Облыста пайдаланылмай жатқан 379 мың гектар жер бар

    Ақтөбе облысында қолданусыз, бос жатқан 378,7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер анықталды. Бұл жөнінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиын барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Таяуда Бердібек Сапарбаев пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық және коммерциялық жерлерді қайтару мәселелеріне арналған жиын өткізді. Отырыс кезінде өңірде жыл басынан бері ауыл шаруашылық мақсатта қолданылмай отырған 378,7 мың гектар жердің анықталғаны туралы айтылды. Тексеру кезінде 216 адамға заңсыздықты жойып, жерді 1 жыл көлемінде кәдеге асыруға тапсырма берілген. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы Әбдухат Мырзалиннің сөзінше, биыл пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде 16 шағым сотқа жолданған. Оның тоғызы қанағаттандырылды, бес іс әлі қаралып жатыр.Жалпы күні бүгінге дейін аумағы 21,1 мың гектар болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Коммерциялық мақсатта қолданылмай отырған жер иелеріне қатысты да шара қолданылуда. Заңсыздықты жою жөнінде 120 субъектіге ұйғарым берілген.Олар кәдеге асырмай отырған жер учаскелеріне жалға беруге және сатуға тыйым салынды. Бердібек Сапарбаев пайдаланылмай жатқан жерді анықтау мен қайтару бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі топтың жұмысын күшейтіп, оның құрамына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қосуды тапсырды.

    Сондай-ақ, отырыста орман шаруашылығын дамыту мәселелері де талқыланды. Билік 2020 жылға дейін балық өндірісінің көлемін 2,5 есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін облыстағы 10 су қоймасы көл-тауар балық өсіру шаруашылығына бекітілді. Оның біреуі Мұғалжар ауданында болса, қалғандары Алға, Қобда мен Мәртөк аудандарында орналасқан. Алдағы жылдары 10 балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру жоспарда бар. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, табиғи су қоймаларында балық өнімділігі гектарына 20 келіні құрайды. Ал көл-тауар балық өсіру шаруашылығы мен балық өсіру шаруашылығында бұл көрсеткіш 500 келіге дейін жетуі мүмкін.

    -Балық - қосымша табыс көзі, әсіресе, су қоры жеткілікті Ырғыз бен Қарғалы аудандары үшін пайдалы. Сол себепті қолда бар ресурсты барынша тиімді пайдалану керек,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Қазір облыста балық шаруашылығын жүргізуге қолайлы 74 су қоймасы бар. Бүгінгі таңда оның елуі табиғатты пайдаланушыларға бекітілген, ал қалған су қоймаларын бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкім тапсырмасын орындамаған басшылар сынға ұшырады
  • Тегін берген жерді алмай жүргендер көп
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • Су қоймаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр
  • Скандинавия елдері Ақтөбе облысына инвестиция құймақ
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге