Ауған соғысы ардагерлерінің қайырымдылығы

    Ақтөбеде ауған соғысының ардагерлері қайырымды-лық акциясын өткізді. Олар мүгедектер күніне орай 30 адамға су жаңа сырт киімді сыйға тартты.

    Ауған соғысы ардагерлерінен құрылған "Боевое братство" қоғамдық қоры қайырымдылық шараларын жиі өткізеді. Қайырымды жандардың қолдауына ие болатындардың қатарында әдетте жетімдер мен қарттар үйінің тәрбиеленушілері болатын. Бұл жолы олар мүгедек бала тәрбиелеп отырған 30 анаға күртеше сыйлады. Қайырымдылық көмекке ие болғандардың арасында 53 жастағы Қатимаш Сансызбаева да бар.
    - Өзім демікпемен ауыратын-дықтан, жұмыс істемеймін.Үшінші топтағы мүгедекпін.Бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын.Кіші балам да есту мен сөйлеу мүмкіндігінен айрылған.Біз сияқты жоқ-жітік адамдар үшін осындай қайырымдылық шараларының маңызы зор. Бүгін алған сырт киімді келініме бермекпін,-дейді ол.

    Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткен акция барысында сырт киімді болғандардың бірі- жалғызбасты ана Айсәуле Өмірбекова.Әлі күнге дейін әріп танымайтын әйел екі мүгедек бала асырап отыр.

    - Үш балам бар.Оның екеуі туғаннан мүгедек. Қаладағы №7 мектепке Кірпіштіден қатынап оқиды. Өмірде қайырымды жандардың бары қандай жақсы.Қамқорлықты сезінгенде өмірге деген құлшынысың артады. Енді үй берсе екен деп армандаймын,-дейді ол.

    "Боевое братство" қоғамдық қорының құрылтайшысы Гумир Галиевтің айтуынша, қазір Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 7 мыңға жуық адам бар. Олар әрдайым қайырымды жандардың назарында.

    - Біз мұндай қайырымдылық шарасын жыл сайын өткіземіз.Бүгінгі шараға келген аналардың барлығының балалары мүгедек.Мен олардың жағдайын жақсы түсінем.Өйткені, өзім де мүгедек бала тәрбиелеп отырмын. Олардың арқайсысына материалдық, моральдық тұрғыда қолдау көрсету керек. Жақында кәсіпкерлікпен айналысатын ауған соғысының ардагері Алтынбек Сүйіншалин оларға күздік аяқ киімдер табыс етеді, -дейді Гумир Галиев.

    Ауған соғысының ардагерлері таяуда Жайсаң мектеп-интернатының үйінің тәрбиеленушілерін де қуантпақ.Қайырымды жандар ақыл есі кем балаларға су жаңа сырт киімдерді сыйға тартамыз деп жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • АРДАГЕРЛЕРДІҢ АВТОШЕРУІ
  • Мүгедек әпкесі үшін бала ұрлаған студент сотталды
  • Тәжік-ауған шекарасында қаза болғандар еске алынды
  • Оқушылар қайырымдылық акциясын өткізді
  • Қайырымдылық концерті өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге