Жазда жұмыс істеген жастар жоғары жалақы алмақ

    Қазіргі таңда “Жазғы демалыста студенттерді жұмыспен қамту” бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарға 448 студент пен жоғарғы сынып оқушылары тартылған.

    9 тамыз күні қала әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қала және оған қарасты ауылдық округтерді көркейту бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту жөнінде көшпелі жиналыс өткізілді. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, қаланың жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, мердігер және басқарушы компаниялардың басшылары қатысты.

    Жүргізіліп отырған бағдарламаның басты мақсаты – студенттер мен жалпы білім беретін мектептер оқушыларын қоғамдық жұмыстарға тарту, жастарды уақытша жұмыспен қамту және қаламыздың санитарлық тазалығына, көркеюіне үлес қосу.
    -Бұл жастардың жазғы демалысын босқа өткізбей қаржы табуына және де көптеген өзге дінге бетбұрушылық пен қылмыстық жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған бағдарлама. Аталмыш бағдарламаға 150 млн тг қаржы бөлінген, сондықтан да жұмыс орны шектеусіз, қанша бала келсе, сонша қабылдай береміз, тек жастардың денсаулығы жарамды әрі ниеті болса болды, - дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Найля Бөртебаева.

    Қала әкімі жастармен сөйлескендігін, олардың көбісі ақылы бөлімде оқитындықтан сенбі, жексенбі күндері де жұмысқа шығуға ниетті екендігін жеткізді. Жастар сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шығатын болса сәйкесінше, жалақы 65000 тг тіпті, 70000 тг-ге дейін жетеді екен. Бұл мектеп оқушыларына қатысты емес.
    Айта кетейік, жұмысқа 16 жастағы мектеп оқушылары ата-анасының рұқсатымен, ал 18 жастағы студенттер ер еркімен қабылданады. Жұмыс беруші ұйымдар олардың техникалық қауіпсіздігін өз мойындарына алады.
    Жұмыс жасауға ниеттілер оқу орнына емес, Абілхайыр хан №1 көшесіндегі “Атамекен” қоғамдық бірлестігіне жүгінеді. Жалақыға “Цесна” банкінен арнайы есепшот аштырып, “БжЗқ” акционерлік қоғамымен келісімге отыруы тиіс. Бекітілген жалақы – 59000 тг.

    Гүлсезім Мырзағалиева “Болашақ” колледжі, 4 курс студенті.
    - Өткен екі айда “Жасыл ел” бағдарламасымен жұмыс істедім. Енді осы бағдарлама бойынша жалғастырғым келеді. Сенбі, жексенбі күндеріде шақырса, жұмысқа шығуға дайынмын. Көше тазалап жүргеніме ұялмаймын, керісінше осындай бағдарламаны ұйымдастырып, жазғы демалысымды бос өткізбей жатқаныма ризамын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар жұмыспен қамтылады
  • Көмек алып, жұмысқа орналасыңыз
  • Сотталғандар жұмысқа орналасуға құлықсыз
  • Ақтөбедегі мекеме - кәсіпорындарға 400 маман қажет
  • Үш мың адам “Жасыл ел” еңбек жасағына жұмысқа алынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге