Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, жұмыссыздық саны артуда

    Ақтөбе облысында ресми тіркелген жұмыссыздардың саны екі есе өсті. Алайда, әзірге ақтөбеліктерді жұмыспен қамту бойынша түбегейлі жаңа шаралар қабылданып жатқан жоқ.

    Ақтөбе облысындағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық дағдарыс жылдарындағы рекордты көрсеткішке жетті. Егер теңге құнсызданғаннан кейін екі айдан соң жұмыспен қамту орталықтарында 1 183 адам тіркеуде тұрса, 2016 жылдың мамыр айында 2 272 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған бағалау жүйесі бойынша облыста 20 400 адам жұмыссыз жүр.Жұмыссыз ретінде тіркелгендердің басым бөлігі Ақтөбе (900 адам) мен Мұғалжар аудандарында (454 адам )тұрады.

    Баға өсіп жатыр, алайда жалақы жоқ
    Баға күн сайын өсіп жатыр. 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда биыл мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 4 пайызға, азық-түлік емес тауар бағасы 3,6 пайызға қымбаттаған. Әсіресе, ақылы қызметтердің бағасы 8,8 пайызға шарықтап кеткен.
    Десе де орташа айлық еңбекақы жоғарылаған жоқ деуге болады. 2015 жылдың қыркүйегінде оның деңгейі 107 089 теңгеге жетсе, 2016 жылдың сәуірінде орташа айлық жалақы бар болғаны 107 596 теңгені құрады.
    Бұрындары статистика департаменті ақтөбеліктердің атаулы ақшалай табыстары мен нақты ақшалай табыстары туралы мәліметті жүйелі түрде ұсынса, жыл басынан бері бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек соңғы рет 2015 жылдың желтоқсанында азаматтардың нақты ақшалай табыстарының 10 пайызға төмендегені тіркелген.

    Экспорт пен өндіріс те құлдырауда
    Биліктің Ақтөбе облысының инвестициялық жақсартуға жұмсаған барлық әрекетіне қарамастан негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де артпай отыр. Қаңтар –мамыр айларында ол 80,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға аз.

    - 2016 жылғы қаңтар-сәуірде облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 221,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 24,1% азайды, оның ішінде экспорт – 107,5 млн. АҚШ долларын құрады (11,6% азайды), импорт – 114,2 млн. АҚШ долларын құрады (33,1% азайды),-деп хабарлайды Ақтөбе облысының статистика департаменті.

    Облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі де өскен жоқ. Ол 435,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5% кем.

    Естіген жоқсыз ба?
    Ақтөбе облысындағы лаңкестік оқиғадан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысындағы барлық жұмысты есепке алып, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізуге тапсырма берген еді.

    Алайда тапсырма берілгеніне қарамастан жұмыспен қамту органдарының қызметінде түбегейлі өзгерістер болмаған болып шықты.
    - Біз “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы бойынша және арнайы құрылған кешенді жоспар бойынша жұмыс жасауды жалғастырып жатырмыз. Жаңа бағдарлама енгізілген жоқ, -дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Нұрия Аблакимова.

    Оның айтуынша, жұмыспен қамту органдарында Ақтөбе қаласының 900 тұрғыны жұмыссыз ретінде тіркелген.
    “Олармен қандай да бір жеке жұмыс жүргізіле ме?” деген сұраққа бөлім басшысының орынбасары “Біз бұған дейін де әрқайсысымен жеке –жеке жұмыс жүргізіп келеміз” деп жауап берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктерге 485 бос жұмыс орны ұсынылды
  • Табысы аз азаматтарға ақшалай көмек көрсетіледі
  • Зейнетақысы аз қарттарға тегін азық-түлік беріліп жатыр
  • Сотталғандар жұмысқа орналасуға құлықсыз
  • Қалада дәрігерлер жетіспейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге