Арзан азық-түлік сататын 10 дүкен ашылады

    Ақтөбеде әлемдік киім брендтері шығарылады. 10 әлеуметтік дүкен ашылып, Түркиядан арзан цитрусты жемістер тасымалданады. Бұл жөнінде Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Қайрат Бекенов айтты.

    4 сәуір күні “Ақтөбе-ақпарат” орталығына “Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” ҰК” АҚ басқарма төрағасы келді. Қайрат Әскербекұлы өткен жылды қорытындылап, кәсіпорынның алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, қазір облыс халқын арзан өніммен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Оңтүстік облыстардан делдалсыз тікелей өнім жеткізілуде. Биыл арзан азық-түлік өнімдерін сататын 10 дүкен ашылады.

    -Жыл соңына дейін 10 әлеуметтік дүкен ашылады. Олардың кейбірі Батыс-2, Болашақ және 12 шағын аудандарында орналасады. Бұл Ақтөбеде тұратын 70 мың халықтың төмен бағамен азық сатып алуына мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін “Нұр Ақтөбе” ауданында ашылған әлеуметтік дүкен қазір 15 мың халықты арзан өніммен қамтамасыз етіп отыр.Табыс базарында да арзан өнімдер сатылып жатыр. Бұл дүкендерде Қызылорданың күріші 150 теңгеден сатылып жатыр. Балық бағасын 75,ұн бағасын 15-25, ал ет бағасын 15 пайызға арзандаттық. Сәбіздің бір келісі супермаркеттер мен базарларда 90-100 теңгеден саудаланса, әлеуметтік дүкендегі көтерме бағасы 45 теңгені құрайды, -дейді Қайрат Бекенов.

    Мұндай арзан дүкендер тек облыс орталығында ғана емес, аудандардан да ашылады. Қазір бұл жұмысты жүзеге асыру үшін өнім жеткізу жағы қарастырылып жатыр.
    Әлеуметтік дүкендердегі бағаның негізсіз көтерілмеуі де қатаң бақылауда. Басқарма басшысының өзі баға ілінген тақтаны онлайн режимінде бейнекамерамен бақылап отырғандығын айтады. Заңбұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкермен келісімшарт бұзылады.

    Қайрат Бекеновтің айтуынша, таяуда Түркиядан тікелей арзан жеміс-жидек те тасымалданбақ.
    - Анталия қаласындағы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілді. Оған сәйкес,Түркиядағы цитрусты жемістер мен өзге де көкөністер Қазақстанға тікелей жеткізіледі. Анталияда ет бағасы біздің елге қарағанда 4-5 есе қымбат. Сәйкесінше, Қазақстанда өндірілген ет Түркияға тасымалданады. Бұл үшін мамыр айының ортасында басталатын Ақтөбе-Анталья арасындағы әуе рейстерінің жүк тасымалын қолданбақпыз,-дейді басқарма басшысы.

    Ақтөбе облысында шетелдік инвесторларды тарту жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Бұл мақсатта шет тілін білетін қазақстандық студенттердің де еңбегі зор. Бүгінгі таңда аумағы 200 мың гектарды қамтитын индустриялдық аймақта екі жобаның құрылысы басталды. Бірі автокөліктердің ескі дөңгелектерінен балалар алаңына қажетті резеңке жабындылар шығарады. Жоба құны 3,25 млн АҚШ долларын құрайды. Ал екіншісі автокөлік салқындатқышына қажетті антифриз сұйықтығын өндіреді. Басқарма басшысы мұнайлы өлке болғандықтан, шикізаттан тапшылық болмайтындығын айтады. Мұнда жылына 3 мың тонна өнім шығарылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ алдағы уақытта полиэтилен қалталарын, тау-кен шахталарына арналған бекітпе бұйымдарды шығаратын және көмір мен көмірсутекті өңдейтін өндіріс орындары да ашылмақ.
    Баспасөз конференциясы барысында журналистер Қайрат Бекеновтің былтыр ұрланған қызметтік автокөлігі туралы да сұрады. Басқарма басшысының “Тойота Ланд Крузер-200”автокөлігін өткен жылы 22 желтоқсанда белгісіз біреулер Бөкенбай батыр көшесіндегі үйдің ауласынан айдап әкеткен болатын.

    - Полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікті тауып, компанияға қайтарды. Бірақ қазір Джип автокөлігін емес, басқа көлікті мініп жүрмін,-деді Қайрат Бекенов.
    Алдағы уақытта Ақтөбеде әлемдік киім брендтері де шығарылуы мүмкін. Бүгінгі таңда тоқыма өнімдерді шығару үшін Түркия кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізілді. Ақтөбенің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысқан түріктер жем-шөп шығаратын зауыт пен қызанақ өсіретін жылыжай салуға да ұсыныс білдірген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде алты әлеуметтік дүкен ашылады
  • Әлеуметтік дүкен ашылды
  • Ақтөбеде азық-түлік тағы да қымбаттай бастады
  • Арзан азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Ақтөбеде ӘКК басшысы тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге