Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілді

    Ақтөбеліктердің су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға жинаған гуманитарлық көмегінің тең жартысы жарамсыз. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қорының өкілі айтты. Іріктеле келе “жарамсыз” деп танылған киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдар енді тұрмысы нашар шаңырақтарға үлестірілмек.

    “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қорының кеңсесінде жарамсыз заттар тау болып үйіліп жатыр. Кей ақтөбеліктер әкеп тапсырған киім-кешекті үстіңе ілмек түгілі көз тоқтатып қараудың өзі қиын. Әбден тозығы жетіп, кірлеген ойыншықтар да осында. Шытынап, ернеуі кертілген кесе-аяқ та бар. Ішегі үзілген гитара дейсіз бе, әйтеуір, ескі-құсқы бұйымдардың барлығын осы жерден табуға болады.
    -Қазақстанның өзге өңірлерінен Қарағандыға ескі-құсқы заттардың жіберілгенін естіп отырмыз. Ақтөбе облысы ұятқа қалмауы керек. Сондықтан жиналған заттың барлығын елеп-екшеп, іріктеп жіберуге тырыстық. Қайырымдылық жасамақ болып, жарамдылық мерзімі жақындаған өнімдерін әкеп берген дүкен иелеріне азық-түліктері қайтарылды,- дейді “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қорының директоры Дмитрий Довматенко.
    27 cәуір күні 12 тоннаға жуық жүк тиелген көлік Қарағанды облысын бетке алды. Жүк көлігіне су тасқынынан зардап шеккен халыққа арналған азық–түлік пен киім-кешек тиелген.

    “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қоры ұйымдастырған акция туралы ақтөбеліктерге 17 сәуірде әлеуметтік желілер арқылы хабарланған болатын. Бас-аяғы 10 тәулікте жүздеген тұрғын акцияға ат салысты.Қарапайым тұрғындармен қатар жергілікті кәсіпкерлер де алыстағы ағайыннан аянып қалған жоқ. Қарағандыға көмек қолын созғандардың арасында студенттер де бар.
    Жұлдыз Уайсова, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенті:
    - Біз студенттер шама-шарқымызға қарай ақшалай қаражат жинадық. Азын-аулақ ақшамызға ұзақ сақталатын консервілер, бұқтырылған ет, макарон, сұйық май секілді азық–түлік пен сабын, тіс пастасы секілді гигиеналық құралдарды сатып алдық. Апат айтып келмейді. Сондықтан қиындық көргендерге көмектесу-парызымыз.

    “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қорының құрылғанына биыл 15 жыл. Аталмыш қордың менеджері Ақсұлу Аққубайқызының мәліметінше, қарағандылықтар үшін 10 тәулік аралығында 27 мың 277 дана киім-кешек жиналған. Сондай-ақ 1 миллион 70 мың теңгенің азық-түлігі жөнелтіліпті. Есімін жария еткісі келмей, қаржылай қолдау көрсеткен азаматтар да бар. Әрлі-берлі 3 мың шақырымнан астам жол жүретін жүк көлігін қайырымдылық қоры 280 мың теңгеге жалдап алған. Ақтөбе мен Қарағандының арасындағы жол 1 700 шақырымдай. Жүк көлігі жерлестерінің аманатын жеткізіп, алдағы аптада Ақтөбеге оралуы тиіс.

    Естеріңізге сала кетелік, сәуір айының басында Қарағанды облысындағы 35 елді-мекен су тасқынынан зардап шекті.
    15 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жасы ұлғайған екі тұрғын қаза болды. Қазақстанның әр өңірінен табиғат апатынан зардап шеккендерге тәулік сайын көмек жеткізіліп жатыр. Ақтөбеліктер гуманитарлық көмек жинауды әлі де тоқтатқан жоқ. Ол туралы әлеуметтік желілерден білуге болады. Облыс тұрғындары қазір Қарағандымен қатар су тасқынынан зардап шеккен Павлодар облысына да көмек жинап жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақмола облысында 200 үйді су басты
  • Ырғызда жол апатынан 4 адам зардап шекті
  • Ырғызда жол апатынан 5 адам зардап шекті
  • Оқушылар қайырымдылық акциясын өткізді
  • Қайырымдылық концерті өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге