Жаңадан ашылған ХҚКО-на автобус қатынай бастады

    Ақтөбенің Батыс-2 ауданында орналасқан орталыққа жаяу жүргінші жете алмайтын. Осы аптадан бастап №40 маршрут қатынай бастады.

    Халыққа қызмет көрсету орталығының бұлай шетте орналасуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қала орталығынан 4 жарым гектар жер табылмаған. Екіншіден, шеткері орналасқанымен бұл орталық халықтың көлікпен емін-еркін қозғалуы үшін қолайлы.

    Жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығының қасында агрегаттарды салыстыру пункті, автодром, мотодром және қазандық бар. Әрі 4 жеңіл автокөлік, жүк көлігі, автобус және мотоцикл жүргізуші куәлігін алам деушілер үшін дайын тұр.

    ХҚКО 50 адамды қызметпен қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек салық пен медицина қызметкерлері бар. Жаңа жылдан кейін көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу толығымен осында көшірілмек. Күніне 400 адамға қызмет көрсетіп, 1000 құжатқа дейін рәсімдеуге ниетті.

    -Орталық ашылған кезде түсінбеушіліктер болды. Адамдар қайда, кімге барарын білмеді. Қазір жұмыс жүйеге түсті. Келушілер өте көп,-дейді ХҚКО қызметкерлері. Алдымен агрегаттарды салыстыру пунктінде көліктің нөмірін тексереді. Мұның өзі біраз уақыт алады. Себебі кезекте тұратындар көп. Содан кейін ғана екі сағаттың ішінде құжатты рәсімдеуге болады.

    Нұрлан Мұхамбетұлы, қала тұрғыны:
    - Бұрын куәлік алу үшін жан-жаққа шапқылап кетуші едім. Одан қалса ұзынсонар кезек. Мұндағы қызмет ойлағанымнан асып түсті. Құжатымды алмастыруға келген едім. Медициналық тексерістің осында болғанына ризамын. Барлығы бір жерде. Қызметкерлер де инабатты. Жақсы түсіндіреді.

    Айдос Нұржанов, қала тұрғыны:
    - Бір жарым сағатта шаруам бітті. Медициналық тексерістен өтіп шықтым. Барлық құжатым дайын. Ертең жаңа жүргізуші куәлігін аламын. Қаладан алыс-тау жерде орналасқан демесең, бәрі жақсы. Іші кең, жарық, жылы.

    Айтпақшы, кіре берісте 200-400 мыңға бағаланған көлік нөмірлері ілулі тұр. Сатып алушылар өтініш жазып, ақысын төлесе болғаны елде жоқ ерекше нөмірдің иесі атанып шыға келеді.

    P.S. Жаңадан ашылған ХҚКО-ның қай маңда екенін білмей сеңдей соғылысып жүргендер көп. Бұл сәтті такси жүргізушілері де оңтайлы пайдаланып қалып жатыр. Батыс-2 ауданынан жаңа орталыққа дейінгі жолақысы қазір 400-500 теңге. Бірақ таксистердің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Өйткені, осы аптадан бастап жаңадан ашылған ХҚКО-на №40 жолаушылар автобусы қатынай бастады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында туған сәбилерге құжат берілді
  • 1100 теңгенің әуре-сарсаңы
  • Бау-бақшаға автобус қатынай бастады
  • Ақтөбеде жаңа ХҚКО ашылады
  • ХҚКО мобильді тобы Көктауға барды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге