Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ

    Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ

    Ақтөбеде азаматтарды қабылдау қосындары алдағы уақытта да жұмыс істейді. Әр сенбі сайын тұрғындардың ұсыныстары мен арыз-шағымдары қабылданады. Бұл жөнінде жер реформасы бойынша үш жақты комиссияның отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

    Ақтөбеде 21мамыр күні митинг болған жоқ. Жерге қатысты сұрақтар бойынша 4 қабылдау комиссиясы жұмыс істеді. Бір күннің ішінде қала тұрғындарынан 415 сұрақ қабылданды. Оның 230-ға жуығы жер телімін алуға өтініш білдірген. Ал 41 адам жер телімін жалға алуға және тағы 40 тұрғын кәсіп ашуға ниет білдірді. Қабылдау пунктіне келгендердің тағы бір бөлігі жұмыс сұрай келген. Бердібек Сапарбаев бұл сұрақтардың жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

    - Әлеуметтік желілерді де зерттедік.Онда жазылған 67 мәліметтің 56-сы оң, ал 11-і қарсы пікір болды. Олардың кейбірі-халықты ойландырып жүрген мәселелер. Алдағы уақытта бұл мәселелерді бақылауға аламыз, -деді Бердібек Сапарбаев.
    Қоғамдық қабылдау кезінде халық мұндай кездесуді алдағы уақытта да өткізуге ұсыныс білдірген. Облыс әкімі бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Алдағы 2-3 айда мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері Достық үйінде, облыстық филармония мен драма театрда қабылдау өткізіледі. Арнайы бөлме беріліп, телефон орнатылады.
    - Биліктің кемшілігі – халықпен сирек кездесетіндігінде. Халықпен жиірек кездессек, Елбасы айтқандай, біріншіден, өзіміздің мәселеміз аз болады. Екіншіден, халықты толғандырып жүрген мәселелерді тездетіп шешіп, жағдайларының жақсаруына көмектесеміз.Сондықтан, осыны ескере келе Ақтөбеде және барлық аудандарда құрылған топтар өз жұмысын жалғастырады деген шешім қабылдадық,-деді облыс әкімі.
    Жиын кезінде Бердібек Сапарбаев халықты әлеуметтік желі арқылы митингке шықпауға шақырған қоғам белсенділері мен комиссия мүшелеріне алғыс айтты.
    Айта кетелік, жер мәселелері бойынша қабылдау қосындары Ақтөбе облысында өткен сенбіден бастап жұмыс істей бастады. Оның құрамына жер реформасы бойынша үшжақты комиссия мүшелері, қоғамдық кеңес пен өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

    Бердібек Сапарбаев: Калий зауыты қоғамдық тыңдаусыз салынбайды
    Жиын барысында Бердібек Сапарбаев көпшілікті алаңдатқан калий зауытының жағдайына да тоқталды.
    -Соңғы кезде БАҚ беттерінде “калий зауытын қытайларға берейін деп жатыр” деген мәліметтер көбейді. Бұл мәселе қоғамдық тыңдаусыз шешілмейді. Сондықтан даурығуға еш негіз жоқ. Барлығы бақылауда. Экологиялық талаптар сақталады,-деді әкім.
    Облыс әкімі Ақтөбе облысында қолға алынғалы отырған калий өндірісінің жаңа жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізетіндігін атап өтті.
    -Бұл өте үлкен әрі қымбат жоба. Құны 600 млн евроны құрайды. Жаңадан 1100 жұмыс орны ашылады. Алайда қоғамдық тыңдаусыз, бұл мәселе шешілмейді. Бірлесіп пішкен тон келте болмайды. Айқай-шумен ешқандай мәселе шешілмейді, -деді әкім.

    Орындалмаған уәде
    Ақтөбедегі орталық саябаққа саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш қойылуы тиіс еді. Алайда, билік берген уәде әлі күнге орындалмай отыр. 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қоғамдық белсенділердің бірі Көшкінбай Ахметов облыс әкімі алдында осы мәселені көтерді.
    -Қуғынға ұшырағандарды еске алу үшін Түйетөбеге жылына тек бір рет, 31-мамырда барамыз. Әрі кетсе 1 сағат жиын өткіземіз. Содан кейін шейіт болғандарды мүлдем ұмытамыз. 90 жылдардың басында орталық саябаққа тас қойған едік. Ол жерге кейін қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш орнатылады деген едік. Ол кезде Сәния Қалдығұлова қала әкімінің орынбасары еді. “Жігіттер, мен сендерді қолдаймын,көмектесемін” деп уәдесін берді. Алайда, қаржы тапшылығы болды ма, бұл мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Қазір ол жерге белгі ретінде қойған тасымыз да жоқ. Ескерткіш қойсақ, оның тәрбиелік мәні үлкен. Үйленген жастар суретке түсер еді. Мектеп бітірген оқушылар да естелікке суретке түсер еді. Осыны шешуге қолқабыс етсеңіз”деді Көшкімбай Ахметов.
    Өз орынбасары мен қала әкіміне тапсырма берген Бердібек Сапарбаев ескерткіш мәселесін шешуге уәде етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев екі шенеунікке сөгіс жариялады
  • Баспасөз қызметі: Бердібек Сапарбаев ешбір әлеуметтік желіде тіркелмеген
  • Университет технопарк салмақшы
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Түйетөбеде қаралы митинг өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге