Өрлеуде жаңа мектеп ашылды

    Өрлеуде  жаңа мектеп ашылды

    Қурайлы ауылдық округіне қарасты Өрлеу ауылында жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 372,2 миллион теңге бөлінген.

    Өрлеу ауылындағы балалар осы уақытқа дейін 1987 жылы салынған ескі нысанда білім алып келген еді. Бұрынғы балабақша ғимараты оқушыларға тарлық еткен. Өрлеу елді мекеніне мектеп қажеттілігі жөнінде мәселе 2012 жылдан бері айтыла бастады. 2014 жылы облыстық бюджеттен 372,2 миллон теңге бөлініп, мектеп құрылысы басталған.

    “КазПромСтройгрупп” ЖШС бір жылда құрылысты толық аяқтап үлгерді.
    Өрлеудегі №57 қазақ орта мектебі 30 қазан күні пайдаланылуға берілді.

    Заманауи үлгідегі мектеп үш қабатты. Аумағы – 3076 шаршы метр. 270 оқушыға лайықталған. Биологиялық, географиялық, лабораториялық-тәжірибелік жұмыстар ұйымдастыруға арналған оқу тәжірибелік аймағы бар. Спорт алаңында жүгіру жолағы бар спорттық ядро, баскетбол мен волейбол үшін біріктірілген алаң да оқушыларға ыңғайлы етіп жасалған.

    Бірінші қабатта 120 орындық асхана, екі технология кабинеті, медициналық блок, психолог пен логопед кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, екі комплекті мектепалды дайындық класы ашылған.

    Өрлеудегі мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Бекбол Сағын қатысты. Бердібек Сапарбаев алдымен, ауыл ақсақалдарымен амандасып, хал жағдайларын сұрады. Содан кейін, ауылдың ең өзекті мәселесі болған мектеп проблемасының шешілуімен тұрғындарды құттықтады.

    -Ауылдың балалары бұрынғы балабақшаның ғимаратында оқып келді. Ол оқушылардың қосымша білім алуына тарлық еткені рас. Ұстаздардың ең басты міндеті – заман талабына сай жақсы білім беру. Шәкірт жақсы ұстаздан сапалы білім мен саналы тәрбие алады.Тезірек дамыған 30 елдің қатарына кіреміз десек, қазіргі заман талабына сай маман дайындау керек. Мектептеріңіз құтты болсын!-деді облыс басшысы өрлеуліктердің алдында сөйлеген сөзінде.

    Бердібек Сапарбаевтың сөзіне қарағанда, Өрлеу ауылының тұрғындары мектеп, ауыз су, жол, көлік қатынасы жайлы жиі шағымданады. Мектеп проблемасын шешкен билік енді ауыз судың сапасын тексеруді жоспарлап отыр.

    -Қыста жолдың жөнделмейтінін өздеріңіз жақсы білесіздер. Келесі жылы міндетті түрде жөнделеді. Автобус мәселесі де шешілуі тиіс. Кестеге сай жүретін болады. Сіздер қалаға жақын тұрасыздар. Сондықтан сіздердің жағдайларыңыз қалалықтармен бірдей болу керек. Айтылған мәселелердің орындалуын қала басшысы Бекбол Сағынға тапсырамын,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Құттықтау сөзінен кейін облыс басшысы жаңа мектепті аралап көрді. Әр қабаттағы бос, пайдасыз алаңдардың көп екенін айтып, көңілі толмайтынын жеткізді. Қабырғаға не болса соны жапсыра бермей, ғұламалардың даналық сөздерін жазып қоюды жүктеді.

    - Бүгін 300 бала оқыса, ертең оқушылар саны 400-ге жетеді. Бос орынды тиімді пайдалану керек. Ғимаратты тиімді пайдалану жағын ойластырыңыздар. Мына жерде класс бөлмелері болса, балалар оның игілігін көрер еді,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Осылайша облыс басшысы жоба авторына олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.
    Облыс басшысы мектеп ауласына тал екті.

    Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның сөзіне қарағанда, жаңадан бой көтерген мектепте кадр тапшылығы жоқ. Өрлеу мектебінде еңбек ететін 57 ұстаз осы ауылдың тұрғындары. Жаңа мектепте баланың дамуына барлық жағдай жасалған. Және мектеп жанында 60 балаға лайықталған шағын орталық жұмыс істейтін болады. Ескі ғимарат жөнделіп, балабақша етіп берілмек.

    Балаларының жаңа ғимаратта білім алатынына Өрлеу ауылының тұрғындары да дән риза. “Керек.info” тілшісіне ауыл ақсақалы Қонтай Қуанышбай сұқбат беріп, қуанышымен бөлісті.

    - Мектепке баратын немерелерім бар. Ескі мектеп 120 балаға ғана арналған. Өте тар болды. Бұрынғы балабақшаның ғимараты ғой. 300 оқушы сол жерде білім алды. Балаларымыз қосымша сабақтарға, үйірмелерге қатыса алмады. Енді жаңа мектепте мүмкіндік мол. Өте қуаныштымыз,-дейді зейнеткер Қонтай Қуанышбай.

    Жаңа оқу жылында Ақтөбе қаласында екі мектеп ашылды. Оның бірі Новый орта мектебі болса, екіншісі Өрлеу ауылындағы №57 қазақ орта мектебі. Қазір Кірпішті ауылында №18 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 2016 жылы қыркүйекте №18 мектеп пен “Нұр Ақтөбе” ауданында 1200 балаға арналған жаңа білім ордасы пайдаланылуға беріледі.
    Бүгінде Ақтөбе қаласының аумағында жалпы білім беретін 71 мектеп бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тағы екі балабақша ашылды
  • Ақтөбеде әлі күнге дейін қамыстан тұрғызылған мектептер бар
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Жаңақоныста жаңа мектеп пайдалануға берілді
  • Қарғалыда спорт мектебі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге