Ақтөбедегі базар төтенше жағдайға дайын

    Ақтөбедегі базар  төтенше жағдайға дайын

    Ақтөбе облысында Бас Прокурор Жақып Асанов бастаған 200 адамнан тұратын топ жеті бағыт бойынша жұмыс жасап жатыр. Терроризмге қарсы дайындық деп аталатын алтыншы бағыт бойынша Ақтөбе өңірін аралап жүрген жұмыс тобы бірнеше аудандарға барған. Террорлық іс-қимылға қарсы қалай әрекеттену керектігін түсіндіріп жүрген алтыншы бағыттың маманы ақтөбелік базардың төтенше жағдайға дайындығын тексерді.

    ҚР Төтенше жағдай комитетінің өкілі, терроризмге қарсы дайындық тобының маманы Кенже Салықовтың айтуынша, адам көп жиналатын кейбір нысандарда өрт қауіпсіздігі сақталмаған.
    - Біздің топ Темір, Хромтау аудандарында болды. Енді Ақтөбе қаласына келіп жатырмыз.Біздің атқаратын негізгі жұмысымыз – жаппай адам жиналатын әрбір нысанды толық бақылаудан өткізу. Нысандардың төтенше жағдайларға қандай дайындығы бар, осы нысандардың басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарғандарын қарап, маман ретінде өз ақыл-кеңесімізді беріп жүрміз. Менің негізгі салам – өрт қауіпсіздігіне дайындықты тексеру. Әсіресе, террористік қатерге осал нысандарда өрт қауіпсіздігі қалай сақталғаны туралы тексеріп жүрміз. Мұндай нысандарда аяғына дейін жасалмаған жұмыстар, олқылықтар бар. Нақты айтатын болсақ, адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт қауіпсіздігі сақталмаған жерлер бар. Ереже бойынша, көпшілік жүретін жерлерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бейнекамера, дабыл құрылғылары, ал нысандарда кіреберіске орналастырылатын тексергіш турникеттер болуы шарт. Біз бас сұққан нысандарда осындай құрылғы-жабдықтар болмағандары да болды, әрине. Оларға өз ұсыныстарымызды, кеңестерімізді айттық,- деді Кенже Салықов.
    Ақтөбе облысындағы мұндай нысандардың төтенше жағдайларға дайын еместігін Кенже Салықов қаржы жетіспеушілігімен түсіндірді.

    Ақтөбе қаласындағы “Арай” сауда үйінің өрт қауіпсіздігін тексерген жұмыс тобы бұл нысанның дайындығына оң баға берді.
    - Бұл сауда орынында адам көп жиналады. Сондықтан, қандай-да бір төтенше жағдай туа қалса, адамдарды эвакуациялау жағы жақсы қарастырылған. Тек бір ғана ескерте кететін нәрсе, өрт бола қалған жағдайда адамдарға есіктің қайда екендігін көрсететін баннер-тақтайшалар ілінбеген. Кенеттен өрт болып, адамдар паникаға түскен кезде, тап алдында шығатын есіктің қайда екенін көрсететін баннердің болғаны дұрыс. Бұл туралы ұсыныс хат береміз, басшылық осы мәселені жоятын болады,- деді топ мүшесі Кенже Салықов.
    Сондай-ақ, Кенже Салықов базардың техникалық қызметшілерімен кездесіп, оларға қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.
    - Біз бүгін еден жуушылар, сантехниктер, күзетшілермен кездесіп, оларға дәріс оқыдық. Мәселен, қандай да бір күдікті пакет, сөмке тауып алса немесе базар ішінде күдікті адамды көріп қалса қандай шара қолдану керектігі жөнінде нұсқаулықтар таратылды,- дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бас Прокурор: “Комиссияны қонақ қылған да, қонақ болған да жазаланады”
  • Намаз оқитын оқушылар есепке алына ма?
  • Суға шомылу маусымы басталды
  • Ақтөбе төтенше жағдайға дайын
  • «Кенже» фильмі прокатқа шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге