АҚТӨБЕДЕ ЕКПЕДЕН БАС ТАРТАТЫН АТА-АНА КӨП

    Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. Адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. “Керек.info” оқырмандары да осы салаға жиі сұрақтар жолдайды. Редакцияның бүгінгі санында оқырмандардың сұрақтарына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап береді.

    Заречный-1 поселкесіне поликлиника салды. Бірақ, оның аты ғана поликлиника. Үлкен жерге қуықтай етіп, үш бөлмелі жертөле салып берді. Бұл үш бөлмеде терапевт, педиатр және гинеколог отырады. Бұл жерде тіпті сараптама да тапсыра алмаймыз. Ахтанов көшесіндегі №2 поликлиникаға бару үшін осы үш бөлмелі жеркепеге келіп, жолдама аламыз. Адамдарды бұлай әуре-сарсаңға салмай, осы үш дәрігерді №2 поликлиникаға отырғыза салса болмайтын ба еді? Немесе Заречный тұрғындарына арнап үлкен заманауи поликлиника салынса болмай ма?
    Заречный-1 поселкесіндегі нысан ауысымына 30 рет кіруге есептелген. 2009 жылдың 16 қыркүйегінде Заречный-1 поселкесінде пайдалануға берілді.
    Сан-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша Заречный п. дәрігерлік амбулатория денсаулық сақтау нысандарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді. Барлық саны жеті дәрігер бар. Олардың 3-уі аймақтық терапевт. 3-уі педиатр дәрігерлері, 1-уі акушер-гинеколог. 114 адам қабылданады. Барлық кабинеттер саны – 9, бес кабинетте кесте бойынша дәрігерлер қабылдайды. Алдын-ала егу және ем-шара кабинеттері бар, фильтр, дәрігерлік амбулаториясының және аға медбикесінің кабинеттері бар.
    Заң бойынша дәрігерлік амбулаторияның құрамында 20 кабинет болуы тиіс.
    Биохимиялық сараптамаға қан алу және жалпы қан анализі “Заречный-1” дәрігерлік амбулаториясының ем-шара кабинетінде тікелей жүргізіледі. Үлкен дәрет анализі тікелей “№2 Қалалық емханасында” жүргізіледі.

    Мен Германияның азаматымын. Қазақстанда бес жылдан бері тұрамын. №3 қалалық поликлиникада есепте тұр едім, бірақ мені ол жақтан есептен алып тастаған. Салық төлеймін, әлеуметтік аударымдардың барлығы бар. Маған неге медициналық көмек көрсетілмейді?
    ҚР-ның “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 34-бабының 1-тармағына сай, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
    Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, елде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

    Ақтөбе облысында 14 жасқа дейінгі балалар арасында зоб ауруы көбейген. Бұл туралы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіннің профессорлары дабыл қағып жатыр. Бұл проблеманы шешу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
    Ия, шынымен де, Ақтобе облысында диффузды зоб ауруының балалар мен жас өспірімдер арасында көбейюі байқалады. 2016 жылдың тоғыз айы ішінде 183 бала мектептегі медициналық тексерулер кезінде есепке алынған болатын. Емдеу-алдын алу мекемелерінде балалар эндокринологі бар, олар 4 жəне 6 сыныптар арасында медициналық тексеру жүргізеді. Дерттемесі анықталған балалар эндокринологпен есепке алынып, 3 айда 1 рет қаралады жəне ақысыз түрде олар қалқанша бездің ультрадыбысты зерттеуін жүргізіп, гормондар анализін анықтайды. Сонымен қатар дəрігерлер халық арасында диффузды зобты анықтау, емдеу және алдын алу бойынша санитарлық тану жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Мекен-жайымыз бойынша тіркелген мемлекеттік поликлиникаға қаралуға барсақ, ол жақтағылар УЗИ, Флюоргорафияға түсу үшін ақылы клиникаларға жолдама береді. Неге? Мемлекеттік поликлиникаларда мұндай аппараттар жоқ па? Әсия, қала тұрғыны.
    Қалалық емханаларда тіркелген тұрғындар флюрография мен УЗИге тегін түседі. Мұндай қызмет ақылы емес. Ал егер де науқас өз еркімен ақылы клиникаларға барғысы келсе, олардың өз еркі.

    Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында болған зорланған дәрігер туралы хабарыңыз бар ма? Ауыл тұрғындары ол дәрігердің қайтыс болғанын айтып жатыр. Сіз қандай мәлімет бере аласыз? “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен барған жас мамандардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? Жас мамандарды қалай қадағалап отырасыздар?
    Болған оқиға туралы хабарымыз бар. Әйтеке би ауданының Жабасақ елді мекеніндегі медицина қызметкері орын алған оқиғадан кейін Әйтеке би аудандық ауруханасында ем алып, содан кейін санитарлық автокөлікпен Жедел жәрдем медициналық көмек ауруханасына жеткізілген. Зәбірленушіге ауруханада дәрігерлік консилиум ұйымдастырылып, тиісті медициналық көмектер көрсетілген. Қазіргі күнде қажетті емдік шараларын алуда, дәрігерлік бақылауда.
    Мен Астана қаласында оқитын студентпін. Жасым 17-де. Негізгі тұрғылықты мекен-жайым Ақтөбе қаласы, Гоголь көшесі. Ақтөбе қаласы ГМЗ ауданы Гастелло көшесінде орналасқан поликлиникаға денсаулық жағдайыма байланысты қаралуға бардым. Учаскелік дәрігер маған Астана қаласында оқитыныма байланысты мені қарамайтындығын және жеке клиникаға баруыма тиісті екенімді айтты. Осыны түсіндіріп бересіз бе?
    Жоспарлы медициналық көмек тұрғындарды тіркеу регистрі бойынша тұрғылықты жеріндегі емханада көрсетіледі. Сіз тұрғындарды тіркеу регистрі бойынша Астана қаласында тіркелген болсаңыз, сол жақта қаралуыңыз керек. Демек емхана қызметкерлерінің әрекеті заңды.
    Сіз жоспарлы медициналық көмекті тек Астана қалалық емханасында ала аласыз. Ал, шұғыл жағдай туындағанда кез – келген емдеу мекемесінен жедел медициналық көмекті тегін алуға құқығыңыз бар.
    Сізге берілген жауабы қанағаттандырмаған жағдайда, Заңда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға Сіздің құқығыңыз бар.

    Биыл жаз мезгілінде ақтөбелік гей жігіттердің СПИД жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Жыныстық ориентациясы басқа тұрғындар есепке алына ма және оларға медициналық тексерулер жүргізіле ме? Майра, қала тұрғыны.
    Облыстық СПИД орталығы ауру жұқтыруға бейім халықтың осал топтарының, атап айтқанда жыныстық ориентациясы басқа адамдар (ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер) арасында алдын алу шаралары жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни СПИД сұрақтары бойынша кеңес беру, вирусқа ерікті және жасырын түрде тексеру жүйелі түрде жасалып жатыр. Жыныстық ориентациясы басқа адамдардың көбіне жасырын түрде қаралуы себепті оларды аты-жөнімен есепке алу жүргізілмейді. Басқа да адамдар секілді олар СПИД анықталған жағдайда ғана есепке алынып, қажетті ем тағайындалады.

    Кішкентай сәбилеріне екпе салдырмайтын ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізіледі? Екпе алмаған балалары қандай да бір ауруға ұшыраса, айналасындағы басқа балаларға зияны тимей ме? Олар екпе салдырмауды немен түсіндіреді?
    Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекен жайында тұратын жеке тұлғалар тегін кепілді медициналық көмек шеңберінде алдын алу екпелер алуға тиісті. Бірақ, біздің облысымызда екпеден бас тартатын ата-аналар саны көбеюде.
    Осы ата-аналарға медициналық қызметкерлер тарапынан бірден-бір әсер ету шарасы санитарлық – түсіндіру жұмыстарын өткізу болып табылады. Осы орайда медициналық қызметкерлер басқа мекемелермен бірігіп, осы тақырыпта семинарлар, жиналыстар, конференциялар өткізуде. Сонымен қатар бұл мәселе бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы да кеңінен түсіндіруде. Әр емдеу-алдын алу мекемесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес екпеден бас тартқан отбасылармен санитарлық – түсіндіру жұмысын жүргізуге арналған комиссия құрылған.

    Күн салқындап келеді. Тұмау маусымы басталатын уақыт та жақын. Былтыр 23 адам доңыз тұмауына шалдықты деген ақпарат тарады. Биыл ондай тұмаудың алдын-алу шаралары жасала ма? Кімдер тегін вакцина алуға құқылы?
    Жылсайын тұмау мен жіті респираторлық вирусты инфекцияларына қарсы жұмыстар жоспар бойынша жүргізіледі. Тұмаудын алдын - алу шараларының ішінде маңыздысы -тұмауға қарсы екпе жүргізу. 2016-2017 жылғы эпидмаусымда Ақтөбе облысы бойынша 32 977 адам тегін екпе алады. Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынды. Ақтөбе облысы бойынша екпе ағымдағы жылдың 3 қазаннан бастап 15 қарашаға дейінгі кезеңде жүргізіледі.
    Тұмауға қарсы тегін екпені мемлекеттік мекемелеріндегі медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарындағы диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және көп ауыратын балалар, балалар, сәбилер үйлеріндегі балалар, қарттар үйіндегі контингентері және мүгедектер, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша халыққа беріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Онкологиялық науқастарға кәріс дәрігерлері көмектеспек
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Вакцина салу кезінде ата-ананың рұқсаты керек
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге