Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы

    “Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы” дәл осындай атаумен Ақтөбеде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті.

    Салтанатты шара “Мега Ақтөбе“ ойын-сауық орталығында өтті. Мерекеге Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің ұстаздары, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
    -Тұңғыш Президент күнін жыл сайын атап өтеміз. Мерекелік шараны негізі мектепте ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Алайда, балалар халық алдына, көпшілікке шығып, өз өнерлерін көрсеткісі келді. Бұл концертке 40-тан астам өнерпаз қатысуда. Бүгінгі мерекелік бағдарламада ән де, би де, терме де бар. Халыққа мерекелік
    көңіл-күй мен демалыс сыйлайды деген сенімдеміз,-дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі директоры Жәмила Жоламанова
    Өнер мектебінің ұжымы ел президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауын ерекше ынтамен тыңдаған. Мұғалімдердің жалақысы көтерілетініне қатты қуанғандарын айтады.

    - Мерекеге орай арнайы салтанатты шара өткізіп, ерекше көзге түскен мұғалімдер марапатталды.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын да ерекше ықыласпен тыңдадық. Онда мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлінеді. Жалақымыз көтерілейін деп жатыр. Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінуде. Бұған барлығымыз қуаныштымыз.Сондықтан Елбасыға деген алғысымыз шексіз. Барлық қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Елбасымыз әрдайым аман болсын! Еліміз тыныш болсын!-дейді Жәмила Жоламанова.
    Мерекеге жиналған оқушылар мен ата-аналардың қуанышында да шек жоқ. Олар елге бейбіт өмір сыйлаған президент пен халықтың амандығын тілеп, алғыстарын жаудырды. Солардың бірі – Аяла Сәндібекова №21 мектептің 2“г” сыныбында оқиды. Мектептен тыс уақытта ол Қазанғап балалар өнер мектебінде вокалдан сабақ алады.
    -Мен бүгінгі концертте “Болашағы елімнің” атты әнді орындаймын. Біз тек Президент күніне арналған шараларға ғана емес, түрлі концерттерге қатысып, жиі өнер көрсетеміз. Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Бейбітшілік болсын!-дейді ол.
    Ал Есет Санжанов биыл Түркияда ағылшын тілінде ән орындап, үшінші орынды жеңіп алған. Вокал бөлімінің оқушысы мерекелік шарада өзіне жеңіс әкелген “Don’t you worry child” әнін орындады.

    -Менің орындайтын әнім әке мен баланың қарым-қатынасы туралы. Бұл ән – Президент күніне тартуым. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аман болсын! Оған шексіз алғысымды білдіремін. Әрқашан да бейбітшілік, бірлік болсын!-дейді өнерпаз бала.
    -Бүгін демалыс болғандықтан, қызымыздың өнерін тамашалау үшін отбасымызбен келдік. Көңіліміз көтеріңкі. Барша халықты, ақтөбеліктерді мекерекемен құттықтаймын. Қазақстан өркендеп, жайнай берсін!-дейді мерекені тамашалауға келген ата-аналардың бірі Қырмызы Аязбаева.
    Шара барысында бүлдіршіндер домбыра тартып, дөңгелене би биледі. Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің мерекелік шараға арналған бағдарламасы ешкімді де бейжай қалдырмады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ел тұтқасы – Елбасы”
  • ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 4000 АДАМ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТТІ
  • ҚАРТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
  • Құлағының мүкісі бар балалардың Астана күніне тартуы
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге