Облыста тұмауға қарсы вакциналау жүріп жатыр. Мамандар тұмауға қарсы егуді қарашаның 15-іне дейін жалғастырмақ.
Денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша халықтың 10 пайызына тұмауға қарсы екпе жасау қажет деп саналады. Бұл Ақтөбе өңірі бойынша 82 230 адам. Қазір облыс халқының 74 пайызы, яғни 60720 тұрғын тұмауға қарсы егілген. Егу жұмыстары әлі де жалғасады. Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ардақ Орынованың айтуынша, биыл Ресей елінен шыққан вакцина қолданылып жатыр. Егу үшін облыс бюджетінен 29 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға ақысыз берілетін 32977 вакцина алынған. Айта кеткен жөн, тұмауға қарсы екпені ақылы түрде алуға болады. Ақылы егу емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, Ақтөбе облысында былтыр 39 тұмау дерті зертханалық жолмен расталған.