Қарттар үйіндегі қақтығыс

    Қарттар үйіндегі қақтығыс

    Қарттар үйінің тұрғыны Валентина Завада өзі тұратын мекемені сотқа берді. Зейнеткердің айтуынша, маңдай терімен тапқан зейнетақысының 70 пайызын қарттар үйінің тұрғындарын асырауға жұмсау – әділетсіздік.

    Жаңа жылдан бері 78 жастағы Валентина Завада зейнетақысының 30 пайызын ғана алып отыр. Қалған бөлігі қарттар үйінің еншісінде. Заңға сәйес, бұл ақшаны мекеме басшылығы қарттардың жағдайын жасауға жұмсауы керек. Былтыр Қазақстан Үкіметі қарттар үйіне төленетін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы көлемін қайта қарады. Қарттар үйіндегі қариялардың күтіміне бюджеттен жыл сайын 6 млрд теңге бөлінеді екен.

    - Бұрын толықтай мемлекет қамқорында едік. Қазір мемлекет біздің жағдайымызға бас ауыртпайды. Қарттар үйі үшін мемлекеттің қалтасынан көк тиын да шықпайды. Осы жерде тұрып жатқанымыз үшін зейнетақымыздың 70 пайызын үкіметке қайта төлеп жатырмыз. Қартайғанда осылай тентірейміз деп кім ойлаған? Өмір бойы талмай еңбек еттім. Маңдай теріммен жинаған зейнетақымды қаңғыбас кемпір-шалдарға жұмсағым келмейді,- дейді зейнеткер.
    Валентина Завада Қарттар үйіне 9 жыл бұрын келген. Үстіндегі үйін сатып, ақшасын қалтаға басқан ұлы Ресейге көшіп кеткен. Сол кеткеннен мол кеткен. Ал қызын көзіне шөп салғаны үшін күйеуі өлтірген. Зейнеткер жалғыз немере қызымен қалады. Немересі де бұзылып, оң жақта отырып екі бала туады. Ақырында, зейнеткер немересі мен екі шөбересін де өзі асырауына тура келеді.
    - Мен немерем мен шөберелеріме көмектеспей тұра алмаймын. Өйткені, олар менің ұрпағым ғой. Қазір қолыма 25 мың теңге береді. Оның 20 мың теңгесін немереме беремін. Қалған 5 мың теңге қай қажетіме жетеді?- деген зейнеткер Қарттар үйін сотқа берді.
    Зейнеткердің 36 жастағы немересі әжесіне айына бір рет қана келіп кетеді екен. Онда да кемпірдің зейнетақысын алып кету үшін. Ал зейнеткер болса, екі шөбересі үшін қолындағы барын беруге әзір. Жыл басынан бері зейнетақысының 70 пайызын Қарттар үйіне беріп келген зейнеткер бұдан былай мұндай әділетсіздікке көнгісі келмейді.

    Қарттар үйінің басшылығы да жаңа қабылданған заңның шикілігін мойындайды.
    - Заңды қабылдаған біз емес. Ақша біздің қолымызға тимейді, собезден бірден аударылады. Мұндай жағдайға тап болып отырған жалғыз біз емес, көрші облыстардың да халдері осындай,- дейді қарттар үйі директорының міндетін атқарушы Болат Исаев.
    Заң қабылданғаннан бері, қарттар үйінің тұрғындары 300 адамнан 267 адамға азайған. Осы 267 адамның 106-сының зейнетақысынан 70 пайызы ұсталады. Қарттар үйі басшылығының айтуынша, мұнда тұратын әр адам үшін мемлекет күніне 2300 теңге бөледі. Қарттар үйі тұрғындарының тек 40 пайызы ғана зейетақы алады. Зейнетақы алатын тұрғындардың арқасында басқа тұрақтаушылар үшін дәрілер, жеке гигиеналық керек-жарақтар сатып алынады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарттар үйінің 6 тұрғыны тіс протезін сыйға алды
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге