Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

    Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынбақ. Оны салу үшін облыс әкімдігі мен Нидерландының “RentehB.V.” қаржы холдингі арасында меморандумға қол қойылған. Бұл туралы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл хабарлайды.

    Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, полигонды ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2016-2017 жылдарды қамтымақ. Жалпы облыс бойынша 14 тұрмыстық қалдық төгетін полигон бар. Ал биыл Мәртөк, Қобда және Қарауылкелді елді-мекендерінде полигон салуға негіздеме жасау үшін қаржы бөлінген.

    Басқарма басшысының айтуынша, облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жоспар бойынша қаладағы кәріз суларын құятын бекеттер салу, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысы іске асырылмақ. Сонымен қатар, қала аумағында “жасыл аймақ” жобасын іске асыру үшін де қаржы бөлінген.
    Ақтөбеліктердің мазасын алған “иіс” мәселесі де бір-екі жылдықта шешімін таппақ.
    -Полигонда жағдай белгілі. Кей уақыттарда жанып жатады. Солардың да иістері келеді. Оның бер жағында ескі полигон бар. Техника әкелініп ол жерлерге де жұмыстар жасалынып жатыр. Алдымен негіздеме жасалынып, құжат толтырылады. Бір-екі жылдың ішінде иіс, полигон мәселесі шешілу керек. Оған қаражат керек, - дейді Нұржан Байдәулетұлы. – Ескі полигонға қарама қарсы бетте спиртзауыттарының қалдықтары бар. Жаңбыр жауып, күн ысыған кезде солардың да иістері көтерілуі мүмкін деген болжамдар бар. Бұлар облыс экологтарымен бірге тексеріліп жатыр. Бұл үшін 75 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Ал Тұрғындар қалашығына келетін болсақ, ол жерде бірнеше шақырым жерде орналасқан канализацияны алмастыру керек. Бұл жағы да қарастырылып жатыр.

    Нұржан Аққұлдың пікірінше, бұл мәселе қаладағы жеке үйлердің орталықтандырылған кәріздің болмауынан да туындайды. Қазір үш жерде ғана қалдық суды төгетін орын бар. Оның айтуынша, бұл жұмыстардың бәріне ақша бөлінген. Жылда айтылып келе жатқан мәселе. Келесі жылы 41 разъездің мәселесі де қолға алынбақ

    Айта кетейік, кездесу барысында Елек өзенінің ластануына қатысты пікірлер де айтылды. Үш жыл бұрын өзеннің белгіленген аумағына тазарту жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде 6 валентті хром құрамы инертті 3 валентке түсірілген.

    -Елек өзенінің ластануы – ертеден келе жатқан мәселе. Салалық министрлік белгіленген №3 аумақты алып тазартқан. Қазір жұмысты жалғастыру жөнінде мәселелер көтеріп отырмыз. Бұл министрлік тарапынан жүргізілетін жұмыс. 800 гектарды құрайтын белгілі бір аумақты тазарттық. Оған 800 млн теңгеден астам қаражат кетті. Бұл 2012 жылғы баға көлемімен есептегенде. Ал қазір қалған аумаққа қанша қаржы керек екендігін айта алмаймын, - дейді бөлім басшысы Елена Лимешкина.

    Бұл химиялық реакция арқылы жүзеге асырылған... Ал тазалауды қажет ететін аумақ көлемі он шақырымнан асады екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастарға қызметтік тұрғын үй мен жатақхана салынады
  • 2005 жылы кезекке тұрғандарға жер учаскелері беріледі
  • “AKTOBE INVEST-2015” форумында 13 меморандумға қол қойылды
  • Қалада 872 жаңа жұмыс орны ашылады
  • Заңсыз полигон жұрттың наразылығын тудырды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге