Дәріхана қожайындары шетелдік дәрілерді алудан бас тартып жатыр

    Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасы 40-50 пайызға қымбаттаған. Оған басты себеп - шетелден тасымалданатын препараттар бағасының шарықтауы. Кейбір дәріхана қожайындары импортты дәрілерді алудан бас тартуға мәжбүр.

    Ы.Алтынсарин көшесіндегі “Ландыш” дәріханасының иесі Ханым Зұлқаш солардың бірі. 1 қаңтардан бастап шетелдік дәрілерді алуды тоқтатқан. Айтуынша, доллар бағасы көтеріліп, дәрі қымбаттады. Халық препараттардың арзанына қарай жүгіре бастаған.

    - Дәріхана жұмыс істегеніне 15 жыл. Мұндай жағдай бұрын болған жоқ. Дәрі-дәрмек долларға тәуелді. Доллар өскен сайын, препараттар да қымбаттап жатыр. Дәріге күн сайын тапсырыс береміз. Көтерме бағамен сатушылар күн сайын басқа баға әкеліп береді. Амал жоқ, алуға мәжбүр болдық. Өйткені, халыққа дәрі өте қажет. Қаңтар айынан бастап шетелдік дәрілерді алуды доғардым. Шығынға батып кеттім. Тұрғындар қалтасына қарап, дәрінің арзан түрін іздей бастайды. Қарапайым халыққа да оңай тиіп жатқан жоқ,-дейді Ханым Зұлқаш.
    Қазір бұл дәріхана қорындағы медикаменттерді сатып қана отыр. Әрі қарай не болатынын Ханым да дөп басып айта алмайды.

    Медикаменттер бағасы орташа 40-50 пайызға өскенін медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ринат Құбатаев та растады. Мұны сала мамандары талдау жүргізу барысында анықтаған. Оған девальвация себеп.
    - Дәріханалардың барлығы жекенің меншігінде. Жасыратыны жоқ, тұрғындар тарапынан бізге дәрі қымбаттап жатыр деп көп шағым түседі. Өздеріңізге белгілі, дәрі бағасын ұстап тұру жөніндегі меморандумның күші өткен жылдың желтоқсан айында бітті. Енді біз кәсіпкерлердің ісіне араласпаймыз. Бағаны реттей алмаймыз. Дәрі долларға тәуелді ғой. Бұл нарық заңы. Меморандум жайлы респуб-ликадан хабар күтіп отырмыз,-деді өз сөзінде Ринат Құбатаев.
    Ринат Құбатаевтың айтуынша, Еуропадан әкелінетін препараттар бағасы доллардың көтерілуіне орай аспандап барады. Дәріханалардағы 60 түрлі дәрі-дәрмектің орташа бағасы 40-50 пайызға көтерілген. 40 дәрі дәріханаларда болмай шыққан.

    Осыдан бес жыл бұрын Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірісінің отандық үлесін
    50 пайызға жеткізу мақсатында “2010-2014 жылдарға арналған фармацевтика өндірісін дамыту туралы” бағдарлама қабылдағаны аян. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы қазақ жерінде дәрі шығаратын өндіріс орындарын көбейту көзделген еді. Бағдарлама аясында дәрі шығаратын 12 шағын зауыт салынатындығы да айтылды. Бірақ барлығы сөз жүзінде қалып қойды. Қазақстан әлі күнге дейін дәрі-дәрмектің 70 пайызын шетелден сатып алып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыс әкімі: Дәрі қымбаттамауы тиіс!
  • Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Фармацевт: Дәрінің құрамынан морфин табылуы мүмкін емес
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге