Жаңа нысандар іске қосылды

    Жаңа нысандар іске қосылды

    Биыл Қазақстан егемендіктің жиырма бес жылдығын тойлайды. Осы ұлы мереке қарсаңында республиканың әр облысында жаңалықтың жаршысындай болып, жаңа нысандар бой көтере бастады. Апта басында Ақтөбе қаласында бір балабақша, бір мектеп іске қосылса, жаңа тұрғын үйден ақтөбеліктер өз пәтерлеріне ие болды. Сондай-ақ, жаңа ет өңдеу цехы ақтөбеліктер үшін жартылай өңделген ет өнімдерін ұсынбақ.

    ҚАРҒАЛЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ
    Қарғалы поселкесінде бой көтерген жаңа, заманауи талапқа сай балабақша 320 орындық. Жалпы алаңы 5074,96 шаршы метрді құрайды. Балабақшаның құрылысына 540 284,1 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Балабақша 16 топқа есептелген. Оның 2-уі тілінде мүкісі бар балаларға арналған.
    Балабақша ғимараты үш қабаттан тұрады. Оқу мен тәрбие беретін мекеме қазіргі заман талабына сай.
    Балабақшаның бірінші қабатында дәрігер, егу бөлмесі, изолятор және физиокабинет қамтылған медициналық блок орналасқан. Сондай-ақ талапқа сай жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған асхана блогы орналасқан. Осы қабатта кіші топ балаларына арналған 5 бөлме бар.
    Балабақшаның екінші қабатында музыка мен спорт залы, психолог, логопед, ағылшын тілі кабинеттері, ойын және орта топ балаларына арналған заманауи балалар жиһаздарымен жабдықталған 6 жатын бөлмесі бар.
    Жаңа бақшаның үлкен топқа баратын бүлдіршіндеріне арналған 5 жатын бөлме мен гимнастикалық жаттығуларға арналған зал үшінші қабатта орналасқан. Балабақша алаңында балалардың белсенді қимылдауына арналған көлеңкелі бастырма, бүлдіршіндердің көңіл-күйлері мен ойындарына арналған кіші архитекторлық нысандар, сонымен қатар балаларға арналған 250 шаршы метрлік спорттық және қозғалмалы ойындар алаңы бар. Бұл жердегі ойын алаңдары баланың жас ерекшелігіне орай орналасқан. Және денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндер үшін де жттығу алаңдары жабдықталған. Жаңа балабақша аптасына 5 күндік, 10,5 сағаттық тәртібімен жұмыс істейді. Толығымен мемлекеттің қарауында. Яғни, ата-аналар балалардың тамағы үшін ғана күніне 400 теңге төлейтін болады. №51 “Жарқын бала” бақшасына Нұр-Ақтөбе ауданы бойынша кезекте тұрған бүлдіршіндер барады. Және Қарғалы поселкесіндегі мектеп жасына дейінгі балақайлар да осы жаңа бақшаға келеді. Жаңа бақшада 75 жұмыс орны ашылған. Жалпы көлемі 1,3 га.

    КІРПІШТІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП
    Ата Заң күніне орай Ақтөбеде ашылған нысанның бірі – Кірпішті ауылындағы үш қабатты мектеп. Екі ауысыммен 800 бала оқитын жаңа мектеп 370 орынға арналған. Жалпы аумағы 2,15 га қамтиды. 58 мұғалім қызмет етеді. 2015 жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысан үшін 526,9 млн теңге бөлінген. Екі тілде оқытатын мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Ілияс Испанов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жаңа мектептің директоры Серік Тойшымановтың айтуынша, Кірпішті ауылының оқушылары бұрын үш ауысымда оқып келген.
    - Бұрынғы ескі мектеп өте тар, балалар үш мезгіл сабақ оқитын. Жаңа мектепке деген сұраныс күннен-күнге өсіп бара жатты. Ескі мектептің артқы жағынан жаңа мектептің құрылысы былтыр мамыр айында басталып еді. Мінекей, биылғы оқу жылын жаңа мектепте оқитын болдық. Қуаныштымыз, әрине. Балалар да мәз. Үлкен, ашық, жарық ғимаратта балалар екі ауысыммен білім алады,- дейді Серік Тойшыманов.
    Мереке қарсаңында Кірпішті ауылынан жаңа үйден пәтерлер берілді. 54 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйден “Қазақстан ипотекалық компаниясы”АҚ арқылы жаңа пәтерлерге ие болғандар ішінде бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер бар.

    Гүлайым Аманжолова үй кезегінде тоғыз жылдан бері тұрған болатын. үш баласы бар, төртіншісіне аяғы ауыр. Жалдамалы пәтерде күн көріп келген отбасы тұрғын үй конкурсына шілде айында арыз берген. Енді міне, бір бөлмелі су жаңа пәтерге ие болды.
    - Мемлекеттік қызметкермін. Бұрын баламен пәтер жағалап жүрдік. Енді міне, өз баспанамыз бар. 20 жылға айына 40 мың теңге төлеп тұрамыз. Бір бөлмелі болса да, өз пәтеріміз ғой. Бүгін көшіп келуге дайынбыз,- дейді көп балалы ана.
    Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға ие болған Ақбота Мыштаева да бұрын пәтер жалдап жүргенін айтады.
    - Мемлекеттік қызметкер ретінде үш бөлмелі үйге қол жеткіздім. Айына 75 мың теңге төлеймін. Өз баспанаң болғанға не жетсін?!,- дейді ол.
    Айта кету керек, Ақтөбеде Қазақстанда баламасы жоқ үй құрылысы комбинаты ашылды. Аталмыш нысанды салған «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС компаниясы Ақтөбе қаласының тұрғындарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда белсенді атсалысып келеді. ЖШС директоры Дәулет Әлиев жаңа үй құрылысы комбинаты тұрғын үйді 100% қазақстандық мазмұнда салуға мүмкіндік беретінін айтты. Жоба МЖС аясында «Ақтөбе» ӘКК-мен бірлесе отырып жүзеге асырылып, оған мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді: 1,4 млрд теңге несие сомасының пайыздық мөлшері субсидияланып, 130 млн. астам теңге қаржыға инфроқұрылым тартылды. Зауыттың қуаты жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды, бұл жыл сайын 10 тоғыз қабатты екі кіреберісті үй салуға мүмкіндік береді. Конституция күні аталмыш комбинат шығарған құрылыс материалдарымен салынатын 9 қабатты тұрғын үйдің іргесі қаланды. Нұр-Ақтөбе ауданында салынатын бұл тұрғын үй екі подъезді, 88 пәтерлі болмақ. Және қазір салынып жатқан кірпішті үйлерге қарағанда, бұл пәтерлердің құны 30 пайызға арзан болатындығын айтты құрылысшылар.

    Дені саудың – жаны сау
    Ата Заң мерекесіне орай Ақтөбеде тағы бір көше жаттығу алаңы ашылды. Осымен қала бойынша 10 жаттығу алаңы салынды.
    - Мұндай жаттығу алаңдарын салған себебіміз - қалалықтардың дене шынықтырумен айналысуына, спортпен шұғылдануына мұрындық болу. Денсаулықтың қадірін білу керек,- дейді “Street WorkOut” қозғалысының мүшелері.
    Қала бойынша саны онға жеткен осындай көше жаттығу алаңдары арасындағы қалалық чемпионат та мереке күні басталды. Әр жаттығу алаңында жаттыққан ақтөбеліктер өздерінің спорттық деңгейлерін осы сайыста сынға салмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 8 балабақша іске қосылды
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Жаңақоныста жаңа мектеп пайдалануға берілді
  • Қарғалыда спорт мектебі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге