Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

    4 ақпанда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл жиын өткізді. Аудан, ауыл әкімдерінің басын қосқан ол шенеуніктердің жұмысын тағы да сынға алды.

    Ақтөбе облысында экономиканың даму қарқыны төмен. Облыстық экономика және бюджетті жос-парлау басқармасының басшысы Рузия Айдашеваның айтуынша,өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтырмен салыстырғанда 259,3 млрд теңгеге төмен. Тау кен игеру өнеркәсібінде де ілгерілеу жоқ. Инвес-
    тиция тарту да төмендеген. Бұған аудан әкімдерінің ірі кәсіпорындармен бірлесе жұмыс жасамауы себеп. Ауыл шаруашылығындағы өсім тек қана үш пайызды құрайды. Аудандарда шағын және орта бизнеске қолдау аз. Жеке кәсіпкерлердің арасында мемлекеттен берілетін көмекті білмейтіндер де бар. Экономикалық өсім көрсеткіштері бойынша Ырғыз, Мұғалжар, Шалқар мен Темір аудандары көш соңында тұр. Аудандар рейтингінде алғашқы үштікте Алға, Байғанин және Қарғалы аудандары тұр. Бердібек Сапарбаев бұл аудандардың басшыларына осы деңгейді сақтап қалуға тапсырма берді.

    Жиын барысында Бердібек Сапарбаев экономикасы дамымай отырған аудан, ауыл басшыларын кезек кезек тұрғызып, сұрақтың астына алды. Алғашқы болып Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев орнынан тұрды.
    - Сіздің есебіңізді тыңдадым. Қағаз жүзінде бәрі жақсы. Іс жүзінде бәрі нашар. Осылай жалғаса бере ме? Неге Темір ауданы 15 көрсеткіш бойынша ең төменгі орында? Мұнай мен газ бар. Ауыл шаруашылығы бар. Жер мен су жеткілікті. Неге нәтиже жоқ. Аудан көрсеткіші неге төмендейді? Шағын және орта бизнес неге дамымайды? Темір ауданында бір жыл бойы бірде бір әлеуметтік нысан салынбаған.Ұят емес пе? Кішкентай клуб салуға болмай ма? Сіз өзіңіз жұмыс істемейсіз. Сізге қарап ауыл әкімдері де жұмыс істемейді, –деді облыс әкімі.

    - Статистика басқармасы 1800 шағын және орта бизнес субъектісі бар деп есеп берген. Ал іс жүзінде олардың саны - 1600. Прокуратураға түзетуге жібердік. Бір жылдың ішінде 948 жұмыс орыны қысқарды дейді. Бізде 800 жұмыс орны ашылды. Біз онымен келіспейміз,-деп аудан әкімі ақталып бақты.

    Темір ауданында “Құлан”, “Алтын асық”, “Сыбаға” секілді мемлекеттік бағдарламалар да орындалмаған. Мал басы да аз. Шұбарши ауылының әкімі Азамат Өсербаев бұған жайылымдық жердің жоқтығын сылтауратты.

    Темірден соң Бердібек Сапарбаев Шалқар, Мұғалжар аудандарының әкімдерін орындарынан тұрғызып, “жұмыс істемейсіңдер” деп сөкті. Шалқарда да мал басы көбеймей отыр. Суармалы жерлер пайдаланылмай жатыр. Көшелері асфальтталмаған. Аудан әкімінің келтірген мәліметтері де аймақ басшысының көңілінен шықпады. Ербол Данағұлов өзі әкім болған екі жылда 10 көше асфальттағанын айтты. “Шалқарда 160 көше бар. Егер жылына 5 көше асфальттасаң, сонда саған әлі неше жыл әкім болу керек” деп Бердібек Сапарбаев жиналғандарды ду күлдірді. Өткен жылы салықты аз жинаған Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов та әкімнен сөз естіді. Сегіз ауданда әлі күнге дейін тұрақтандыру қоры жасақталмаған. Әкім оларға бір ай уақыт берді.

    Облыс басшысы әр әкімнің қанша жыл басшы болғанын сұрады. Төмен нәтиже көрсеткендердің арасында Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылын 22 жыл басқарған әкім де бар болып шықты. Бердібек Сапарбаев қыруар қаржы бөлінсе де, нәтиже жоқтығына қынжылды.

    Жиын барысында Сапарбаев әкімдерге өз туыстарын қарамағына жұмысқа алмауларын да қатаң ескертті. “Аудан әкімдеріне кадр мәселесімен айналысу керек. 20-30 жыл әкім болсаңыздар да, жұмыстарыңызда нәтиже болсын. Ешкімнің әкесінің сатып алып берген қызметі емес. Кейінгі кезде жаман қасиет пайда болған. Өзі бастық болды ма, қасына туысқандарын жинайды. Оны халық көрмей ме? Халықтың көзі соқыр ма сонда?! Басқалар жұмыс істемеу керек пе? Барлық қызметкер неге интернаттың директорының туысқандары болуы керек?! Я болмаса мәдениет саласы басқармасының басшысының туыстары барлық мәдениет ошақтарын басқару керек? Темір ауданы әкімі орынбасарының інісі неге Шұбарқұдықтың әкімі болуы керек? Неге? Туыстарыңызға айтыңыздар, басқа жерге барып жұмыс істесін. Жұрттың алдында ұят, намыс деген болу керек қой?! Әкімдер мен басшылар осылай жасаса, басқаларынан не күтуге болады?” деген әкім шенеуніктерді адамгершілікке шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды
  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге