Өмірге құштар қыз

    Өмірге құштар қыз

    Ақтөбелік Гүлзат Қужениязова жұмыссыз жүрген жастарға қарап, таңқалатынын айтады. Еңбек етем деген адамға, екі қолға бір күрек табылатынына сенеді. Бала кезінен есту қабілеті бұзылған. Сонда да болса өзін жарымжанмын демей, үнемі еңбек етумен келеді. Ол өзін біреудің мүсіркегенін қаламайды.

    Гүлзат 11 ықшамауданда орналасқан шаштараздардың бірінде жұмыс істейді. 27 жастағы Гүлзат Қужениязова бұл шаштаразда 8 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол басында жұмыс іздеп, біраз жердің табалдырығын тоздырған. Сөйлей алмайтынын білгеннен кейін, ешкім жұмысқа алмаған.

    - Басында жұмыс таба алмай қиналдым. “Динара” шаштаразы ашылып жатыр екен. Шаштараз иесі қабілетіме қарап, бірден келісті. Қатты қуандым. Содан бері осында жұмыс жасап келемін,-дейді Гүлзат Қужениязова.

    Анасы Мәншүктің айтуынша, кенже қызы 1,5 жасында минингитке шалдыққан. Қатты науқастанып, құлағы естімей қалады. Баласы сырқаттанып қалғасын отбасымен Қобдадан облыс орталығына қоныс аударады. Ол 7 жасынан бастап Ақтөбе облыстық есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында оқиды. Ата-анасы да сол мектепке жұмысқа орналасады.
    Гүлзат өзін жарымжанмын деп есептемейді. Оған жұмысы дем береді. Айналасына мейіріммен қарайды. Ол өз кәсібін ерекше жақсы көреді. Өзін мүсіркей қарағанды ұнатпайды. Еңбекқорлығы соншалық, күндіз шаштаразда, кешке қарай өзі білім алған мектепте тәрбиешінің көмекшісі болып жасайды.

    - Мен барлығын ыммен түсінемін. Кейде мені аяп, артық ақша тас-тап кететіндер болады. Ол кезде ыңғайсызданамын. “Керек емес” деп айқайлағым келіп кетеді. Шынымды айтсам, ештеңеге мұқтаж емеспін. Бір тиын болса да, еңбек етіп тапсам деймін. Анам мені кішкентайымнан адалдыққа баулыды. Сондықтан, он екі мүшесі сау, жұмыссыз жастарды көргенде жаным ашиды. Менің ойымша, іздеген адамға жұмыс табылады,-дейді ол.
    Шаштараздағы әріптестері Гүлзаттың клиенттері көп екенін айтады. Кейде кезек күтіп қалатындар да бар көрінеді. Қасындағы қыздар оны жауапкершілігі мол, ісіне ұқыпты, адал деп сипаттап берді. Гүлзат тұрмысқа шығып, көпбалалы болсам дейді. Оның есту қабілеті бұзылғанымен мақсаттары нақты, армандары биік. Өмірге деген құштарлығы ерекше.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Еңбек инспекциясы мұнайшыларға еңбекақы төленбегендігінен бейхабар
  • Еңбекпен есейген студенттер
  • Жұмыссыз жастар назарына!
  • Құлағының мүкісі бар балалардың Астана күніне тартуы
  • Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
  • Пікір

    ^ Үстіге