ҰБТ-да 94 оқушы “екі” алған

    ҰБТ-да  94 оқушы “екі” алған

    Ақтөбеде ҰБТ қорытындысы бойынша 94 оқушы екілік баға алды. Сондай-ақ білім сапасының төмендігінен 8 қала мектебі мемлекеттік аттестаттаудан өткен жоқ. Бұл жөнінде дәстүрлі тамыз конференциясында қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева айтты.

    29 тамыз күні Ақтөбеде білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз конференциясы өткізілді. Бұл жолы “Білімді ел-Мәңгі ел” тақырыбында өткен дәстүрлі шара “Нұр Ақтөбе” ауданынан ашылған жаңа мектепте ұйымдастырылды. Облыс әкімі Бердібек Cапарбаев пен қала басшысы Ілияс Испанов қатысқан кеңесте білім беру жүйесінің түйткілді мәселелері талқыланды. Ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері дәріптеліп, үздік нәтиже көрсеткендерге құрмет көрсетілді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның сөзінше, биыл білім саласына 9,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қала бюджетінің 30,4 пайызын құрап отыр. Қаржының 900 млн теңгесі 40 білім беру мекемесін күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Жаңа оқу жылында үш мектептің құрылысы аяқталды. Олар: Кірпіштідегі 320 орындық, Нұр Ақтөбедегі 1200 орындық, сондай-ақ Заречный-3 ауданындағы 600 орындық мектептер. Бұған қоса Қарғалы ауылында 320 балаға лайықталған балалар бақшасы ашылды. Жаңа білім мекемелерінің ашылуы жыл соңына дейін 500 –ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесі де бөлек әңгіме. Бүгінгі күні 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 83,4% қамтылып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде балабақшалар ашылуда. Десе де әлі күнге дейін 30 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр. Облыста “Туған жерге – тағзым” атты акция жүзеге асырылуда. Соның арқасында биыл кәсіпкерлер берген 182 млн теңгеге мектептерге жөндеу жүргізіліп, техникалық құралдар сатып алынды.

    Жетістіктер мен жеңістер
    Ақтөбеде қазір 7 мыңнан астам педагог бар. Оның үш мыңға жуығы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер. Ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде оқушылар Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстан, Литва елдеріндегі сайыстарға қатысуда. Соңғы бес жылда халықаралық, республикалық олимпиадалар нәтижесі бойынша, ақтөбелік 90 оқушы алтын, күміс, қола медальдарын жеңіп алды. Ақтөбедегі №6, №9, №15, №17, №21, №23, №29 (2), №32 мектептердің ұстаздары “Үздік жыл мұғалімі” грантының иегерлері атанды. Жекелеген оқушылар ҰБТ нәтижесі бойынша да жақсы нәтиже көрсетті. Жақсы нәтиже көрсеткен мектептердің арасында №15 ОМ ( 97,7 балл) №50 ОМ ( 95,7балл), №21 ОМГ (95,6 балл), №58 ОМ ( 92,4 балл ), Қызылжар ОМ (91,4балл), №51Г (90 балл) бар. “Алтын белгіден” үміткер 104 түлектің 56-сы өз білімдерін дәлелдеп шықты. Бұл өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 6 пайызға артық. Ең жоғары бал жинағандардың арасында №51 гимназияның түлектері Мадина Қажен ( 123 балл), Нұржігіт Алтынбеков пен Меруерт Өтегенова және №2 орта мектептің түлегі Әсел Жалмұханбетова, №6 орта мектептің оқушысы Даурен Базарбай ( барлығы 122 балл) бар. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес.

    8 мектеп мемлекеттік аттестациялаудан сүрінді
    ҰБТ қорытындысы бойынша облыста 31 мектеп оқушылардың білім сапасының нашарлығын көрсетті. Олардың қатарында №2, 9, 17 орта мектеп-гимназиялары мен № 23,27 орта мектеп-лицейлері бар.
    -Бұл аталған мектептер өз атауларына сай емес! Мектеп басшылығына білім сапасының төмендеу себебін анықтауды тапсырамын. Тест қорытындысы бойынша, 94 оқушы математика, Қазақстан тарихы, физика, география, орыс тілі пәндерінен қанағаттанарлықсыз баға алған. Бұл пән мұғалімдерінің білім беру потенциалының төмендігін, білімді нақты бағалаудың болмағандығын байқатады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісі мен мектепішілік бақылаудың бір жүйеге келтірілмегендігін көрсетеді деп түсінемін,-деді Ләззат Оразбаева.

    Қалалық білім бөлімінің басшысы өз баяндамасында өте төмен көрсеткіш берген №16 ( 63,8 балл), №35 ( 66,3) және №37 ( 68,5) орта мектептерді де атап өтті. Ақтөбе қаласы бойынша орташа балл 82 құрады. Соңғы бес жылда қала мектептері ҰБТ қорытындысы бойынша үздік бестіктің қатарына кіріп келген еді. Республикада екінші, ал қалалар арасында үшінші орынға ие болған.Биыл жергілікті мектептердің бұл деңгейден көрінбегеніне күйініш білдірген қаланың бас педагогы мектеп директорларына білім сапасын жақсартуды қатаң ескертті. Ләззат Оразбаеваның сөзінше, 2015-2016 оқу жылында 8 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалған. Білім сапасының төмендігін көрсеткен мектептердің санатында №5, 18, 50, 53, 58 орта мектеп пен Қызылжар орта мектебі де бар.

    Биыл бірінші сынып 5 күн оқиды
    Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 8 мыңнан астам бала барады. Олар аптаның тек бес күнінде білім алады. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы бар. Мектеп бағдарламасына, 5 сыныптан бастап “Робототехника” курсы енгізіледі. Тамыз конференциясы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздарға бірқатар міндеттер жүктеді. Ол білім ордаларында ақша жинау мен пара алу деректерін болдырмау үшін ата-аналар қоғамдық кеңесімен жұмыс жасауды тапсырды. Оқу орындарымен байланыс орнатып, түрлі жарыстарға оқушыларды ата-анасының есебінен апаруды тоқтату керектігін айтты. Кейін Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов қала мектептерінің үздік мұғалімдерін марапаттады.
    № 18, 55, Новый орта мектептеріне “БілімМедиаГрупп” сертификатын тапсырды. 4 педагог Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатына ие болды. Ал 20 мұғалімге ақшалай сыйақы мен алғыс хат берілді. Сондай-ақ биылғы оқу жылында жаңадан еңбек жолын бастағалы отырған 45 жас маман ардагер-ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Бердібек Сапарбаев ҰБТ-да аз балл жинаған мектептерді жабуды ұсынды
  • Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?
  • Елу мыңнан астам адам №23 мектеп-лицейді таңдады
  • Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге