Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

    Әлеуметтік  қызметкерлер марапатталды

    Ақтөбе қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    4 қарашада қала әкімдігі ғимаратында Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келген әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Елбасының 2011 жылдың 20 қазандағы Жарлығына сәйкес әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің жұмыстары тікелей азаматтарды қолдау және оларға көмек көрсетумен байланыс-ты болғандықтан, қоғамымызға қажырлы еңбектерінің үлесі зор. Сондай атаулы күні қала әкімінің Алғыс хатымен және ақшалай сыйлығымен 19 әлеуметтік сала қызметкерлері, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Құбайдолла Бітіковтің Алғыс хатымен 4 әлеуметтік сала қызметкері және “ҚР мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” АОФ-ның төрағасы Амантай Бимұратовтың Алғыс хатымен әлеуметтік саланың 7 қызметкері марапатталды.

    “Әлеуметтік көмек орталығы” КММ директорының орынбасары Назия Шаяхметова:
    -Біздің жұмысқа тек жүрегінде мейірімділігі басым адамдар тартылады. Кезкелген адам әлеуметтік қызметкер бола алмайды. Бұл өте көп еңбекті талап ететін жұмыс. Балабақшаға, мектепке бармайтын мүгедек балалармен жұмыс істейді. Олар балаларды бағады, көшеде серуендейді, емханаларға, түрлі шараларға апарады.
    Сонымен қатар, жалғызбасты қарттармен және мүгедек ересек адамдармен жұмыс істейді.
    Әлеуметтік қызметке медициналық және педагогикалық білімі барларды таңдаймыз. Олар көмекке зәру жандарды өздеріне тартып, көңілінен шыға білуі керек.
    Біз жыл сайын ең үздік әлеуметтік қызметкерлерді анықтау үшін байқау өткізіп тұрамыз.

    “Қарттар бір адамға бауыр басып қалады”
    Осылай деген “Әлеуметтік көмек орталығы” КММ кадрлар бөлімінің иснпекторы Айгүл Кенжебаева бұл саланың қызметкерлерінің жұмысы оңай еместігін атап өтті.
    -Бізде әр бөлімде меңгеруші мен кеңесші бар. Келіспеушілік көп бола бермейді, себебі көбісі бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүргендер. Біз өзіміз көмектесетін адамдардың мінез-құлқын жақсы білеміз. Олар бір әлеуметтік қызметкерге әбден бауыр басып қалады. Ал жұмыста кей қызметкерлер зейнетке кетеді, кейбіреулері жұмыстан шығып кетеді.
    Біздің қызметкерлер өздеріне бекітілген адамдардың үйін жинап, азық-түліктерін әкеліп береді, әңгімелеседі. Кез келген әлеуметтік қызметкер психолог болуы керек. Бір қызметкерге ересек адамдар бөлімінде 8-10 адамға дейін бекітілген. Ал балалармен жұмыс жасау, тіпті бөлек. Ол кезде қарапайым нәрселердің бәрін, гигиенадан бастап бәрін үйретуің керек. Қиын болғандықтан 4-6 баладан ғана бекітіледі. Ол балалардың аналары, әрине мүгедек баланың күтімі үшін жәрдемақы алады. Бірақ олардың да барып-келетін жерлері болады. Осындай кезде әлеуметтік қызметкердің көмегіне жүгінеді. Жалпы, әлеуметтік қызметкерлер адам өміріне қажет кәсіп. Біз жалғызбасты қарттарға, 1,2 топтағы мүгедектерге, жекелеген оңалту бағдарламасы бойынша балаларға да арнайы қызмет көрсетеміз. Қазір біздің орталықта 129 адам жұмыс істейді, оның 101-і әлеуметтік қызметкерлер. Олардың 70-і 1,2 топтағы мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға күтім жасаса, 31 адам мүгедек балалардың үйіне барып көмектеседі. 7 ересектерге және 2 балаларға арналған бөлімдер бар.

    Әлеуметтік қызметкердің жұмысы оңай емес, олар әр адамның көңілін таба білулері керек. Әсіресе қариялар көп нәрсені ұната бермейді, бәрімен тіл табысып кету кез келгеннің қолынан келе бермейді, - Айгүл Кенжебаева.

    3200 адамға қызмет көрсетілген
    -14 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Біз алдымен бұл адамдарға қандай көмек керек екенін анықтап аламыз. Кейбіреулеріне толық медициналық қызмет керек болады, ал кейбіріне психологиялық көмек қажет. Бізде психолог мамандар да бар. Заңгерлер де бар. Олар заң тұрғысынан қызмет көрсетіп, интернат үйіне құжаттарын рәсімдейді. Зейнетақыларын, жәрдемақы рәсімдеуге көмектесетін экономикалық қызмет көрсету түрлері де бар. Әлеуметтік-мәдени қызмет түрлері сол адамдардың өздері қатысатын мерекелік шаралар ұйымдастыруға көмектеседі. Бізге құжатсыз келетін азаматтар да бар. Соларды жұмысқа орналастырумен айналысатын қызмет түрлерін де көрсетеміз. Олар әлеуметтік бейімдеу орталығында бір жылдай болады. Ол жақта 65 орындық керует бар. Әрбір келген адаммен келісімшартқа отырып, қандай көмек керек екенін анықтаймыз. Егер ол адамның құжаттары түгел болса, тек жұмыс табуына көмектесеміз. Бұл үшін ең аз дегенде үш ай уақыт кетеді. Биржа арқылы жұмысқа орналастырамыз немесе бір салаға қайта оқытамыз. Бұрын 65 орын жетпейтін еді. Қазір түнгі бөлімше ашылғаннан бері мұндай жетіспеушіліктер жоқ. Түнгі бөлімге келгендерге тамақ берілмейді, тек жуынып, ертеңгісін кетіп қалады. Бұл білім Кобозев 10 көшесінде орналасқан, - дейді қызметі үшін марапатталған Райса Дармышева.

    Маманның айтуынша, түнде қонып шығатындарға 20 орын бар. Жазасын өтеп шыққандар да солай жұмысқа орналаса алмағасын сонда барады. Оларға екі ай күтім жасалып, жұмысқа орналасуға және баспана тапқанша көмек көрсетіледі. Көмек сұрап келушілерге бірден бұл жерде уақытша болатындығын ескертілетіндігін де айтып өтті маман. Құжат, мүгедектік пен зейнетақыны қажет ететіндер үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Әлеуметтік қызметкердің телефоны 21-59-77.
    -Бұрын бізге 100 адам түсетін, қазір 200 адам келеді. Ал жыл бойына 3200 адамға бейімделуден өтуге көмектестік. Көбісі қайтадан түсіп жатады. Олардың баратын жерлері де жоқ. Алқаштар да біздің клиенттеріміз, кейін олар сот арқылы мәжбүрлі түрде ем алады.
    Көшеден изоляторға түседі. Олар барлық медициналық бақылаудан өтпейінше жоғары қабатқа көтерілмейді. Ал екінші қабатта арнайы палаталар бар. сонда орналасады. Егер қандай да бір сырқаттары болса, стационарға жіберіледі. Бізден өткен 3000 адамның арасында жұмыс істегісі келмейтіндер де бар. Қаңғыбастыққа үйреніп қалады, - дейді Райса Дармышева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайып келеді
  • Мадияр Қабыл қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Мүгедек балалар көрмесі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге