Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

    Ақтөбеде 35 мың шаршы метр жерге гүл егіледі. 14 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне қала әкімінің орынбасары Жандос Байырханов айтты.

    Биыл қаланы көгалдандыру жұмыстарына қала бюджетінен 200 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл қаржы көшеттер мен гүлзарларды, гүлдерді егуге, күтіп-баптауға және суару жұмыстарына жұмсалмақ.
    - Биылғы жылы қаланы көгалдандыру мен безендіру жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Қаланың орталық көшелерін ғана емес, барлық аумағын қамту қарастырылып отыр. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалада гүл отырғызатын тәлімбақ жоқ. Сол себепті гүлдер сырттан әкелінеді. Биыл Ақтөбеде 35 мың шаршы метр жерге гүл егіледі деп жоспарланып отыр. Яғни, 1млн-нан астам гүл қажет. Оның тең жартысы Ақтөбеде өссе, қалғандары оңтүстік аймақтардан әкелінеді. Негізінен петуния, тагетес секілді біржылдық гүлдер егіледі. Көпжылдық гүлдерден раушан гүлі мен қызғалдақ отырғызылады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр,-дейді қала әкімінің орынбасары.

    Қала билігі биылдан бастап гүлзарларды темірден жасалған құрама конструкторларға екпек. Бұл жасыл көшеттердің мезгілінен бұрын жарамсыз күйге түсуінің алдын алады деген сенімде. Жас ағаштардың жақсы дамып, өсіп кетуі үшін оларды топырағымен әкеп отырғызу әдісі де қарастырылып жатыр.
    -Жылда 10-15 мың түп ағаш отырғызылды деп айтамыз. Алайда, олардың жерге сіңіп, өсіп кетуі қиын нәрсе. Сол себепті биылдан бастап көшеттерді топырағымен әкелу әдісі мен жас көшет түрінде отырғызудың қайсысы тиімді екендігі анықталады,-Жандос Байырханов.
    Ақтөбе қаласына биыл 14 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Қазір көшет отырғызу жұмыстары басталып та кетті. Ал гүл егу мамыр айының басында басталады. Қала әкімі орынбасарының сөзінше, негізінен биыл терек, шырша, қайың, қарағай секілді ағаштар отырғызылады. Көшеттер негізінен Мұғалжар, Ойыл мен Ырғыз аудандарынан әкелінеді. Биыл Башқұртстаннан облыста өспейтін жасыл шыршаны жеткізу де жоспарланған. Ал гүлдер Шымкент,Қызылорда мен Тараз секілді оңтүстік аймақтардан тасымалданады.
    Бюджет есебінен егілген көшеттер мен гүлдерді күтіп-ұстауға мердігерлер жауапты. Үш жыл бойы оларды бақылауына алады.Ал осы уақыт аралығында жас көшеттер солып қалса, олар өз қаражаты есебінен ағаштарды қайта отырғызады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды
  • Су қоймаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр
  • Ақтөбеде былтыр жөнделген екі көше мердігерлер есебінен қайта дұрысталады
  • Ақтөбеліктер тегін көшеттер үшін шу шығарды
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге