Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?

    Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?

    Оқу жылы аяқталуға санаулы күндер қалды. Қазір Ұлттық бірыңғай тест тек түлектерді толғантып қоймасы анық. Ата-ана баласының, мектеп білім деңгейінің сапасынан сүрінбей өтуді көздейді. Биыл жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушылар үшін тағы бір мүмкіншілік берілмек. Бұл туралы “Keрeк.info” тілшісіне облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлбекова хабарлады.

    Ақылы тест тапсырады
    Гүлжан Құлбекқызының айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл да жылдағыдай өткізіледі. Тапсыру тәртібі, балалардың өтініш беру реті – барлығы бұрынғыдай сақталады. Жыл сайын тест тапсырмалары жаңартылып отырады.
    -Бұл қалыпты жағдай, - дейді бөлім басшысы. - Функционалдық сауаттылықты арттыруға байланысты жылда логикалық сұрақтардың қатары толықтырылады. Оқушылардың схема, таблицамен, тарихи құжаттармен жұмыс жасауы қарастырылады. Түлектер оқулықпен ғана шектелмей, жан-жақты ізденуі керек. Осыған байланысты тарих пәндері бойынша арнайы тапсырмалар болады.
    Өкінішке орай, тиісті 50 балды жинай алмай қалатындар бар екендігін айтқан маман, оның себептерінің әртүрлі екендігін де жеткізді. Сондықтан оқушыларға тағы бір мүмкіндік беру үшін екінші қайтара тестілеуден өтеді. Бұл ҰБТ-ке қатысқан оқушылардың барлығы екінші қайтара тапсырады деген сөз емес.
    -50 балды жинай алмаған оқушылар ғана осындай мүмкіндікке ие болады. Бұл кешенді тестілеу деп аталады. Екінші қайтара тапсырудың өзіндік тәртібі бар. Біріншіден, жоғары оқу орнына түскісі келетін, бірақ тиісті 50 балды жинай алмағандар, екіншіден , қайта тест тапсырғандар грантқа үміткер бола алмайды. Ал, үшіншіден, бұл тестілеу ақылы өтеді. Бұл оқушылар 2242 теңге көлемінде ақы төлейді. Сонымен қатар, екінші тестілеуден өтіп, жоғары оқуға түскендер тек ақылы негізде ғана білім ала алады. Жоғары балл жинаса да грантқа үміткер бола алмайды. Биылғы ҰБТ жаңалығы да осы, - деді Гүлжан Құлбекова.
    Колледжге, халықаралық университеттерге оқуға түскісі келетін түлектер үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. Олар мектепте міндетті және қосымша пәндерден емтихан тапсырады.
    Мамыр айындағы мәліметтер бойынша, облыста 6 мыңнан астам бала мектеп бітіргелі отыр. Олардың ішінде 5 мыңға жуығы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Жылдағы көрсеткішпен бірдей.

    “Алтын белгіден” үміткер үш жүзден астам түлек бар
    Халықаралық олимпиадаларға қатысып орын алған оқушылар тестілеуден босатылады. Облысымызда жыл сайын жетпіске жуық оқушы халықаралық олимпиададан орын алып келеді. Ал, биыл “Алтын белгіден” үміткер үш жүзден астам түлек бар.
    Жалпы ҰБТ сертификаты жылдың соңына дейін ғана жарамды. Сондықтан жоғары оқу орнына биыл түспейтіндер келесі жылы кешенді тестілеуге қатыса алады.
    Отбасы жағдайларына байланысты немесе ауырып қалған оқушылар арнайы анықтаманы алып келіп, екінші кезеңдегі тестілеуге қатыса алады.

    Білім сапасы төмен орта мектептердіңорнына негізгі мектептер ашылады
    Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жылда ҰБТ-ден Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Хромтау аудандары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Оқушылардың қатысуы, алатын орташа балдары, “Алтын белгіні” қорғауда да жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бөлім басшысы кей аудандар балаларды іріктеп қатыстыратынын да жасырмады.
    - Әйтеке би ауданының көрсеткіші басқа аудандармен салыстырғанда төмен. Жылда Ырғыз ауданы осылай төмен көрсеткішпен келді. Қазір нәтиже жаман емес. Білім сапасын көтерді. Көрсеткіш төмен деген сөз – бұл сол ауданның барлық мектептерінде білім сапасы төмен деген емес. Оларды кейін тартатын мектептер болады. Бір ауданнан 10-20 оқушы өте төмен балл алса, көрсеткіштің төмендегені сол.
    Гүлжан Құлбекованың сөзінше, жылда төмен сапа беретін мектептер, мысалы Мәртөк ауданындағы Родниковка мектебі бар. Бұл – облыстағы білім сапасы нашар мектептердің бірі болып саналады. Әйтеке би ауданында Северный, Белқопа орта мектептерінің білім деңгейлері мәз емес. Бұл білім ордаларында жоғары оқу орындарын бітірген мамандар сабақ береді. Дегенмен, осы мектептердің сапасы алдағы сынақтарда тағы да нашар болатын болса, олардың қызметі қайта қаралуы мүмкін. Орта мектептен негізгі мектепке ауыстыру қажеттігі туындап отыр,-дейді бөлім басшысы.

    Келесі жылы ҰБТ түбегейлі өзгеруі мүмкін
    Гүлжан Құлбекқызы алдағы уақытта ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін екендігін де айтты. Оның ерекшелігі – оқушылар мектепте де, түсетін оқу орнында да тестілеу түрінде емтихан тапсырады. Қазір арнайы тәжірибеден өтіп жатқан мектептер де бар. Келесі жылға дейін аталған мәселе нақтыланып, жан-жақты қаралатын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсырудың құны белгілі болды
  • Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар
  • Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды: Оқушылардың үлгерімі өсті
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге