Қарызға батқан мұнай компаниясы басшысына іздеу жарияланды

    Ақтөбеде жұмысшылар алдындағы қарызы 17 миллионға жеткен мұнай компаниясының басшысына құқық қорғаушылар іздеу жариялаған. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Мирболат Райымқұлов мәлімдеді.

    Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Мирболат Райымқұлов 17 мамыр күні “Ақтөбе ақпарат” орталығында баспасөз конференциясын өткізді. Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстарының нәтижесін баяндады.

    Өткен жылы басқарма 831 тексеріс жүргізген. Әсіресе, жұмысшылардың құқықтарына қысым жасау, ай сайынғы еңбекақыны кешіктірумен байланысты 1196 түрлі заңбұзушылықтарды анықтаған. Жұмыс берушілерге 23,9 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынған.
    Ақтөбеде еңбекақы бойынша мерзімі өтіп кеткен екі кәсіпорын тіркелген. Екі мекеменің жұмысшылар алдындағы қарызы 32,7 миллионға жеткен. Атап айтсақ, “ОйлТехноГрупп” ЖШС (15,4 млн) мен “Мұнай Сервис Ақтөбе” ЖШС (17,3 млн). Алғашқысы еңбекақы бойынша берешектерін толық өтеген. Ал, екінші компания берешегін өтеуге әлі де асығар емес. Осыған орай басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

    - Аталған кәсіпорын жұмысшыларға уақытылы еңбекақы төлемей келген. Қазір қаржылық жағдайының жақсару мүмкіндігі жоқ. Заңнамада қарастырылған барлық ықпал ету шаралары қабылданды. Басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол кісі Ақтөбе облысынан кетіп қалған. Қазір басшыны құқық қорғаушылар іздестіруге беріп жатыр,-дейді Мирболат Райымқұлов.
    Мирболат Райымқұловтың айтуынша, компанияның мүлкі тәркіленген. Одан басқа мүмкіндік қалмаған. Сот орындаушылары мүліктерді сату арқылы берешектер өтелетін болады. Ұжым бар. Сондықтан, бұл мәселені еңбек инспекциясы мен прокуратура қадағалауда ұстап отырғанын жеткізді.

    Баспасөз конференциясында өндірістік жарақаттар туралы да айтылды. Басқарма басшысы Мирболат Төлеуұлы жазатайым оқиғалардың болуының себебін -жұмыс берушілердің жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмауы және еңбек қауіпсіздігі бойынша қарапайым талаптар ескерілмейтіндігімен байланыстырды.

    Былтырғы жылдан бастап күні бүгінге дейін өндірісте 103 адам зардап шеккен. Кәсіпорындарда болған 92 жазатайым оқиғадан 17 адам қаза тапқан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде зауытта жарылыс болып, екі адам қаза тапты
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз

  • Екі жүз мұнайшы жұмыссыз қалды
  • Жалақы қарызы - 110 миллион теңге
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге