Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды

    Жексенбі күні Пушкин атындағы саябаққа 180 ағаш отырғызылды. Бұл жерде енді жылауық тал, канадалық үйеңкі, 5-қабатты үйдің биіктігіндей боз арша, мамыргүл мен басқа да өсімдіктер өседі.

    Көшет отырғызу шарасын “Ақтөбе жастары”КММ ұйымдастырды. Оған “КазХром” АФЗ ТҰК АҚ жұмысшылары, “Қазақ аруы-2015”, “ Жас қанат- 2015”, “Қазақстан дауысы- 2015” республикалық байқауларының жеңімпаздары мен лауреаттары, Азия, Еуропа, Әлем-чемпиондары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, “Болашақ” бағдарламасының түлектері, жас журналистер мен блоггерлер қатысты.
    -Біз саябаққа жапырақты және қылқанды ағаштардан орман жасап жатырмыз. Саябақты алған кезде бұл жерде 600 түп қарағаш өскен еді. 2012 жылдан бастап бұл жерге 580-нен астам ағаш отырғызылды. Оның 60 пайызы ғана жақсы тамыр жайып, өсіп кетті. Көшеттерді Башқұртстаннан әкелдік. Қазір канадалық үйеңкі мен жылауық талды отырғызып жатырмыз. Канадалық үйеңкі күзде өте әдемі көрінеді,-дейді саябақ құрылтайшысы Николай Выходец.

    Николай Выходец қала басшысына 1 желтоқсан күні бірлесіп отырғызған қылқан жапырақты ағаштарды көрсетті. Жас көшеттер топыраққа жерсініп, жақсы өсіп кеткен.

    Қала әкімі Бекбол Сағын биыл қалаға 14 мың көшет отырғызылатынын атап өтті.
    - Бізде қаланы абаттандыру мен санитарлық тазалық бойынша экологиялық екіайлық өтіп жатыр. 8-9 сәуірде қаланы тазалау жұмыстарына 5 мыңға жуық тұрғын шықты. Өткен сенбіде 8 мыңнан астам адам қатысты. Барлық шағын бизнес субъектілері,үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар мен қоғам өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізді. Біз қаланың таза болғанын қалаймыз,-деді әкім.

    Пушкин атындағы саябақ – Ақтөбедегі тарихи орындардың бірі. Оған қала тұрғындары да жиі барады. Өткен жылы да бұл жерлерге ағаштар егілген. Ал жексенбі күні 180 көшет отырғызылды. Қала бюджетінен 6 мың ағаш көшетін отырғызу үшін 5 миллион теңге бөлініпті. Алайда, байқау әзірге өткізілмегендіктен, жексенбі күні саябаққа демеушілер қаржысына сатып алынған ағаштар отырғызылды.
    - Біз түрлі қаржыландыру көзі арқылы 14 мыңға жуық ағаш отырғызамыз. Білім, денсаулық сақтау мекемелері мен жеке фирмалар көмектеседі. Бүгін оған Пушкин атындағы саябақ құрылтайшысы егіп отырған 180 көшет мысал бола алады. Егер қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына әрбір кәсіпкерлік субъектісі осылай белсенді қатысса, біз14 мыңнан астам ағаш отырғызамыз,-деді әкім.
    Жексенбі күні Бекбол Сағын саябаққа өз қолымен бірнеше ағаш отырғызды. Оған жастар көмектесті.

    -Биылдан бастап “Ақтөбе жастары” ресурстық орталығы жұмыс істей бастады,-дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук. Орталықты Ербол Шыма басқарады. Орталық жұмысының негізгі бағыты жастардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобаларды жасауға қатысу,жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруын және ұйымдастыруын күшейтетін жобалар мен бастамаларды қолдау болып табылады. Бұған қоса жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар ортасында туындаған мәселелерді талқылауға диалогтық алаң құру, жастар арасында кәсіпкерлік пен еріктілер қозғалысын күшейту,кәсіби білім мен қызметке орналастыру бойынша жұмыс істеуге негізделген.

    “Ақтөбе жастары” жастар ресурстық орталығының директоры Ербол Шыманың сөзі бойынша, бүгінгі іс-шараға ат салысып отырған адамдардың барлығы өндірістің және қоғамдық өмірде, мәдениет пен спортта үлкен белестерге қол жеткізген, еліміздің белсенді патриот жастары. Олардың барлығын туған қаламызға деген сүйіспеншілік, өңірімізді әдемі және қазіргі заманға лайықты шаһарға айналдыру, оны абаттандыруға және көркейтуге үлес қосу мақсаты біріктіреді.

    Көшет отырғызушылар қаланы көрікті етуге қосқан өз үлестерімен бөлісті.
    -Мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде оқимын. Болашақ тіс дәрігерімін, қазір 4-курста оқимын. Бұл менің өмірімде алғаш рет ағаш отырғызу емес. № 21 орта мектепті бітірген кезде ең бірінші рет көшет отырғызған едім,-дейді Әлия Әшім.
    - Мен отырғызған көшеттер топыраққа тез сіңісіп, жақсы өсіп кетеді. Бір кездері өз үйімнің алдына қайың отырғызған едім. Қазір ол ағаш жақсы өсіп тұр. Өз мектебімнің қасына да көшет отырғыздым. Енді саябақтың көркіне мен де өз үлесімді қоспақпын,-дейді Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Нарқозы Қартжан.
    Жас көшеттерді отырғызғаннан кейін саябақ құрылтайшысы жастарға алғыс айтып, оларды дәмге шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Су қоймаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр
  • Like-қа лайық іс немесе Ақтөбедегі студенттердің алма бағы
  • Салауатты өмір салтын ұстан!
  • Ақтөбеліктер тегін көшеттер үшін шу шығарды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге