760 ақтөбелік ипотекалық қарыздарын қаржыландыруға мүмкіндік алды

    Елімізде ипотекалық қарыздарды қаржыландыру мерзімі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл өзгеріс Ұлттық Банк басқармасының алдағы отырысында қаралады. Бұл жөнінде Ақтөбеде іс сапармен жүрген Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтты.

    Ұлттық банк басшысының айтуынша, бүгінгі күні ипотекалық қарыздарын қаржыландыру үшін 1100-ден астам ақтөбелік арыз берген.

    -2016 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 19 мыңнан астам арыз берілген. Оның ішінде 76 млрд теңге болатын 12 421 арыз мақұлданды. Арыз қабылдау жалғасып жатыр. Ұлттық банк бөлінген қаражатты игеру темпін арттыру үшін бірқатар шараларды қолға алды. Ақтөбе облысы бойынша 1136 арыз берілген. 3,7 млрд теңге болатын 760 арыз мақұлданды, -дейді банк басшысы.

    Алдағы уақытта Ақтөбе облысында борышкерлердің қарызын өтеу үшін тиісті жұмыстар жүргізілмек. Ұлттық банк жергілікті әкімдікпен бірге қарызын өтей алмайтын ақтөбелік борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қарастырмақшы.

    - Біз облыстық әкімдікпен бірлесе отырып, борышкерлерге қарызды өтеуге ықпал ету бойынша, әсіресе, Ұлттық банк өкілдері мен әкімдік, банк жетекшілерінің қатысуымен жеке кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ, қарызын өтей алмайтын борышкерлерді еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру арқылы жұмыстарды күшейтуді жоспарлап отырмыз, - деді Ұлттық банк басшысы.

    Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық Банк бағдарламаның жүзеге асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіп, неғұрлым көбірек борышкерді қамту үшін өзгерістер енгізіп отырады. Дәлірек айтқанда, Ұлттық Банк басқармасының алдағы отырысында қаражатты игеру мерзімін 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту, банк-тер мен бағдарламаның өзге де қатысушылары тізімін көбейту секілді өзгертулер мүмкіндіктері қарастырылады.

    Ақтөбеліктердің депозиттері екі есе көбейді

    Өткен жылы ақтөбеліктердің банктік салымдары екі есеге артты. Банктердегі депозиттерінің көлемі 56%-ға артып, 390 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, заңды тұлғалардың салымдары 208 млрд теңгеге жеткен. Ал жеке тұлғалардың депозиті 181,6 млрд теңгегені құраған. Ал несиелендіру көлемі 12,1%-ға артқан.
    Қазақстандықтардың басым бөлігі теңгелей депозиттерді таңдайды. Ұлттық банктің ақпан айындағы мәліметінше, бұған 1 ақпаннан бастап теңгелей депозиттердің 14%-ға, ал шетел валютасындағы депозиттің 2 %-ға төмендеуі себеп.

    -Ақпан айындағы мәлімет бойынша, ұлттық валютадағы депозиттердің 300 млрд теңгеге өскендігі байқалды. Ұлттық банктың болжамына қарағанда, 2016 жылдың наурыз айында халықтың теңгелей депозиттері арта түсуі мүмкін,-деді Данияр Ақышев.
    Дегенмен ел азаматтарының доллар түрінде сақтаған депозиттері мәжбүрлі түрде теңгеге ауыстырылмайды. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, қазақстандықтардың салымы - олардың жеке иелігі. Сондықтан мұны талап ету заң талаптарын бұзу болып саналады.

    Ұлттық банк төрағасының сөзінше, еркін айналымдағы теңге бағамы әлі де өзгеріске ұшырайды. Теңге бағамы күн сайын әлсіреуі немесе нығаюы мүмкін. Десе де халық арасында шетелдік валютаға сұраныс азайды деп сендіреді банк басшысы.

    Жиын барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов айырбас-тау пункттерінің жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жаңалық ел азаматтарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында жасалып отыр. Заңға енгізілген соңғы өзгеріске сәйкес, 22 наурыздан бастап еліміздегі айырбас пункттері валюта нарығындағы өзгерістерге байланысты демалыс және мереке күндері бағамды өзгерте алады. Айырбас пунктінде шетелдік валюта таусылған жағдайда олардың екінші деңгейлі банктердің көмегіне жүгінуіне болады. Бұл үшін айырбас банкі шарт жасасуы тиіс. Бұдан былай жеке тұлға 1 миллион теңгеден астам қаражатты айырбастайтын болса, жеке бас төлқұжатын көрсетуі керек. Мақсат - терроризм мен көлеңкелі бизнесті қаржыландырудың алдын алу,- дейді банк өкілдері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ипотекалық несие қайта қаржыландырылып жатыр
  • “Валют Транзит Банк” салымшыларына өтемақы беріледі
  • Доллар тағы да қымбаттады
  • Назарбаев: Көп нәрсе Ұлттық банк жұмысына тәуелді
  • Доллар қымбаттады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге