“Ұлы қабырға” банкротқа ұшыраудың алдында тұр

    Ақтөбедегі “Ұлы Қабырға” қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны банкротқа ұшырауы мүмкін.Биыл компанияда жұмыс көлемі 60 пайызға азайған. Сондықтан жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуінде “Ұлы қабырға ” ЖШС бас директоры Чжан Цзюнь айтты.

    28 қаңтар күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев “Ұлы қабырға” ЖШС Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Бұл кездесуде мұнай-шылардың жұмыссыздығы, жалақы төңірегіндегі мәселе қозғалды. Бүгінде 1400 адам қызмет ететін кәсіпорынның қазіргі ахуалы мәз емес. Банкрот болудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы бас директор Чжан Цзюньннің өзі хабарлады.
    Чжан Цзюньнің сөзінше, жұмыс көлемі 60 пайызға азайған. Сондықтан компания жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр. 256 адам жұмыссыз қалған. Тағы да мұнайшыларды ақысыз еңбек демалысына жібермек. Осы қарқынмен компанияда ақпан айында 50-60 жұмысшы ғана қалуы мүмкін.

    - Біз барлық мүмкіндіктерді пайдаланып көрдік. 2013 жылы банктен несие алған болатынбыз. Тағы да несие алуға тырысып көргенбіз. Бермеді. Бәсекелестеріміз көп. Оның үстіне мұнай бағасы арзандап кетті. Сұраныс та аз. Сондықтан, жұмысшыларды қысқартудан басқа лаж жоқ. Жалақы бойынша қарыз емеспіз. Бұлай бола берсе, банкротқа ұшыраймыз,-деді бас директор Чжан Цзюнь.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кәсіпорын 16 жылдан бері тек мұнай бұрғылаумен айналысқанына көңілі толмайтынын айтты. “Сервистік компания мұнаймен шектелмей, көлік, құрылыс саласымен де айналысуға болатын еді.”

    - Мұнайға ғана ауыз ашып отыруға болмайды. Ірі компания болғасын жан-жақты ойластыру керек. “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ тапсырыс түспесе, қалай күн көресіңдер? Тым құрыса, арнайы техникаларың да жоқ. Жылына 700-800 миллион теңге қаржы түсіп тұрса, неге материалдық базаларыңды жабдықтап алмадыңдар? Неге кредит аласыңдар?-деді Бердібек Сапарбаев.

    Бұл сұраққа бас директор жауап қатпады. Бердібек Сапарбаев қысқартуға ұшырайтын жұмысшыларға қол қусырып отыр-май, 30-40 мың теңгенің болса да жұмысын істеуге кеңес берді. Өйткені, дағдарыс уақытында күй таңдауға болмайды. Маңыздысы - отбасын асырау.

    Жұмыстан қысқарған мұнайшылар жұмыспен қамту орталығына барып, жұмысқа тұра алады. Былтыр Ақтөбеде “Жол картасы-2020” бағдарламасымен 15 мыңнан астам адам жұмыс тапқан. Егер компания аяғына тұрып кетіп жатса, қысқартылған азаматтар жұмысқа қайта орналасуы керек. Бұл – облыс әкімінің тапсырмасы.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев “Ұлы қабырға” ЖШС бас директоры Чжан Цзюньге “алдымен әкімшілік қызметкерлерін қысқарт” деп тапсырды. Жиын соңында еңбек қатынастарындағы сұрақтарды әлеуметтік деңгейде реттеу үшін облыс әкімдігі, кәсіподақ бірлестігі мен компания басшысы меморандумға қол қойды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ұлы қабырға” банкротқа ұшыраудың алдында тұр
  • Әкім мұнайшыларға жұмыс ауыстыруды ұсынды
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!
  • Екі жүз мұнайшы жұмыссыз қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге