Жастар қаза болғандарға арнап гүл шоқтарын қойды

    Ақтөбелік жастар “Паллада” қару-жарақ дүкенінің алдына аза тұту ретінде гүл шоқтарын қойды.

    “Жас Отан” жастар қанаты мен Қазақстан жастар конгресі филиалының және жастар ұйымдарының бастамасымен өткен шараға отызға жуық белсенді қатысты.

    Асылжан Бүркіталин, “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:
    -Бүгін жастар ұйымдары бірігіп , гүл шоқтарын қоюға жиналдық. Осыдан соң барлығымыз Қан орталығына қан тапсыруға барамыз. Бұл шараны әлеуметтік желі арқылы да тараттық. Бейбіт күнде біздің қаламызда осындай оқиғаның орын алғаны өкінішті. Ата Заңымызда “мемлекет үшін басты құндылық – онда өмір сүріп жатқан адамдар мен олардың өмірі” делінген емес пе?!
    Жиналған белсенді жастар қалада тұратындар. Ал қазір каникул кезі болғандықтан студенттердің көбісі ауылдарына кетіп қалған.
    Оқиғаға байланысты көптеген іс-шараларды тоқтатуға тура келді.
    Қаладағы жастардың өзін ата-аналары сыртқа шығармай отырған көрінеді. “Ата-аналарымыз қорқады” дейді белсенділер.
    Ерхан Мырзағұлов,
    студент:
    -Бүгін Ақтөбе қаласының жастары болып, қаза тапқандарға құрмет ретінде гүл шоқтарын қоюға жиналып тұрмыз. Олардың арасында қарапайым тұрғындар да, лаңкестерге қарсы әрекет еткен әскерилер де бар. Біз оларды ұмытпаймыз.

    Айта кетейік, кеше Ұлттық гвардияның №6655 әскери бөлімінде қаралы митинг өтті, “Пантера” дүкенінің алдына гүл шоқтары қойыды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасына 5 миллион теңгеден беріледі
  • Ақтөбеде қару-жарақ дүкенінің сатушысы өз туған күнінде жерленді
  • Жастар ісі жөніндегі комитеттер бір-бірімен жарысты
  • Жұмыссыз жастар назарына!
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге