Түйетөбе: тарихқа айналған тағдырлар

    Түйетөбе:  тарихқа айналған тағдырлар

    Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Түйетөбеге жүзден аса адам жиналды. Олар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жазықсыз құрбан болғандарға Құран бағыштады.

    Шараға қатысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев сол кездегі солақай саясаттың кесірінен еліміздің бетке ұстар қаймақтары құрбан болғандығын атап өтті.
    -Ашаршылықтан енді басын көтерген қазақ халқы саяси қуғын-сүргінге тап болды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл сол кездегі солақай саясаттың кесірінен болған еді, - деді Бердібек Машбекұлы. - Қазақтың нағыз қаймақтары, қазақтың білімді, жігерлі, “ұлтым” деген азаматтары тұтқындалды. Алаш азаматтары Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтар қазақтың болашағы үшін еңбек еткен азаматтар болатын. Ақтөбеліктер де сол саясаттың құрбаны болды. Мыңдаған азаматтар осы төбеде атылды. Біз өткенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазір сол кісілердің армандары орындалып, тәуелсіздігімізді алдық. Ендігі біздің бәріміздің міндетіміз – тәуелсіздігімізді сақтап, еліміздің бірлігін, ынтымағын нығайтуымыз керек.

    Бір үйден бірнеше адам атылған
    Төбе басына балаларын, немерелерін ертіп келгендер де аз емес. Солардың бірі – жасы сексенге келген Жәдігер Қадірбердиев. Оның атасы, әкесі, әкесінің ағасы қуғын-сүргін құрбаны болып, атылып кеткен. Атасы молда болған адам. Олардан тараған балалар жан-жаққа кеткен. Ал көкесі Сражатдин ұсталғанда бес жаста болған Жәдігер бәрі сол кездегідей көзалдында екенін айтады.

    Жәдігер Қадірбердиев:
    -Менің атам, әкем, әкемнің ағасы – бір үйден үш адам атылып кеткен. Жамаладин Қадірбердіұлы – әкем. Отызыншы жылдары бай-молдалардың тұқымын құрту керек деген ұран шыққаннан кейін атам Қадірберді мешітті жауып, Байғанин ауданының Алтай совхозының аумағына қашып, бас сауғалаған. Атам Бұқар жаққа бір баласын, кіші әйелін алып кетеді. Оның балалары бірге болу мүмкін болмағандықтан әр жаққа кеткен. Осылай тоз-тоз болған. Әкем Жамаладинді 37-ші жылы Байғаниннен ұстайды. Түрменің қарамағында жүріп, қаладағы элеваторда жұмыс жасайды. Қазіргі 11-ші ықшамауданның орнына ағаш үйін тігіп, малдарын әкеліп, жұмыс істейді. Ол 37-ші жылы атылды. Прокуратурадан сұрап, ісімен таныстым. Оған жабылған жала – атасы Қадірберді ахун мешіт ұстаған. Тобанияз ханмен дос болған делінген. Олар бір-бірімен жақсы араласқан. Ол Тобанияздың өзі де қырықыншы жылдары атылып кеткен. Сонымен қатар, әкем “социалистік құрылысқа жат қылық жасаған. Ол жұртты азғырып жүр. Ортаға түскен колхоз малын өздеріңдікі деп үгіттеп жүр” делінген. Ал әкемнің ағасы Сражатдин қырқыншы жылдары атылды. Мен ол кезде бес жастамын. Оны алып кеткені әлі күнге дейін есімде. Ол кісінің атылар алдында түрмеде түскен суретін маған берді. Бірақ бұл кісінің құжаттарын әлі күнге дейін таба алмай жүрміз. Тапсырған заттарын басқа біреу алған.
    Жиналғандардың арасында алты жылдан бері осы Түйетөбеге келуді дәстүрге айналдырған – Зәкіржан отбасы. Кезінде молда болып, Көкарал ауылында мешіт тұрғызған атасы Жанияз Ізтілеуұлына жазықсыз жала жабылып, атылып кеткен. Артында қалған жалғыз баласы Имамадиннен бес бала тарайды.

    Зәкіржан Имамадинұлы, Шалқар ауданының тұрғыны:
    -Жанияз Ізтілеуұлы – 1937 жылы ұсталған. Ақын, молда болған кісі. Атам Көкаралдікі. Сол жерде балаларды оқытқан. Мешіт салған. Жазықсыз атылғанын білген соң, ол туралы мәліметтерді жинадық. Атамыздан бір бала қалды. Менің әкем. Бес бала тарайды. Міне, сол балаларынан қалған ұрпақтары бүгін осы жерге келіп тұрмыз. Ұстап алып кеткеннен кейін, хабарсыз кетті. Кейін атылып кеткенін естідік. 1996 жылы ақталды деген телеграмма келді. Бірақ қай жерге жерленгенін білмейміз. Атамыз ұсталғаннан кейін хабарсыз кеткен.
    Жанияз ишан 77 жасында ұсталып кеткен. Қазір өзі тұрған Ақбасты ауылындағы мешіт әлі күнге дейін бар көрінеді.
    -Кешегі күнге дейін мен төлқұжат алғанда әкем Имамадиннің атын жаздырмай, “Назаевич” боласың деп жаздырды. “Назай” әкемнің жасырын аты. Менің әкем де атам ұсталған соң қудаланған, - дейді Зәкіржан Имамадинұлы.

    Бір ауылдан 81 адам қуғынға ұшыраған
    Облыс бойынша сегіз мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған. Олардың ішінде екі мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Десек те, ол адамдардың қай жерде жерленгені әлі де зерттеуді талап ететіндігін айтқан ардагер Елубай Жұмабаев, ешқандай із қалмағандығын айтады. Бұрынғы прокуратура қызметкері облыс-та қуғынға ұшырамаған аудан қалмағандығын да атап өтті. Денелері қай жерде жерленгені белгісіз болғандықтан, ұрпақтары әлі күнге дейін іздеумен жүр.
    -Құжаттарда адамның қанша жылға сотталғаны, қанша адамның ату жазасына кесіліп кеткені, сол жазаның орындалғаны туралы ақпарат бар. Басқа қай жерде атылғаны, қайда жерленгені туралы мәлімет жоқ. Бұл үлкен қасірет. Шет жерлерге қудалап, дүниелерін кәмпескелеп, басқа жаққа жер аударған. Республика, облыс бойынша интеллигенция, қайраткерлермен бірге кейбір жай қарапайым адамдар, соның ішінде дін жолында жүрген молдалар да қуғынға ұшыраған, - дейді Елубай Жұмабаев. - Біздің облыста қуғынға ұшырамаған аудан қалмаған. Ол кездері НКВД арнайы жоспар жасап, облыстан, ауданнан өздері белгілеп, жоспарлаған. Соның мынадай пайызы сотталу керек, осыншамасы атылу керек деген жоспар болған.
    Елубай Жұмабаевтың зерттеуі бойынша, Байғанин ауданында Доңызтау деген жерде 81 адам қуғынға ұшыраған. Соның ішінде 21 адам атылып кеткен. Олардың ішінде Жиенғали Жұмағалиев деген молда, Жанеділ Дәрібаев секілді ауыл тұрғындары бар екен. “Ақтөбеден сегіз жүз шақырым жерде орналасқан ауылдың адамдары үкіметке қандай қауіп төндіруі мүмкін?! Өз-өзімен, бейбіт өмір сүріп, жастарды, балаларды молдалар оқытып, ұйып отырған ауылдың азаматтары. Олардың ешқайсысы үкіметке қарсы шыққан емес. Тек жабылған жаламен қуғынға ұшыраған” дейді ардагер.
    Тоқсаныншы жылдардан бері, еліміз егемендік алғалы, бұл мәселе жарияға шықты. Бәрін анықтау үшін облыстық прокуратураға барып, кез-келген мәліметті ашық алуға болады. Қуғынға ұшыраған адам жөнінде жақындары мәлімет алуға болады.

    Айта кетейік, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өткен ғасырдың 30-50 жылдарында облыс бойынша 8 мыңға жуық адам “халық жауы”, “алашордашылар” деген айыппен тұтқындалып, тергеуден өткен. Оның ішінде 2011 адам ату жазасына кесілген. Еліміздің зиялы азаматтары жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып кетті. Ал 38-ші жылдары халықтық сипат алған жазалаудан 100 мың қазақстандық түрмеге қамалып, 30 мыңға жуығы атылып кеткен. Олар негізінен қазақ ғалымдары, жазушылары, мемлекет қайраткерлері еді.

    Ал “Түйетөбе” деп халық қай заманнан бастап атағаны белгісіз. Биік төбенің айналасы терең шұңқырлар мен орлар. Ертеректе адам сүйектерін көргендер ол туралы айтуға баталмаған. Сексенінші жылдары Ақтөбе пединститутының тарих факультетінің экспедициясына жетекшілік еткен Сергей Гуцалов пен Геннадий Макарьевич Жаманқарғалыда қазба жұмыстарын жүргізеді. Осы экспедицияға қатысушы студенттер Түйетөбе маңында жаншошырлық оқиғаға тап болды. Көктемгі су тасу кезінде судың бетіне үңгірден адам сүйектері қалықтап шығады. Олардың бас сүйегінен тапанша оқтары табылған. Жазықсыз жазаланғандар сүйегі 1990 жылдары қайтадан жерленеді. Ал 1997 жылы Түйетөбе басына граниттен ескерткіш орнатылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ
  • Ақтөбеліктер Жеңіс күнін тойлады
  • Жол инспекторы атылып қайтыс болды
  • Ақмола облысындағы уақытша ұстау изоляторында полицей атылып өлді
  • Түйетөбеде қаралы митинг өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге