Көше кезбелеріне жылы киім керек

    Көше кезбелеріне жылы киім керек

    Ақтөбеліктер ескі-құсқы киімдерін әлеуметтік бейімдеу орталығына әкеп берулеріне болады. Өйткені, бұл жерде үстіндегі киімін бір жылдан ауыстырмаған адамдар бар.

    “Керек. info” тілшісі 11 қаңтар күні көше кезбелерін паналатып отырған әлеуметтік бейімдеу орталығына барды. Орталық тұрғындарымен тілдесе келе көпшілігінің күн суытқалы таза ауаға мүлдем шықпағанын білдік. Өйткені, көпшілігінің жылы киімі жоқ. Таза ауаға шықса, бірінікін бірі сұрап киюге мәжбүр.

    Кей тұрғындар үстіндегі киімін былтырдан бері ауыстырмаған. Солардың бірі - Рашид Зайнуллин. Рашид бұл орталыққа былтыр қараша айында түскен. Туберкулезге шалдығып, диспансерде ұзақ емделген елулердегі ер адам барар жері, басар тауы болмай, осы жерді бетке алғанын айтады.

    -Туберкулез диспансеріне түскен кезімде үстімдегі киімім шұрық-тесік болатын. Медбикелер шошып кетті. Сосын ақша жинап, маған жейде мен шалбар алып берді. Сол киіммен жүргеніме тура бір жыл болды,-дейді өзі. Спорттық үлгідегі киімнің әбден ескіргені байқалып тұр. Жейдесінің түсі өңіп, шалбарының тізесі шыққан Рашид былтыр қарашадан бері сыртқа аттап шықпаған. Өйткені, не сырт киімі, не етігі жоқ.

    -Киімдерім бар еді... Мен тубдис-пансерге түскеннен кейін жалдамалы пәтерімнің иесі барлығын өртеп жіберіпті. Үстімдегі киімдерімді жуып, қайта киіп аламын. Сыртқа шыққым келіп жүр. Киер киімім болмағасын, терезеге телміремін де отырамын. Жалғыз мен емес, тағдырластарымның көпшілігінде киер киім жоқ. Жағдайы жақсырақ жігіттерден сұрасаң, беттерін тыржитып, бергісі келмейді,-дейді Рашид Зайнуллин.

    Тағдырласының сөзін Орал Қосымбекова да қостай кетті. Айтуынша, үстіндегі жалғыз көк халаты мен көк жемпірі өзінікі емес. Оны аяқ астынан сұрап қалса, “жалаңаш қалам ба?” деп қорқады. Ал өзінде бары - резеңкесі созылып кеткен колготки ғана.

    Орал аязды күні далада ұйықтап қалып, саусақтарын үсіріп алған. Қазір мүгедек. Сүйегі ірі әйелге 50-ші өлшемді киім қажет. Ал аяғының өлшемі – қырық.

    Әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Жалын Молдағалиев қаңғыбастардың киер киімге мұқтаж екендіктерін жасырмады. Айтуынша, бюджеттен олардың тамақтануы мен жатын орнына ғана қаржы бөлінеді.

    -Киім жағы үлкен проблема болып тұр. Қаңғыбастар орталыққа жаман-жәутік киіммен келеді. Біз оларды дереу өртеп жібереміз. Орталық қызметкерлері өздері мен туыс-тарынан қалған киімдерді тасып болды. “Киім жағынан көмектесе аласыз ба?” деп біраз жерге қоңырау шалдық. Көбісі қол ұшын созуға құлықсыздық танытады,-дейді директордың орынбасары Жалын Молдағалиев.

    Әлеуметтік бейімдеу орталығы 65 адамға лайықталған. Бүгінде орталықты 70 көше кезбесі паналап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Ақтөбеде көмекке мұқтаж адамдар үшін арнайы орталық ашылды
  • Көше кезбелері полиция назарында
  • Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды
  • Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге