Тазалық өзіңнен басталады

    Тазалық өзіңнен басталады

    Ақтөбе қаласында 24 қыркүйек пен 24 қараша аралығында сенбілік өтеді. Екі айлық күзгі сенбілік барысында қоқыс полигоны айналасында 100 мыңнан аса түп ағаш отырғызылады.

    Бұл туралы сенбілікке дайындық кеңесінде айтылды. Жиналысқа қала әкімі аппаратының жа-уапты қызметкерлері, қалалық мемлекеттік мекемелер мен жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты. Қала әкімі Ілияс Испанов сенбілікке қатысты жауапты тұлғалардың есебін тыңдап, екі айлықты өткізу туралы жоспарды бекітті. Сөйтіп, алғашқы күзгі сенбілік 24 қыркүйек күні өткізіледі деп шешілді.
    Қоқыс полигоны қатты тұрмыстық қалдықтарды тегін қабылдайды

    Екі айлық кезінде келесідей іс-шаралар жүзеге асуы тиіс:
    - қала және ауылдық округтердегі аумақтарда жиналып қалған қоқыстардан тазарту;
    - бей-берекет қоқыс үйінділерін жою;
    - кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлік өз нысандарын, сондай-ақ нысандарға іргелес жатқан аумақтарды тәртіпке келтіру қажет;
    - көп қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы массивіндегі аулалық және аула маңындағы аумақты тәртіпке келтіру қажет;

    Екі айлық кезінде қалалық қоқыс полигонына қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау ақысыз жүргізілетін болады. Қалалық әкімдік тегін тасымал үшін көлік беруге дайын. Сонымен қатар, жергілікті полиция қаланың абаттандыру мен санитарлық нормаларын бұзғандарды анықтау үшін рейдке шығып жүреді.

    - Екі айдың ішінде қаланы және ауылдық округтерді қоқыстан тазарту керек. Әсіресе, бұл ауыл әкімдеріне қатысты айтылған. Әйтпесе сол аймақтарда үйіліп қалған қоқыстар жиі кездеседі. Сондай олқылық ендігәрі қайталанбас үшін Нағымжан Алдияровқа (қала әкімінің орынбасары) тапсырма бердім. Бір күн жинасақ, екінші күні қайтадан қоқыс шашылып жатады. Бұндай енді қайталанбауы керек,- деді қала әкімі.

    Қоқыс жинауда тұрғындар атсалысу қажет
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Соған орай, қала әкімі сенбілікке барлық тұрғындардың қатысуын қалайды. Әсіресе, шағын және орта бизнес өкілі өздерінің меншіктеріне іргелес жатқан аймақты таза ұстауы тиіс. Сондай-ақ, әкім көп қабатты үйлер ауласы мен жеке тұрғын үйлер айналасына зор мән беруін сұрады.

    - Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жеке тұрғын массивтерін қадағалау керек. Сонымен қатар, тас жол төселмеген аймақтар да назардан тыс қалмауы қажет. Өйткені, жаңбырлы күндері сол аймақтарда балшық, ал құрғақ күндері шаң өте көп. Осы мәселелерді тез арада шешу қажет, - деп Ілияс Испанов тапсырма берді.

    Жол мәселесі шешілуде
    Қазіргі таңда Ақтөбе жол желісінің ұзындығы 647 шақырымды құрайды. Соның жартысы жөндеуді қажет етеді. Жалпы биыл жол жөндеуге қала бюджетінен 3 млрд. теңге бөлінді, соның 433 млн. теңгесі 2015 жылда басталған жұмыстарға бағытталған.

    Осылайша, қазір 24 көше жөнделіп жатыр. Олар: Маресьев, Тайбеков, М.Оспанов, Пацаев, Жанқожа батыр, Жаңа кооператив, Тайманов, Шернияз, Некрасов, Зинченко, Қалдаяқов, Сәтбаев, Шайкенов, Ломоносов, Кошевой, Ағ.Жұбановтар көшелері, Сәңкібай батыр, Ә.Молдағұлова даңғылы. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 23,8 шақырым құрайды.

    Жолдың тозуы соның бетіндегі көп судың жиналуы мен қатып қалуымен байланысты екенін бәрі біледі. Сондықтан, жол жөндеумен қатар суағарлар салу да қарастырылған. Тайбеков, М.Оспанов, Ғ.Жұбанова, 101 атқыштар бригадасы, Пожарский, Иманов пен Пацаев көшелерінде суағарлар жүйесі салынады деп жоспарланған.

    Алайда қалада мүлдем асфальт төселмеген жолдар қаншама. Мұндай сәтте тұрғындардың наразылығы орынды. Дегенмен, қалалық әкімдік 25 жыл бойы жөнделмеген жолдарды бір маусымның ішінде қалпына келтіре алмас. Бұған қаражат та, адам ресурсы да жеткіліксіз. Сондықтан, биыл жөнделмей қалған жолдарға ең болмағанда қиыршық тастар төселеді. Бұған қала әкімдігі 95 млн. теңге қаражат бөлді.

    Полигон айналасына кемінде 100 мың түп ағаш отырғызылады
    Қала экологиясы сын көтермейді. Бұл келеңсіз мәселені шешу үшін жасыл көшеттер мен ағаш егіледі. Ақтөбеде жасыл белдеу құру мақсатында көшеттер отырғызу жөнінде кешенді шаралар жоспарланған.

    - Қала полигоны айналасына 103 мың түп ағаш егеміз. Облыстық және қалалық бөлімдер кәсіпорындардың көмегімен 43 600 жасыл желек егеміз. Ол бойынша 38 сквер қала ішінен белгіленді. Алғашқы сенбіде тазалау жұмыстарын жүргізіп, келесі сенбіде жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, - деді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.

    Жолды қопарған соң бәрін қалпына келтіру керек
    Қала әкімі “Ақбұлақ” пен “Трансэнергоның” өкілдеріне тазалықты сақтау жөнінде ескертпе жасады. Себебі, қала тұрғындарынан аталған серіктестіктерге шағым жиі түседі. Солардың жөндеу жұмыстарынан кейін жол не дұрыс қалпына келтірілмейді, не мүлдем төселмей кетеді.
    - Сіз су құбырын тартқан соң жер бетінде шөп те өспей қалады. Халықтың пікірімен санасу керек. Су құбырын тарту бәріне қажет жұмыс екендігін түсінеміз. Бірақ жұмыс істеп жатқанда сол жердің тұрғыны ретінде сезініңіз. Егер сіздің үйіңіздің алдында құбыр өткізіп, бәрін ашық-шашық күйінде қалдырса, қалай болады? Халық наразылық танытып жатқанда жылдамырақ қозғалыңыз. Міне, сонда тәртіп те, сіздің мекемеңізге деген құрмет те болады, - деп қала әкімі “Ақбұлақ” АҚ президенті Асан Ыбраевқа айтты. Осындай өтініш “Трансэнергоның” өкіліне де жасалды.

    P.S. “Сенбілік дегеніміз – қоғам игілігі үшін демалыс күндері өз еркімен жұмыс істеу. 1919 жылдары азамат соғысы мен әскери интервенция кезінде теміржолдың жұмысын жақсарту үшін В.И.Ленин халықты еңбек етуге шақырған. Содан бері сенбіліктер пайда болды. Кеңес уақытында сенбіліктерге шықпаған адамдар сыналып, оларға тіпті әкімшілік жаза да қолданылған. Сенбіліктің айрықша белгісі – қысқа уақыттың ішінде белгілі бір мақсатты шешу (қоқысты жинау, жолды тазалау, бақша егу, балалар алаңын салу және т.с.с.).
    Қазіргі таңда сенбілік деген ұғым тек Кеңес Одағы құрамында болған елдерде сақталған. Мәселен, Өзбекстан мен Белоруссияда жалпы мемлекеттік сенбіліктер өткізіледі”.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Ақтөбенің тас жолдары бойында су ағарлар салынады
  • Ақтөбеде сапасыз салынған 9 жол қайтадан жөнделіп жатыр
  • АҚТӨБЕДЕ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • Қала күл-қоқыстан тазартыла бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге