Облыс әкімі: Дәрі қымбаттамауы тиіс!

    Облыс әкімі:  Дәрі қымбаттамауы тиіс!

    Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамауы тиіс. Өйткені, өңірде медициналық препарат қоры жеткілікті. Әрі қордағы дәрі-дәрмек доллар бағасы көтерілгенге дейін сатып алынған. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 10 қараша күні Ақтөбе халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін “СК-Фармация” басшысымен болған кездесуінде айтты.

    “СК-Фармация” компаниясы облысты сапалы медициналық препараттармен қамтамасыз етуге дайын. Бірақ Ақтөбедегі бірнеше медициналық мекеме компанияға қарыз болып шықты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, облыстық аурухана 150 миллион теңге берешек. Емдеу мекемесі бұл қарызынан желтоқсаннның соңына дейін құтылуы тиіс. Ал жедел медициналық көмек ауруханасының компания алдындағы берешегі 320 млн теңгені құраған. Бұл қаржының 104 млн теңгесі жыл соңына дейін қайтарылады.

    Жиында “СК-Фармацияға” қарызы бар бас дәрігерлерді орнынан кезек-кезек тұрғызған әкім қарыздарынан тез арада құтылуды талап етті. Сондай-ақ, Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасын көтеруге ешқандай негіз жоқ екенін тағы бір мәрте ескертті.

    -Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. “СК-Фармация” басшысының айтуынша, келер жылғы дәрі-дәрмектің 70 пайызы биылғы бағамен алынып жатыр. Шетелдік компаниялар да дәрі құнын қымбаттатпаған.Әрі қордағы дәрі-дәрмек теңге құнсызданғанға дейінгі бағамен сатып алыныпты. Демек, бізде дағдарысты пайдаланып, ақша тапқысы келетін “ақылдылар” бар. Бүгін ақша тапсаңдар, ертең темір торға отырасыңдар. Онсыз да халықтың жағдайы қиын. Наразылықтарын туғызбаңдар,-деді әкім.

    Сондай-ақ, облыс әкімі компания басшысы Нұржан Әлібаевтың Ақтөбеде дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салу жөніндегі идеясына қолдау білдірді. Емдеу мекемелеріне құрал-жабдықтарды мемлекетке ауыз ашпай, ақылы медициналық көмек есебінен алу керектігін айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Жаңа әкім – жаңа міндет
  • Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады
  • Ақтөбелік есірткіні “геморройды емдейтін дәрі” деп ойлаған
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге