Қазақ хандығының тойына арналған автошеру өтті

    “Тарихты қастерлейді бүгінгі ұрпақ”. Дәл осындай атаумен Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған автошеру өтті.

    23 қазан күні физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының қатысуымен автошеру өткізілді. Ауқымды шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.
    Мақсат – өскелең жас ұрпақты Қазақстан тарихына терең үңілуге шақыру, патриоттық сезімге баулу.
    Мерейтойлық шеру Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңынан басталды. Салтанатты жиын аясында бата беріліп, шашу шашылды. Кейін 30-ға жуық автокөлік пен 6 автобустан тұратын шеру Сәңкібай батырдың ескерткішіне барды.“Жаса, Жаса, Қазақстан!” деген жалынды ұрандар айтылып, күй тартылды. Ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды. Оқушылардың айтуынша, Ақтөбедегі Назарбаев мектебі мұндай шараны алғашқы рет ұйымдастырып отыр.

    -Биыл барша қазақстандықтар Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр. Сол себепті біздің мектеп те кең ауқымды бұл шарадан тыс қалмайын деп шешті. Республикадағы Назарбаев мектептерінің арасында алғаш болып бұл идеяны жүзеге асырып отырмыз. Сабақта отансүйгіштік, туған жерді сүю секілді тақырыптар жиі қозғалады. Кураторлар түрлі тәрбие сағаттарын өткізеді. Дегенмен бұл бастаманың бізге берері мол,-дейді 10 “а” сыныбының оқушысы Айбар Шаймұханов.

    Қала көшелерімен сап түзеген автошеру Сәңкібай батырдан бөлек тағы төрт белгілі тарихи тұлғаның ескерткіштеріне ат басын бұрды. Олар – Мөңке би, Әйтеке би, Тілеу батыр мен Әбілқайыр ханның ескерткіштері. Оқушыларға ескерткіш жанында әр тұлғаның тарихтағы орны мен атқарған қызметі туралы қысқаша мәлімет берілді. Күннің салқындығына қарамастан, ұжым шараға белсенді ат салысты.
    - Қазақ хандығы ортақ, әулие ортақ, жер ортақ. Сол себепті бұл шараны тек тойлау емес, тарихты сараптау, зерделеу үшін өткізіп отырмыз. Біреулерге қайталау болып көрінуі мүмкін. Алайда, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жылы аяқталған жоқ. Балалар бүгін күннің салқындығына қарамастан, автошеруге ауызбіршілікпен қатысып жатыр,-дейді тарих пәнінің мұғалімі Қонысбай Рахбаев.

    Ұжым болып қолдау тапқан шараның авторы – мектептегі тарих пәнінің Бибігүл Жәкиева.
    -Алғашында автошеруді сынып ішінде,“Бәйтерек”деген шаңырағымыздың (Бәйтерек - төменгі және жоғарғы сынып оқушыларынан біріктірілген топ-ред.) арасында ғана өткізуді жоспарлаған едім. Алайда, кейін “неге кең көлемде атап өтпеске?” деген ойға келдім. Қалалық әкімдік қолдау білдірді.

    Атбегілермен келісіп, салт ат мінген Әбілқайыр, Жәнібек пен Керей хандардың және Тілеу батырдың бейнесін сомдадық. Оқушылар қазір күзгі демалыста жүр. Соған қарамастан, олардың жүзінен ата-бабаға, елге деген құрмет байқалады. Бұл жастардың бойында патриоттық рухтың жоғары екендігін көрсетеді. Арамызда ата-аналар да бар,-дейді ол.

    Мерекелік шараны өзге әріптестерімен бірге шетелдік мұғалім Нейтон Лоулер де тамашалады. Бүгінде мектепте директордың орынбасары болып жұмыс істейтін ол қазақ тарихының өте бай екендігімен жақсы таныс.
    - Бүгін - өте маңызды мейрам. Қазақ халқының тарихы өте бай. Оны кейінгі жастар білуі керек. Мен қазақ хандығы туралы кітаптардан оқып білдім. Кей жерін түсінбесем де, өзім тұрып жатқан елдің шығу тарихын білуді жөн деп санаймын. Қазақта Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Әбілқайыр, Жәнібек пен Абылай секілді хандардың болғанынан хабардармын,-дейді ағылшын тілінің мұғалімі.

    Автошеру Қобыланды батыр стадионында қорытындыланды. Атты батырлар қойылымы көрсетіліп, оқушылар “Қара жорға” биін биледі. Назарбаев зияткерлік мектебі флешмоб түріндегі акцияны бейнетаспаға түсіріп, атыраулық оқушыларға жолдамақ. Ұжым бұл игі бастаманың өзге өңірлерде де жалғасатынына сенімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тілеу батырдың ескерткішІ ашылды
  • Қазақ хандығы тақырыбы ғылыми конференцияға өзек болды
  • Тілеу батырдың ескерткіші ашылды
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫМЕН ҚҰРДАС ЕСКЕРТКІШ
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге