Әкім мұнайшыларға жұмыс ауыстыруды ұсынды

    Ақтөбе облысының кәсіпорындары өз жұмысшыларына 82 миллион теңге қарыз. Экономикалық дағдарысқа байланыста аймақта 881 адам қысқартуға ұшырады. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев “СНПС–Ақтөбе мұнайгаз” АҚ жұмысшыларымен өткен кездесу барысында айтты.

    Қызметкерлерінің еңбекақысын төлей алмай отырғандар - банкрот болған және оңалтудағы кәсіпорындар. Қазір олардың мәселесімен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Бұл туралы әкімнің мұнайшылармен кездесуінде айтылды.

    Еңбек ұжымымен кездескен Бердібек Сапарбаев компания басшылығына жұмысшыларды қысқартпауды ескертті. “СНПС –Ақтөбе мұнайгаз” АҚ бас директоры Ван Цзюньчжэннің айтуынша, компания мұнай бағасының құлдырауынан шығынға батып отыр. Кіріс көлемі 35 пайызға
    азайып кеткен. Кәсіпорын 294 миллион теңге шығынға батқан. Компанияның қаржылық жағдайына газ бағасының арзандығы да әсер етуде. Өйткені, Ақтөбе халқы газдың өзіндік құнының тек үштен бірін ғана төлеп отыр. Осының салдарынан басшыларының айтуынша, кәсіпорын 800 миллион теңге шығынға батқан. Дегенмен мұнайшылардың арасында жұмыстан қысқартылғандар жоқ. Өндірістегі орташа жалақы 160 мың теңгенің шамасында. Бұдан бөлек әр қызметкерге 222 мың теңге көлемінде әлеуметтік пакет төленеді. Компания басшысының есебін мұқият тыңдаған облыс әкімі жұмыс орындарын қысқартпауды қайта-қайта тапсырды.

    - Сарапшылардың айтуынша, жыл соңына таман мұнай бағасының бір баррелі 20 доллардан да арзандап кетуі мүмкін. Қандай қиын жағдай болса да, компания басшылығы жұмысшыларды қысқартпауы керек. Оның бірнеше жолы бар. Жұмысшыларды 50 пайыздық еңбекақысы сақталып, жұмыс орны сақталатын демалысқа жіберілуі керек. Болмаса мұнайшыдан басқа мамандыққа оқыту жайын қарастыру керек. Кеңқияқ пен Шұбарқұдықта тұратын ауыл адамдары балаларының тек мұнайшы болғанын қалайды.Егер қара алтынның бағасы 15-20 доллар болса, мұнайшыларға басқа мамандық іздеу керек,-деді әкім.

    Жиын барысында әкім кәсіпорын басшысына дағдарысқа қарамастан мұнай мен газды өндіру көлемін төмендетпеуді тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме көліктерін табиғи газға көшіру үшін квота бөлуді ұсынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • АЗХС жұмысшыларын қысқартпайды
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Жаңа әкім – жаңа міндет
  • Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!
  • Шаруалар шығынға батып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге