Аз қамтылған отбасы балалары мектепке тап-тұйнақтай дайын

    “Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы” қаланың қамқоршы кәсіпкерлерімен бірлесіп, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын берді.

    18 тамыз күні қаланың ірі сауда орталығы “Мега Шығыс” ғимаратында 40 бала үшін үлкен мереке ұйымдастырылды. 2006 жылы “Нұр Отан” партиясы жанында құрылған “Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бірлестігі” мұқтаж жандарға қол ұшын беруден еш тайған емес. Міне, “Бақытты балалық” партия жобасы аясында жергілікті депуттар мен кәсіпкерлер ат салысты. Мерекенің бас демеушісі Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Болат Итеғұлов болды. Аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға мектеп құралдары мен костюм-көйлектері сыйға тартылды.

    - №14 мектептен 10 бала, №56 мектептен 10 бала, біздің қауымдастықта жұмыс істейтін ата-аналардың 11 баласы, Орталық базардан 2 бала, “Мега Шығыстан” 2 бала, “Айс” ЖШС-нен 2 бала және депутаттарға өтінішпен жолыққан ата-аналардың 3 баласы мектеп құралдарын алды. Олардың барлығы не аз қамтылған, не көп балалы отбасыдан шыққан, - дейді “Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығының” төраға орынбасары Ақсұлу Қайырманова.

    Бұл шараға демеушілер алдын ала 1 апта бұрын дайындалған. Алдымен балаларды базар ішінде аралатып, оларға өздері ұнатқан костюм мен сөмкені сатып әперген. Осылайша, балалар өздері таңдаған мектеп құралдарын алған сәтте ата-ананың да, баланың да қуанышында шек болмады.

    Бақытгүл есімді 7 баланың анасы осындай шаралардың жиі болып тұрғанын тілейді. Өйткені қазіргі таңда бала күтіміне байланысты ол жұмыссыз, бұған қоса пәтер жалдап тұрады.

    - №14 мектептен 10 ата-ана келді. Соның біреуі мен. Бір балам мүгедек. Қолымда алты бала, үлкен қызым күйеуге шығып, бөлек тұрады. Үш балам мектепке барады. Сондықтан осындай шараның өтуі мен үшін, менің отбасыма үлкен көмек. Рақмет бәріңізге! – дейді толқып тұрған ата-ана.

    Шара соңында балаларға дастарқан жайылып, түрлі тәтті тағамдар ұсынылды. Торт пен балмұздақтан дәм тәтқан балалар бұл қуанышты күнді ұмытпайтындықтарын жеткізді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әр аптаның сенбі күні мектеп жәрмеңкесі өтеді
  • “Кунжуттың” қаржы дағдарысы кезіндегі қолдауы
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • “Мектепке жол” акциясына дін қызметкерлері де ат салысты
  • Ата-ана мұғалім мен мектептен 3 млн теңге талап етіп отыр
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге