, зардап шеккендердің беті бері қарап келеді.

    - Жағдайлары орташа.Үшеуінің де беті мен аяқ-қолдары күйген.Екінші және үшінші дәрежелі күйік жарақаттарын алған.Үйлеріне 2-3 аптадан соң шығарылуы мүмкін,- дейді ол.
    Жедел жәрдем ауруханасының 14-ші палатасында жатқан зардап шегуші үй иесі аты-жөнін айтудан бас тартты. Дегенмен, ол жарылысқа кінәлі адамдардың табылғандығын қалап отыр.
    - Бұған дейін жеке мекеме монтаждау жұмыстарын жүргізіп, газ берген. Сол күні біз көгілдір
    отынды қосып, тексермек болған едік. Тіпті не болғанын түсінбей қалдық. Абырой болғанда, балалардың бәрі жұмыста еді. “Көмектесемін” деп келген көршім мен газ мекемесінің маманы зардап шегіп отыр. Ас ішетін бөлмем мен үйімнің кіре берісі тас талқан болды. Өртті өз күшімізбен сөндірдік. Мамандар кімнің кінәлі екенін анықтап, шығынды өтетіп бергенін қалаймын,-дейді ол.

    “Керек.info” тілшісі мән-жайды анықтау үшін газбен қамтамасыз ететін компанияның ресми өкіліне де хабарласып көрген. “КазТрансГазАймақ” Ақтөбе өндірістік филиалының баспасөз хатшысы Аймырза Жаманқұлов бұл төтенше оқиға жөнінде әзірге мәлімет жоқтығын және қосымша ақпарат беретіндігін жеткізді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті
  • Жарылыстан екі адам зардап шекті
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге