Жұмыссыз жастарға бизнес ашуға несие беріледі

    Тұрақты жұмысы жоқ, бірақ өзінің жеке бизнесін ашқысы келетін жастар үшін жаңа мүмкіндік бар. Ол – үкімет тарапынан берілетін несиені рәсімдеу. Өз ісімді өрге дөңгелетемін, қоғамға өз пайдамды тигіземін деуші жастар болса, мемлекет аз пайыздық мөлшермен несие беруге дайын. Бұл туралы өткен аптада болған еңбек жәрмеңкесінде белгілі болды.

    Жыл басынан бері жетінші рет өткізілген еңбек жәрмеңкесіне бұл жолы 47 ұйым мен кәсіпорын 353 бос орын ұсынды. Әсіресе, жас мұғалімдерге деген сұраныс жоғары екен. Қалалық білім бөлімі бұл жәрмеңкеге жүзден астам бос лауазым әкелген. Олардың арасында бастауыш сынып, қазақ, орыс мектептеріне математика мұғалімдері, технология, еңбек пәндерінің ұстаздарына, техникалық қызметшілерге, кітапханашыларға бос орындар ұсынылды. Сондай-ақ, отызға жуық мектепке дейінгі мекемелер жаңа тәрбиешілерге зәру. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева мектептерде мұғалімдердің жетіспеушілігі – табиғи құбылыс екендігін айтты.

    - Көптеген ұстаздар декреттік демалысқа кетіп жатады, кейбірі қоныс аударып, басқа жаққа көшіп кетеді. Осылайша бос орындар пайда болады. Тек бүгінгі күнге ғана 183 вакансия әкеліп тұрмыз. Ертең бұл сан өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Мұғалімдер жұмысқа енді қосылып жатыр, сондықтан тағы бір анализ жасап, 26 тамызда орталық саябақта өтетін жәрмеңкеге тағы да қатыссақ деп отырмыз. Күні кеше ғана 14 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде математиктер, технологтар, физиктер және бастауыш сынып мұғалімдері бар. Аудандардан келген тәжірибелі ұстаздар бар екен. Оларды, әрине, қуана қабылдадық, - дейді білім бөлімінің басшысы.
    Биылдыққа жетінші рет өткізілген жәрмеңке Ақтөбе политехникалық колледждің базасында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге қала әкімі Ілияс Испанов қатысты. Қала әкімі аталған колледждің биылғы түлектерімен кездесіп, еңбек жолының күрделі және бәсекеге толы болатынын, өз ісіңнің маманы болу үшін терең білім мен үлкен ізденіс қажет екенін айтты.

    - Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері Ақтөбеде жеті рет еңбек жәрмеңкесі өткізілді. Жыл бойы өткізіліп жатқан іс-шаралардың арқасында бүгінгі таңда 437 бос орын өз маманын тапты. Бүгінгі жәрмеңкенің басқаларынан өзгешелігі - жұмыс іздеушілер мен жұмыс ұсынушылар арасында ашық диалог жүріп жатыр. Яғни, маман да, жұмыс беруші мекеме де өз ойларын ортаға салып, ашық пікірлесуге көшті. Бұл өте қажет әрі құптарлық нәрсе деп есептеймін. Бүгін , әсіресе, білім бөлімі көп бос орын ұсынып отыр. Өйткені, бірнеше күннен кейін жаңа оқу жылы басталады. Мектептерге қандай маман қажет, қандай пән мұғалімі жетіспейді, осы сұрақтарға анализ жасап, маман жетіспеушілігінің алдын- алу үшін осындай жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрмақ. Бұл жәрмеңке соңы емес, тамыздың аяғында тағы бір еңбек жәрмеңкесін өткізу жоспарымызда бар. Осылайша қаладағы жұмыссыздық деңгейін төмендеткіміз келеді. Жәрмеңкенің мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу, білім беру мекемелерінің түлектері мен жұмыс берушілер арасында тығыз өзара байланыс орнату, жастарды жұмыспен қамту бағдарламасының барлық бағыттары жөнінде хабардар ету, қаладағы бос орындар туралы, яғни жастар тәжірибесінің ұйымдастырылуы, қоғамдық жұмыстарға қатысу құралдары туралы ақпарат беру,- деді Ілияс Испанов.

    Жәрмеңкеден кейін қала әкімі білім беру мекемелері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектерімен, білім беру бөлімдерінің басшыларымен және өскелең ұрпақтың болашағына бей-жай қарамайтын адамдармен кездесті.

    Кездесу барысында жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланып, белсенді жастар “Жасыл Ел”, “Нұрлы-жол”, “Жұмыспен қамту картасы 2020” және т.б. мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысқан тәжірибелерімен бөлісті. Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша алдағы уақытта жастарды өңіріміздің қоғамдық-саяси қызметіне тарту бойынша барлық мүдделі органдардың өзара әрекеттесуін нығайту жөніндегі концепция әзірленетін болады.
    “Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ басшысы Нәйля Бөртебаеваның айтуы бойынша 26 тамызда ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта кеңейтілген жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
    - Бүгінгі жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды түрлі мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру, оларды құлағдар ету. Жұмыс берушілердің де жәрмеңкеге қатысуға деген ынтасы жоғары. Жыл басынан бері жеті жәрмеңке өткізіп, мыңнан астам жұмыссыз тұрғын қатысты. Тек қана жәрмеңкенің арқасында жұмысқа тұрған адамдар саны екі жүзге жетті. Еңбек жәрмеңкесінің нәтижесі бар, - деді Нәйля Бөртебаева.
    Оның айтуынша, еңбек тәжірибесі бар жастар жұмысқа оңай орналасады. Жұмыс беруші мекемелер де алдымен тәжірибелі маман іздейді. Бірақ, жұмыссыздар қатарын толықтырып тұрған жастардың басым бөлігі тәжірибесіз. Сондықтан, мекемелерге бірден тұрақты жұмысқа орналасып кету мүмкіндіктері аз. Ал, жұмыс берушілердің ішінде сұранысқа ие мамандықтар легін әлі күнге инженер-техникалық маман иелері бастап тұр. Ал, қаржыгер, заңгер мамандықтарын иеленген жастарды қайтадан оқытып, тәжірибеден өткізуге мекемелер құлықсыз.

    - Жастардың арасындағы жұмыссыздықты жою, өз ісін бастауды қолдау бағдарламасы аясында қазір жастарға микро несиелер беріліп жатыр. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 6 пайыз. Үш млн теңгеден алты млнға дейін несие беріледі. Бұл несиеге жас маман өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Тіпті оның кәсіпкерлікте ешқандай тәжірибесі болмаса да, несие алуға құқығы бар. Үміткерге қойылатын жалғыз талап – тұрақты жұмысының болмауы немесе жаңадан кәсіп ашқан жас кәсіпкер болуы шарт. Біз оны оқытамыз, несие береміз. Жас кәсіпкер өз ісін бастап, кәсібін жүргізеді. Тәжірибе жинақтау үшін бір жыл мерзім беріледі. Бұл бағдарлама – жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін. Әзірге, осы бағдарлама жастар арасында сұранысқа ие болып тұр,- дейді Нәйля Бөртебаева.

    ТРАКТОРИСТЕР ҚАЖЕТ
    Еңбек жәрмеңкесіне келген Ақтөбе облысы орман шаруашылығы ММ мамандар бойынша инспекторы Үміт Әлмағамбетованың айтуынша, аталмыш мекемеде трактор тізгіндеушілер қат. Мемлекеттік мекеме болған соң, айлығы төмен. “Содан ба екен, бізде тракторист тұрақтамайды” дейді ол.
    - Осы жәрмеңкеге бір ғана маман іздеп келіп отырмыз. Өзіңіз көріп тұрғандай, бізге тек тракторист қана қажет. Біздерде ормандар бар, оларды өрттен қорғау үшін айналасын трактормен жыртады. Техникалық базамыз жақсы, тракторлеріміз де сақадай-сай тұр. Тек маман жоқ. Мемлекеттік мекеме болған соң, айлық жалақылары төмен деп ешкім келгісі келмейді. Бірақ, жәрмеңкеден үмітіміз бар. Жақсы маман тап болатын шығар деп ойлаймыз,- дейді ол.
    Жыл басынан бері жеті рет өткізілген жәрмеңкеде екі жүзге жуық ақтөбелік тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмыс берушілердің әлі күнге дейінгі бір ғана талабы бар – ол болашақ маманның тәжірибелі болуы. Жасы қырықтан асқан немесе зейнетке шығуына екі-үш жыл қалған мамандар сұранысқа ие емес. Көпжылдық тәжірибесі болмаса да, жұмыс берушілердің қалауы жастарға ауып тұрады. Жергілікті билік жұмыссыз ақтөбеліктер санын осындай жәрмеңкелер арқылы азайта алатындарына сенімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жазда жұмыс істеген жастар жоғары жалақы алмақ
  • Ақтөбеліктерге 485 бос жұмыс орны ұсынылды
  • Ақтөбедегі мекеме - кәсіпорындарға 400 маман қажет
  • Ақтөбеде жұмыссыздарға арналған жәрмеңке өтті
  • Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге