Ақтөбеде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

    Ақтөбеде биыл үй құрылысы комбинаты іске қосылады. Бұл баспана бағасының арзандауына әсер етеді. Бұл жөнінде қала әкімі Ілияс Испанов қалалық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясында айтты.

    Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партия өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Өз есебінде қала әкімі алға қойылған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Ақтөбеде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Қалада қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 11 нысанның құрылысы басталды. Оның арасында 1000 орындық концерт залы бар Жастар сарайы мен Неке қию сарайы, Орталық музей, Хоккей модулі, Оқушылар сарайы, Спорт сарайы мен Мұз айдыны бар. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен салынған инвестиция көлемі де артты. Тұрғын үй құрылысының көлемі де ұлғайды. Алайда экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс жұмыстары мен бөлшек сауда айналымының көлемі азайып кеткен. Ілияс Испанов жыл соңында бұл көрсеткіштердің жақсаратындығына сенім білдірді. “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша 8,7 млрд теңге бөлінген. Бүгінде оның 2,5 млрд теңгесі игерілді. Қалған бөлігі жыл соңына дейін толықтай игерілмек.

    Үш жылыжай кешені пайдалануға беріледі
    Ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеу бар. Жыл басынан бері 8,1 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба ұсынылған. Қазір оның үшеуі іске қосылды. Ал қалғандары жыл аяғына дейін жүзеге асырылмақ. Биыл 22,5 мың гектар жерге егін егілді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Алдағы күзде шаруалар тағы 2,5 мың гектар жерге дәнді дақылдар егуді жоспарлап отыр. Қала билігі алдағы екі жылда суармалы жерлердің жалпы алаңын 9 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.
    - Қазір Ақтөбеде 3557 гектар суармалы жер бар. Келер жылы оның қатары тағы 2327 гектар жермен көбеймек. Ал 2018 жылы 3116 гектар алаң тағы суармалы жер ретінде қалпына келтіріледі. Осылайша суармалы жердің жалпы алаңы 9 мың гектарға жетпек. Бұл 1991 жылдың деңгейі,-деді әкім.
    Жыл соңына дейін Ақтөбеде үш жылыжай кешені іске қосылады. Бұл шаралар отандық өндірушілерді қолдау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр,- деп атап өтті Ілияс Испанов.

    Үй бағасы арзандайды
    Ақтөбеде биыл 14 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл 860 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ индустрияландыру картасы аясында 6 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба аясында 355 адам жұмыспен қамтылады.
    -Атап айтар болсақ, биыл жыл сайын 50 мың шаршы метр баспана тұрғызатын үй құрылысы комбинаты іске қосылады. Бұл үй бағасын арзандатады. Сондай-ақ индустриаландыру картасынан тыс 8 жоба жүзеге асырылып, 500 ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл- жылдық қуаты 85 мың тоннаны құрайтын рельсбалқыту зауыты. Бұған қоса жылыжай кешені, ет консерві цехы, логистикалық орталық салынады. Макарон өнімдерінің жаңа түрі шығарылады,-деді Ілияс Испанов
    Қазір Ақтөбедегі аумағы 200 гектарды құрайтын индустрияландыру аймағында 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін бұл жерде тағы 2 нысан іске қосылмақ.

    Тамыз айында ақтөбелік 540 отбасы баспаналы болады
    Биыл ˝Нұр Ақтөбе˝ ауданындағы 540 пәтерлік үш тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Баспана 2016 жылдың тамызында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында ˝Нұр Ақтөбе˝ ауданынан 1278 пәтерден тұратын 23 блок –секция салынып жатыр. Үй құрылысы 2017 жылы аяқталады. Бұдан өзге биыл терможаңғырту бағдарламасы шеңберінде 5 үйге жөндеу жүргізіледі.
    Әкім есебі кезінде шұрық -тесік жолдардың мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Ілияс Испановтың сөзінше, қазір ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 6 нысанда кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 12 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі күні оның алтауында жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 14 көшедеге жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қызылжар ауылында 1 млрд теңгеге автокөлік жолы салынып, қаланың ескі бөлігіндегі 13 көшеге жөндеу жүргізіледі деп күтілуде. Қаланың үш жеріне (Әбілқайырхан даңғылының бойында Ақтөбе Ажары СҮ маңы, Ә Молдағұлова даңғылының бойы ДСК аялдамасының маңы, Ә. Молдағұлова даңғылындағы Балдырған дүкенінің маңы) жер үсті өткелін салу үшін жобалық-сметалық құжат жасалып жатыр. Бұдан өзге жиналған қар мен жаңбыр суын ағызу үшін 14 суағар салу жоспарлануда. Олар Нұр Ақтөбе, Батыс- 1, Батыс- 2,11,12 мөлтек аудандарда және су басу қаупі бар бірқатар аудандарға салынады.
    Жиын барысында білім мекемелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету және халыққа жер беру мәселелері де талқыланды. Әкімнің сөзінше, бүгінде жер алу кезегінде 100 мың адам тұр. Бүгінгі күні 1359 жер учаскесі берілген. Жыл соңына дейін тағы да 2900-ге жуық жер учаскесін беру жоспарланып отыр.

    Дін мен екпе мәселесі сөз болды
    Қала әкімінің есеп беру жиынында мәслихат депутаттары да сауал жолдады. Олар жабайы сауда мен қаңғыбас иттерді жою мәселесін көтерді. Қоғамдық көлік пен атаулы әлеуметтік көмек жайын талқылады. Қоғамды дүрліктірген дін мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі әкімнен ұялы телефон сататын сақалдыларды бақылауға алуды ұсынды.
    -Базардың қасындағы сақалдылар ұялы телефон сатады. Оның ішіне не толтырылғанын ешкім білмейді. Оны кішкентай балалар оқып, мектеп бітіргеннен кейін терактіге дайындалады. Мына өмір жалған өмір дейді. Әдетте мектеп жұмыс істемейді, ата-ана жұмыс істемейді дейді. Осы мәселені бақылауға алсаңыз екен,-деді ол.
    Қалада діни себептерге байланысты екпеден бас тартушылар да көп. Бүгінгі күні 1218 адам егілуден бас тартып отыр. Оның ішінде 669 бала күні бүгінге дейін бірде-бір вакцина алмаған.
    -Маман ретінде айтарым, бұл алдағы 5-6 жылда халық арасында жұқпалы аурулардың жаппай тарауына әкеп соғуы мүмкін. Қазір халықты ақпараттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда қаржы жетпегендіктен, кей жұмыстар тоқтап тұр. Жұма күнгі уағыз кезінде мешіт имамдары исламның екпеге қарсы еместігін айтса деген ойымыз бар. Алайда дін өкілдерінің айтатын сөздері Діни басқарма тарапынан бекітілетіндіктен, оған артық сөз қосуға болмайтын болып шықты. Сондықтан депуттар тарапынан бұл мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын,-деді қалалық тұтынушылардың құқықтарынқорғау басқармасының басшысы Жайдар Құрманов.
    Жыл басынан бері екпе алудан бас тартқан 20 ата-ана өз ниеттерінен қайтқан. Жайдар Құрманов бұл мәселеге облыс депуттаттарын да араласуға шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Ақтөбеде сапасыз салынған 9 жол қайтадан жөнделіп жатыр
  • Қаламызда жаңа ғимараттар пайда болады
  • Ақтөбеде келер жылы 981 пәтер қолданысқа беріледі
  • Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге