Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы

    Қазақстанның нарығында қазір кеңінен қызмет жүргізіп отырған тоғыз голландиялық ауыл шаруашылық компаниясы сауда миссиясымен Ақтөбе қаласына келді. Бұл сапар мақсаты аймақтың әлеуетін және іскерлік тартымдылығын зерттеу. Ақтөбелік кәсіпкерлер озық голландиялық технологиялар көмегімен жұмыс жасай алады. Бұл туралы агро-бизнес форумы аясында Қазақстандағы Нидерланд елшілігі өткізген баспасөз сапары кезінде белгілі болды.

    ТАБИҒИ ӨНІМ – БАСТЫ МАҚСАТ
    Қазір Ақтөбеде екі ірі кәсіпорын голландтық технологиямен жұмыс жасап жатыр. Олардың бірі - “АЙС” сүт компаниясы. “АЙС” компаниясы 1999 жылдан бастап сүтті қайта өңдеумен айналысып келе жатқан облыстағы ең ірі кәсіпорын. Қазіргі уақытта серіктестік базасында 40-тан астам сүт өндіруші ауыл шаруашылықты біріктірген сүт кластері ұйымдастырылған. “Фермадан дүкенге дейін” таза сүт өнімдерін даярлайтын кәсіпорын сүтті өндіріп қайта өңдейтін жалғыз өндіріс орны. Қаймағы алынбаған , қышқыл сүттің, сондай-ақ балмұздақ пен биоөнімдердің барлық түрін шығарады. Компания қоржынында барлығы 60-тан аса өнім атауы бар, күніне шығарылатын жалпы өнім көлемі 30 тонна.
    Жобаны голландиялық “Van der Ploeg International BV” компаниясы толығымен дайын кәсіпорын түрінде жүзеге асырған. Барлық құрал-жабдық Нидерландтан әкелінген. Қазір бұл компанияның бірнеше қызметкері голландиялық фермаларда оқылып, өз білімдерін кәсіпорын жұмысына жұмсап жатыр.

    Армен Хуршудян, “АЙС” ЖШС фермасын басқарушы:
    - Жұмысшыларымыздың барлығы өз саласының маманы. Кәсіпқой мамандарымызды шетелде оқытып алдық. Біздің өнімдерімізде қоспа жоқ. Құрғақ сүтті мүлдем қолданбаймыз. Таза табиғи сүт өнімдерін ұсынамыз. Сиырларымыз үшін арнайы жем-шөпті өзіміз дайындаймыз. Кез келген құрамы белгісіз шөпке жайылған малдан қандай таза өнім шықпақ? Ал біздің ұстанымымыз – тек қана сапалы табиғи өнім.
    “АЙС” ЖШС иелігінде 4,5 гектар жер телімі бар. Бұл жерде компания сиырларға арнап өздері шөп өсіреді. Жақында компания өзінің жем-шөп егістігіне арнап жаңа суландыру жүйесін іске қосты.

    АҚТӨБЕЛІК КӨКӨНІСТЕР СҰРАНЫСҚА ИЕ
    Ақтөбелік базарларға жыл он екі ай үздіксіз көкөніс тасымалдап тұрған “IZET GREEN HOUS” жылыжай кешені қазір қала тұрғындарын халық көп тұтынатын көкөністің түрі қиярмен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 1500 тоннаға дейін өнім шығаратын жылыжайда қиярдың «мева» атты сорты өсіріледі. «Izet Green House» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауымен 2010 жылы ашылып, желтоқсан айында өз жұмысын бастады. Ал 2011 жылы сәуір айында ақтөбеліктерге алғашқы өнімін ұсынды.
    Жылыжай кешенінің директоры Мәлік Құсайыновтың айтуынша, жылыжай алғашқы бес жыл бойы қызанақтың «алтес» деп аталатын голландиялық сортын өсірген. Одан кейін «каприция», «канна» сияқты басқа да сорттарын егіп, мол өнім алыпты.
    Біздің жылыжай кешенінің жалпы аумағы 3 гектар. Жылыжай барлық құрал-жабдықтармен, голландиялық жаңа технологиялармен қамтылған. Мұнда тыңайтқыш пен су, жарық автоматты түрде қажет мөлшерде беріліп отырады.
    Қазір жылыжай қиярдың «мева» деп аталатын голландиялық сор-тын өсіріп жатыр.
    Жылыжай кешенінің бас агрономы Ван Клинк Фредерикус Якобус Джозефтің айтуынша, бұл сорт — орташа деңгейлі жемісті, жылтыр, ақ ұнтақты, жақсы байланатын, қыс-күз айларындағы ауа райына төзімді, жоғары өнімді гибридті қияр түрі. Бұл сорт Голландиядан әкелінген. Сондай-ақ, ұзақ мерзімге сақтауға болады.
    — Бұл сорттан жақсы өнім алу үшін көкөніс өсірушілер уақытпен санаспай еңбек етулері керек. Ол үшін жылыжайда барлық жағдай жасалған. Дақылды күтіп-баптау үшін тәжірибелі мамандар да жеткілікті. Біз ғылым мен өндірісті тығыз ұштастыра отырып, тың биіктерді бағындыруға күш салып жатырмыз. Ақтөбеліктер ұзын қиярды ұнатпайды, кішкентай корнишондар сұранысқа ие, — дейді ол.
    Жылыжай кешенінің жоба құны — 1 238 000 000 теңге. Жылыжайда 50-ге жуық адам жұмыс жасайды. Олардың арасында агроном-ғалымдар, өнімді жинаушы, күтіп баптаушы, тағы басқа жұмысшылар бар.
    Нарығының 80 пайызын отандық өнімдер құрауы тиіс», — деген болатын. Бұл орайда бүгінде «Izet Green House» жылыжай кешені өңірімізде көкөніс шаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған ірі шаруашылықтардың бірі.

    Қазақстан-Нидерланд: екі ел арасындағы ынтымақ
    Нидерланд Қазақстан экономикасына қаржы құйып отырған ең ірі инвестор. Елімізге құйылып жатқан шетелдік инвестициялардың 30 пайызы осы елге тиесілі. Қазақстандағы басты голландиялық инвесторлардың ішінде «Royal Dutch Shell» компаниясымен қатар бірнеше голландық ірі мекемелер жұмыс жасайды. Жалпы Қазақстанда
    100-ден аса голландиялық кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылық саласында белсенді жұмыс жасап жатыр. Біздің фермерлер де шетелдік әріптестерінен қалыс қалып жатқан жоқ. Биыл қазақстандық фермерлер тобы Нидерландтың ауыл шаруашылық саласымен танысу үшін осы елге сапар шеккен болатын. Сапар барысында голландиялық фермалар, мемлекеттік құрылымдар, ауыл шаруашылық саласындағы өндірістік нысандар мен зерттеу орталықтарының қызметімен танысты. Осы сапар Қазақстан мен Нидерландтың ауыл шаруашылық саласындағы табысты екіжақты ынтымақтастығы аясында жасалған кезекті үлкен қадамға айналды.
    Бүгінгі күні Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жетіп отыр. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер жылыжай шаруашылығы мен сүт-тауар өндірісінде дәл осы голландиялық технологиялар мен шешімдерді пайдаланып жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “AKTOBE INVEST-2015” форумында 13 меморандумға қол қойылды
  • Көкөніс қоймасы ашылды
  • АҚТӨБЕ - ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ
  • Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты
  • Мерекелік жәрмеңкенің өнімдері өте арзанға сатылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге