Пікір

    Пікір

    Амангелді Айталы, қоғам қайраткері:
    -Бұл – жалпы үлкен мемлекеттік мәселе. Бірақ бұл жерде дін мәселесі жоқ. Бұл жағдайды дінге аудару құқық қорғау орындарының өздерін ақтаудың жолы. Ондай жағдай жиі кездеседі. Ашу-ыза секілді себептері бар. Бір нәрсе назар аудартады. 2011, 2012 және 2016 жылы да неге осындай террористік топтар шенділерге шүйлікті? Жасыратыны жоқ, біздің құқықтық органдарында әлі де мәдениеттен гөрі, адамды сыйлаудан гөрі, күдіктену, шіреніп қорқыту, орынсыз қамауға алу сияқты, баяғы КГБ-ның кейбір әдістері қалған. Бұл қызметкерлер және мемлекеттік қызметкерлер сталиндік тәрбиеден аса алмай жүр. Олардың бірқатары демократиялық тәрбиеден өтпеген. Әлеуметтік жағы да бар. Қазір баяғыдай өндіріс орындары, совхоз, колхоз, кәсіподақ деген жоқ. “Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен” заман. Көбісі жұмыссыз. Әркім әртүрлі кәсіппен шұғылданады. Сондықтан адамдардың немен шұғылданып жүргенін, қалай табыс тауып жүргені, неден тәлім-тәрбие алып жатқаны белгісіз.

    Біздің билік бұл мәселеге терең үңіліп қарау керек. Асқар тау сияқты асу бермейтін, “біздікі дұрыс, жағдай жақсы” деп мақтана берсек, жағдай шиелене түседі. Жалпы, құқық қорғау органдарында, әкімдікте, білім саласында, мәдениет жұмысында осы мәселе. Ал енді “құрттық, сазайын алдық” десек, ертең бұл тағы қайталанады. Ауруын жасырған өледі.

    Елдің ішінде әртүрлі діни ағымдардың болуы – бұл заңды. Қазақстанда православ дінінің үш бағыты бар. Осы үш ағым бір-бірімен қырылысып, бір-бірін қудалап жатқан жоқ. Біздегі ағымдарды да қудаламай, олармен жұмыс жасаудың жолын іздеуіміз керек. Ең бастысы – ел болып қазақтың дәстүрін, салтын қорғауымыз керек, Конституциямызды бұзуға оларға жол бермеуіміз керек. Ал басқа жағдайда олармен мылтықпен емес, мәдениетті түрде диалогқа келуіміз керек. Өкінішке орай, біздің имамдар ондай диалогқа бара алмайды. Жалтақ. Биліктен қорқады. Шетелден білім алып келген жас имамдардан ығысады. Олар да өз қателіктерін теріс ағымдағылардан көреді.
    Біз теріс ағымдағы шамалы топпен жұмыс жасап, соларды үгіттей берсек, кешенді жұмыс болмаса, ел тыныш болды деу қиын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Дін және БАҚ
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • МӘҢГІЛІК ЕЛ – АСЫЛ МҰРАТЫМЫЗ
  • Былтыр 574 ақтөбеліктің 91-і дәстүрлі дінге оралған
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге