Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады

    Қыс түсіп, күн суытқалы әлеуметтік бейімдеу орталығын паналаушылардың саны күрт артқан. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Жалын Молдағалиев хабарлады.

    Ақтөбеде көше кезбелерін қадағалайтын арнайы мобильді топ жұмыс істей бастады. Оның құрамында әлеуметтік қызметкер мен фельдшер бар. Бұл топ аптасына екі рет, шақыртулар түссе, күніне бір мезгіл көше аралайды. Жұрттың мазасын алып, болмаса көшеде құлап, ауырып жатқан кезбелерге қол ұшын созады. Жедел көмек қажет болса, ауруханаға алып барады. Көп жағдайда әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізіледі.

    Ақтөбедегі әлеуметтік бейімдеу орталығы 65 адамға лайықталған. Қазіргі таңда 55 адам паналап отыр. Кезбелердің жас шамасы әртүрлі. Араларында сексеннің сеңгіріндегі қариялар да, жасы 18-ге енді толған жігіттер де бар.

    Мекеме басшысының орынбасары Жалын Молдағалиевтің айтуынша, желтоқсан-қаңтар айларында орталықтағы көше кезбелерінің саны едәуір артады. Бұл жерді былтыр қыста 120 адам паналап шыққан.

    Қаңғыбастар күн жылы кездері көшеде қайыр тілеп, қоқыстан азық іздеп, жертөлені мекен етеді. Аяз түсе бастағаннан-ақ жылы төсек пен ыстық тамақ беретін жер іздейді. Осындайда ойларына ең алдымен әлеуметтік бейімдеу орталығы оралады.

    “Керек.info” тілшісі әлеуметтік бейімдеу орталығының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын. Жатын бөлмелері жып-жылы. Бірақ өткір иіс қолқаны қабады. Тал түсте көрпесін қымтап жамылып, бүк түсіп жатқандарды да кездестірдік. Кейбіреулері кітап оқып, енді біреулері терезеге телміріп отыр. Фотокамераның объективі өздеріне қарай бұрылған сәтте беттерін бүркей бастады. Бейтаныс адамдарға үрке қарайды. Алғашында селк ете қалғанымен өз тағдыры туралы әңгімелеп беруден қашпағандардың бірі – Ольга Кришновская.

    Ольга Кришновская – Темір ауданы Алтықарасу ауылының тумасы. Орталықты паналағанына 1,5 жылға таяп қалған. Соңғы жылдары әркімнің босағасында жүріп, мал баққан. Баратын жері, басатын тауы жоқ егде әйелді ауыл әкімі осында әкеліп тастапты. Қарияның ендігі арманы – қаңғыбастық өмірден құтылып, өз нанын өзі табу.

    - Денсаулығым жақсы. Құжатымның жоқтығы қолбайлау. Әйтпесе, кез келген жерге барып жұмыс істер едім. Ақша тапқым келеді. Тағдырластарымның ішінде зейнетақы алатындар да бар. Қолдарына ақша түскенде, шайға тістейтін тәттілер алып келеді. Менде ол да жоқ. Соларға қарап қызығамын. Бұл жерде жағдайымыз жаман емес. Өз еңбегіңмен тапқан нанға не жетсін?!-дейді Ольга Кришновская.

    Орталықты паналап отырған көше кезбелерінің көпшілігінің құжаты жоқ. Мәртөктік Мыңтұрған Жолмұханов та солардың қатарында. Айтуынша, ет жақын ешкімі жоқ. Әлеуметтік бейімдеу орталығының қамқорлыққа алып отырғанына дән риза. Ол үшін ең маңыздысы – ыстық тамақ пен жылы төсек.
    - Біреудің малын бақтым. Қожайыным “құжатың жоқ, малым жоғалса саған төлете алмаймын” деп осында әкеп тастады. Ал қазір тамағым тоқ, киімім бүтін. Одан артық не керек?-деп қысқа қайырды Мыңтұрған ақсақал.

    Жалын Молдағалиевтің сөзінше, бейімдеу орталығына жыл сайын бюджеттен қаржы бөлінеді. Орталық тұрғындары төрт мезгіл тамақтанады. Жуынатын жерлері бар.

    - Күніне 20-30 адам тек қонып кетуге ғана келеді. Оның ішіне тамақтану кірмейді. Тек кешкі сағат 18:00-ден таңертеңгі сағат 08:30-ға дейін түнеп шығады. Күндіз көше кезіп жүреді. Кім болса да, бұл жерде бар болғаны 1,5 жыл тұруға құқылы. Осы аралықта құжаттарын дайындап, қарттар үйіне жібереміз,-дейді директордың орынбасары Жалын Молдағалиев.
    Ақтөбе қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында бүгінгі таңда 55 адам мекен етіп отыр. Оның басым көпшілігі – ер адамдар. Солардың ішінде бұрын сотты болған 16 адам, жақында ғана жазасын өтеп шыққан 4 адам тұрады. Соңғы төрт жылдың ішінде бұл жер үш мыңға жуық көше кезбесіне пана болған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер көше кезбелерінің арасынан табылды
  • Көше кезбелері полиция назарында
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Тілдерді дамыту орталығының тағдыры қыл үстінде
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге