Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы қорытындыланды

    Ақтөбе орталық мешітінің бас имамы Серікжан Елшібайдың айтуынша, ақтөбелік жастардың арасында дінді өз мақсатына пайдаланатын теріс пиғылды топтардың жетегінде жүргендер баршылық. Сол себепті оларды сақтандыру үшін ақпараттық-түсіндіру тобы белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізіп жатыр.

    Бұл туралы 8 желтоқсан күні облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық–түсіндіру тобының жұмысы қорытындыланған жиында айтылды. Семинар барысында топ мүшелерінің 2015 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалып, белсенділік танытқан топ мүшелері марапатталды. Келер жылға жоспар жасап, топтың тұжырымдамасын бекітті.

    Биылдыққа жергілікті мешіттердің 13 имамы 853 рет кездесу өткізген. Дін мәселелері бойынша көмек сұрай келген 600-ден астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Бұдан басқа дін өкілдері өзге діннің ағымында жүрген намазхандарды ханафи мәзхабына қайтаруға талпыныс жасаған. Тіпті діни экстремизммен сотталғандары үшін түрмеде отырған ақтөбеліктермен де кездескен.

    Мекеме басшысы Жандәулет Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, “Аңсар” ақпараттық талдау орталығына ата-аналар жиі келеді.Олардың айтуынша, балалары жеті шелпек пісіру мен ата-аналарына құран бағыштауға қарсы. “Харам” дейтін көрінеді. Біз дінді енді үйрене бастағандарды дәстүрлі жолға қайтару үшін түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Алайда, Сирияға кеткісі келгендерді бақылау ақпараттық түсіндіру тобының тікелей міндетіне кірмейді. Күштік құрылымдардың қызметтік құпиясы болады. Бізге ол туралы ешкім ашып айтпайды. Бірақ біз Сирияға кетем деушілерді құптамаймыз. Ақтөбеде мұндай жайттардың тіркеліп жатқандығы өзекті өртейді, жанымыз ашиды. Біз өз кездесулерімізде дәстүрлі ислам діні туралы түсіндіруге тырысамыз” дейді Жандәулет Сүлейменов.

    Жиын барысында діни оқуды желеу етіп, шетелге кетудің еш қажеттілігі жоқ екендігі айтылды. Ол үшін діни оқу орнындарынан білім алуға немесе Ресейдегі ислам институтында Skype арқылы қашықтықтан оқуға болады.

    Бұдан өзге биыл орталықта діни тақырыптар бойынша 5000-ға жуық кітап шығарылыпты. Мұсылмандардың діни сауаттылығын көтеру үшін сегіз бейнеролик түсірілген. Оның алтауы қазір дін істері департаменті тарапынан қолдау тауып, әдістемелік құрал ретінде пайдаланылуда.

    “Аңсар” ақпараттық талдау орталығындағы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобына 41 адам мүше. Олардың қатарында ғалымдар, имамдар мен мемлекеттік мекеме өкілдері бар.

    Жиын барысында Серікжан Еншібай алдағы уақытта дін ұстанатын балалардың ата-аналарымен кездесу өткізуді ұсынды. Өйткені ата-аналардың діни сауаты болмағандықтан, балалар ақпаратты интернеттен алуға мәжбүр. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі көрініп, халықты діни сауаттандыру жұмысын күшейту керектігі де айтылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шұбарқұдықта діни экстремизммен күресетін орталық ашылды
  • Дін және БАҚ
  • Ақтөбеде радикалды ахуалдың жақсара бастағаны айтылды
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Былтыр 574 ақтөбеліктің 91-і дәстүрлі дінге оралған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге