Пара алудан білім беру саласы алда тұр

    Пара алудан  білім беру саласы алда тұр

    Бұл туралы Ақтөбе қаласына іс-сапармен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді 29 шілде күні Ақтөбе облыстық әкімшілік ғимаратында 500-ден астам мемлекеттік қызметкерлер жиналды. Оларға сыбайлас жемқорлықтың Ақтөбе облысындағы халі туралы және бұл қылмыс үшін қандай жаза күтіп тұрғаны жайында баяндалды.

    Жемқорлық үшін көзделген жауапкершілік
    Қазақстан 168 елдің арасында жемқорлық деңгейі бойынша 123 орынға тұрақтаған. Яғни елімізде аталған қоғамдық дерттің деңгейі жоғары және осы көрсеткіш бойынша Ресей және Иранмен қатар тұрмыз. Өзге елдерде жемқорлыққа салынған шенеуніктерді түрліше жазалайды. Қытай, Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Тайланд пен Кубада 10 жылдың ішінде 10 мыңнан аса парақор шенеунікті ату жазасына кескен. Біріккен Араб Әмірлігінде жемқорлық – ұрлықтың бір түрі болғандықтан, бұл қылмыс үшін қол шабады. Ал Сингапур, Үндістан мен Пәкістанда ұсақ пара алғаны үшін таяқпен ұрады. Қазақстанда пара алғандарға қатысты арнайы қылмыстық бап бар. 312 бапқа сәйкес, жауапкершілікке тартылған азамат жасаған қылмыс деңгейіне сай 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу мүмкін.

    Жемқорлардың көбі әкімішілік қызметтен шығып отыр
    -Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның соңғы жарты жылдықта атқарылған жұмыс нәтижесінде 1 644 қылмыс тіркелген. Соның ішінде пара алу, өз қызметін асыра пайдалану, қызмет бабында жалған құжат жасау, бюджет қаражатын жымқыру кең таралған,-дейді Алик Шпекбаев.
    Ұлттық бюроның мәліметіне сәйкес, жемқорлыққа көп салынған құрылымдар: әкімшілік – 765 мемлекеттік қызметкер, ІІМ – 272 қызметкер, Ауыл шаруашылық министрлігі – 124, Мемлекеттік кіріс комитеті – 64, Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігі – 57 адам. Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 588 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, соның 95-і басшылық қызмет атқарғандар. Жасалған қылмыстың 60 пайызы жергілікті қалалық пен аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың еншісіне тиіп отыр.

    Жемқорлықтың мемлекетке келтірген шығыны
    Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша бірінші жарты жылдықта жасалған қылмыстардың салдарынан мемлекетке 23,5 млрд. теңге шығын келтірілген. Соның тек 7,5 млрд. теңгесі қайтарылған. 13,2 млрд. теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды, соның ішіне 50-ден астам жер телімі, 700-ден астам көлік, 4 млрд. теңге сомасында ақша кіреді.
    Мемлекеттік кіріс министрлігінің тапсырысы бойынша Консалтинг Предо компаниясы тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жасапты. Соған сәйкес, Ақтөбе облысы тұрғындарының 63 пайызы өңірдегі жемқорлық деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. Сондай-ақ, әрбір төртінші кәсіпкердің мәліметінше, облыстағы жемқорлық деңгей жоғары.

    Жемқорлық дерегінің тең жартысы мемлкеттік қызметкерлерге тиесілі
    Былтырғы жылмен салыстырғанда Ақтөбе облысында сыйбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстар екі есе азайған. Мәселен, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Ақтөбе облысында 96 қылмыс тіркелген. Соның тең жартысы әкімшілікте жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 47 қылмысқа кеміген. Дегенмен соның көбі қайтадан әкімшілік қызметкерлердің үлесіне тиіп отыр.

    -Соңғы 6 айдың ішінде әкімшілік қызметкерлер 18 қылмыс жасаған, 12 іс сотқа жіберілген, екеуі сотталған. Солардың ішінде білім беру, құрылыс, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау, жер қатынастары, мәдениет пен спорт бөлімдері кеңінен жемқорлыққа салынған,-дейді Алик Шпекбаев.
    Осылайша, 2015 жылы әкімшілікте тіркелген 44 қылмыстың ішінде 16 қылмыс білім беру саласына тиесілі. Құрылыс саласында – 8, ауыл шаруашылықта – 4, денсаулық сақтау саласында – 3, жер қатынастарында – 2, әлеуметтік салада – 1, мәдениет пен спортта – 1 қылмыс тіркелген.
    -Мемлекеттің қалтасына қол сұққысы келген азаматтарға жаза қатаң болады. Ақша жымқырғаны үшін көбіне ұзақ мерзімге сотталады. Заң алдында бәрі де тең. Мейлі құқық қорғау, мейлі сот органына қатысты болса да, жасалған қылмыс үшін жазаны қайтымсыз ету мақсатында біз автоматты түрде жұмыс істей береміз,-деп Шпекбаев ескертті.

    Ақтөбенің “атышулы” жемқорлары жайында
    Жиын соңында залда отырған мемлекеттік қызметкерлердің назарына көңілге қаяу түсіретін бейнежазба ұсынылды. Онда қай ақтөбелік шенеуніктің қалай қылмыс жасағаны және қанша жылға сотталғаны жайында баяндалған.
    Осылайша, облыстық құрылыс басқарма басшысының бұрынғы орынбасарлары Мақсат Имамурзин мен Көптілеу Ипағалиев балаларға арналған 200 орынды көп профильді емхананың құрылысы бойынша қағаз жүзінде ғана орындалған жұмыс құжаттарына қол қойып, нысанның сметалық құнын жасанды түрде жоғарлатқан. Сөйтіп, олар мемлекетке 1 млрд. 300 млн. теңге сомасында шығын келтіріпті.
    Облыс әкімі аппараты тұсындағы шаруашылық басқарма басшысы Сырбай Тәңірберген жеке кәсіпкерден ақша бопсалаған. Ол Ақтөбе қаласындағы көгалдандыру мен гүл отырғызу бойынша атқарылған жұмыс құжатына “кедергісіз” қол қоюға 200 мың теңге талап еткен. Сот қаулысына сәйкес, Сырбай Тәңірберген кінәлі боп танылып, ол мемлекеттің пайдасына 12 млн. теңге төлеуге міндеттелді.
    Ақтөбе қаласы өндірістік саласының бақылау бөлімінің басшысы Арслан Ағыбаев тұрғынның антенна-мачталық құрылысына рұқсат беру үшін 150 мың теңге бопсалаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
    Ақтөбе облыстық қорғаныс департаментінің басшысы Ғалымжан Жантөрин жалғыз өзі ғана емес, қоластындағы қызметкерлерін де жемқорлыққа тартқан. Олар әскерге шақырту уақытын кейінге қалдыру үшін алған параларын Жантөринге берген, сөйтіп олар делдалдық қызмет атқарған. Осылайша, Қорғаныс істері жөніндегі Мұғалжар аудандық бөлімінің басшысы Көптілеуов 50 мың теңге көлемінде Жантөринге беріпті. Сондай-ақ, Ғалымжан Жантөрин Әйтеке би аудандық бөлім басшысы Балтеміровтен, Ақтөбе қалалық қорғаныс бөлімінің меңгерушісі Аймұхановтан 100 мың теңге пара алған. Бұдан бөлек Байғанин аудандық бөлімінің басшысы Алпысбаев пара ретінде ұсақ қара малды Жантөринге сыйлапты. 14 шілде күні департамент басшысы құрықталады. Қазіргі таңда оның ісін әскери гарнизондық сот қарап жатыр.
    Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Мейіржан Өндіргенов те өзінің қол астындағы адамдарымен ауыз жаласып, қылмыстық жоспар құрған. 2009-2015 жылдар аралығында олар “Автопарктың” күн сайынғы табысын 40 пайызға дейін төмендетіп, қаржының 60 пайызын заңсыз айналымға жұмсаған. Сондай-ақ “Автопарктың” мүшкіл жағдайын сылтау етіп, мемлекеттен қаржылай көмек алған.

    Қателік пен өкініш
    2014 жылы Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының басшысы Марат Ғабидуллин мен сол басқарманың бас маманы Мықтыбай Жәмиев құрықталған еді. Еске сала кетейік, олар қызметкердің өліміне соқтырған оқыс оқиға бойынша жұмыс берушінің кінәсін азайту үшін делдал арқылы “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ өкілінен пара алған. Қазіргі таңда Марат Ғабидуллин 8 жылға сотталып, КА 168/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Қабаған иттермен күзетілген тордың ар жағында отырып, ол жасаған қылмысына өкінуде. Осыған орай, ол өз әріптестеріне қателікке бармауын айтты.
    - Мемлекеттік қызметкерлер, әріптестер, жастар, басшылар, абақтыда отырсам да, теледидар арқылы мемлекеттік қызметкерлердің ұсталып жатқанын жиі көремін. Заңды ұстануға сіздерді шақырамын. Қазір заман басқа. Біздің жасаған қылмыстарымыздың кесірінен отбасымыз, балаларымыз зардап шегіп, тегімізге кір келтіріп жатырмыз. Сондықтан халыққа адал қызмет етіп, жастарды тәрбиелеуге шақырамын,-дейді Марат Ғабидуллин.
    Ұлттық бюро жетекшісінің орынбасары Алик Шпекбаев мұндай психологиялық ауыр бейнебаянның көрсетілгені үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, Қытайда былай жиі істейді. Тек ол жақта сотталған басшыны бейнебаян арқылы көрсетпейді. Бұның орнына шенеунік пен олардың отбасы мүшелерін бір күн түрмеге әкеліп, оларға “ескертпе” экскурсия ұйымдастырылады. Олар жемқорлық жасағаны үшін сотталған бұрынғы әріптестерін көреді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Полковник күдікті ретінде қамауда болады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап кеткен
  • Үш кәсіпкер пара бергені үшін сотталуы мүмкін
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге