Облыстық аурухана дәрігеріне қатаң сөгіс берілді

    Ырғыздық тұрғын Ажар Айтпамбетова келіні Жанар Қартбаеваның өліміне дәрігерлерді кінәлайды. 1 жастан енді асқан Әнелдің түнде ұйықтамай, туған анасын шарқ ұрып іздегені жанына қатты батқан. Айтуынша, дәрігерлер нақты диагноз қоймай, ауруханадан ауруханаға сүйретіліп жүргенде келіні қайтыс болған. Енді ол кінәлілердің жазаға тартылғанын қалайды.

    “Керек. info ” тілшісіне Ырғыз ауданының Ажар Айтпамбетова есімді тұрғыны хабарласты. Оның келіні Жанар Қартбаева 9 қаңтар күні облыс орталығындағы ЖЖМА қайтыс болған. Марқұмның артында 1 жастан енді асқан Әнел есімді қызы қалды. Ажар немересінің қолды аяққа тұрмай жылап, анасын іздейтінін айтты.

    - Немерем 1 жастан енді ғана асты. Бала ғой, күндіз алаңсыз ойнап жүреді. Түнге қарай анасын іздейді. Қатты шыңғырып “мамалап” жылағанда өзімді қоярға жер таппаймын. Жүрегіме бататыны да - сол. Құрғақ сүт беруге мәжбүрмін. Суретіне қарап “мамам, мамам” дейді. Келінім дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды. Әрі итеріп, бері жығып көрсетпегенді көрсетті. Ақтөбедегі инфекциялық, облыстық, онкологиялық ауруханалардың екі ортасында селкілдеп бос жүрдік. Дұрыс диагноз да қоймады. Соқыршек, остеохондроз деді. Қолыма жақында сараптама қортындысын алдым. Онда бауырға инфекция түскен деп жазылған. Кімге сенеміз?! Немеремді анасынан айырған дәрігерлерге ме?-деді Ажар Айтпамбетова.

    Жанар марқұм бір әулеттің кенже қызы болған. Ешқашан ауырып көрмеген. Мұны марқұмның әкесі Сейілхан Қартбаев та айтып берді. Анасы Роза болса,“дәрігерлердің кесірінен қара жамылып қалдым” деп еңкілдеген күйі телефон тұтқасын жолдасына берді. Сейілхан Қартбаев та 25 жастағы қызының өліміне дәрігерлердің салғырттығы себепші деп санайды.

    25 жастағы ырғыздық келіншектің қазасынан облыс басшылары да хабардар. М.Оспанов атындағы Мемлекеттік медициналық университетінде өткен кездесуде дәрігерлерге осы жайды Бердібек Сапарбаев мысал етіп айтқан болатын. Сол жолы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевке нақты тапсырма да берді.
    Аталған іс бойынша арнайы комиссия да құрылған. “Керек.info” тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке хабарласты. Әсет Әскерұлының айтуынша, облыстық аурухана дәрігерлері науқасты ауруханаға қабылдамай, басқа ауруханаға жіберген .

    - Арнайы комиссия тексеру жүргізді. Сонымен қатар, емдеу-сауықтыру кеңесін де қарастырдық. Кез келген ауруханаға ауыр жағдайда науқас түссе, дәрігерлер қабылдауға міндетті. Ешқайда жібермей, мамандарды ауруханаға шақырту керек. Осы іс бойынша облыстық ауруханасы емдеу ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Енді бір қате жіберсе, қызметінен босатылады,-дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

    Марқұмды облыс орталығында ауруханалар дұрыс қабылдамай, бір-біріне сілтеген. Соның салдарынан Жанар Қартбаева 9 қаңтар күні ЖЖМА қайтыс болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Прокуратура: Шалқарлық келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі
  • Ақтөбенің дәрігерлері қайтыс болған адамды “емдеген”
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге